Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЖАҢАША БАҒЫТПЕН


ЖАҢАША БАҒЫТПЕН

ЖАҢАША БАҒЫТПЕН

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатылап жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияда басты міндет – оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Жаңа технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Жаңа технологиялармен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
• Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
• Оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
• Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
Оқулықтардың мазмұнын зерттеп, талдау;
• Пәндік білім стандартымен жете танысу;
• Оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Жаңа технологияның педагогикалық негізгі қағидалары
• Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
• Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
• Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
• Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
• Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
• Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
• Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
• Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар – оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтарда көруге болады. Мұндай жағдайда оқытушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалай шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Бастауыш кластардағы пәндерді ойын әдісімен өту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:
• Оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тілдік қатынасқа тез түсіп, бір-бірімен қарым-қатынасы артып, ұнамдық қасиеттері дамиды;
• Оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігерімен оқиды;
• Оқушылардың арасында жарыс, бәсекелестік пайда болады;
• Оқушының жеке тұлғалық қасиеттері пайда болады;
• Оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады.
Ойын – күрделі философиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Грек ойшылы Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады. Оның пікірінше, ойын – әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс. 
 
Қазіргі күнде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:
1) Ойын – мәңгілікке ұштасатын құбылыс.  (Платон)
2) Ойын – артық күштен арылу жолы.    (Ж.Шиллер)
3) Ойын  балаларды ересек өмірге дайындайды.    (К.Гросс)
С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н. Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше, ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.
Психологиялық тұрғыдан ойын:
a) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады;
ә)   Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б)   Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в)   Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Өзімнің педагогикалық іс-тәжірибемде ойынды әдіс деп қарастырамын. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде практиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткім келеді. 
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады. 
 
Менің сабақ берудегі негізгі мақсатым – әр оқушыны топқа бөліп, әрқайсысының өз мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, білімдерін көрсетуге толық мүмкіндік беру. Сабақта қолданылған оқытудың жаңа технологияларын оқушылардың білім сапасын арттыруға, пәнге деген қызығушылығын, сонымен бірге әр жеткіншектің іскерлігін, іздемпаздығын, байқау қабілетін жетілдіруге баулиды.
Оқу үрдісінде шығармашылық көңіл-күй туғызатын мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сыйластыққа негізделген ізгілікті қарым-қатынас орнатуға тырысамын. Сондықтан оқушыға қысым көрсетпей, оларға деңгейлік тапсырмаларды таңдауына мүмкіндік беремін.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Оқыту тиімділігі – озық технологияларда
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Білім сапасын арттыру жолдары
Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту
Мұғалімнің құзыреттілігін арттыруда жаңа технологияларды қолдану
Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында пайдалану тиімділігі және табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2409 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык