Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақпараттық - коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын, пәндеріндегі тапсырмалар


Ақпараттық - коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын, пәндеріндегі тапсырмалар

Ақпараттық - коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын пәндеріндегі тапсырмалар

Қазіргі мектеп мұғалімдері педагогика ғылымындағы жетістіктерді игере отырып, оны мектеп жағдайында қолдану бағытындағы алуан ізденістердің үлгісін көрсетіп отыр. Алдарыңыздағы құрал осы ізденістердің бір көрінісі.
   Бүгінгі күні баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыруға бағытталған әр түрлі әдістер, бағдарламалар, технологиялар мектеп практикасына енуде.
  Бүгінгі таңдағы барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет: Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін әр сала қызметкерлері барынша ат салысып, өз үлестерін қосуы. Бұл тұрғыдан білім беру салаларына да қойылып отырған тапсырма жауапкершілікті талап етеді. Жаңа ақпараттық технологияны оқу процесінде пайдалану, мектептерінің білім сапасының деңгейін көтеруі сөзсіз.
  Педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы шәкіртті жарасымды әрі жан-жақты тұлға етіп дамыту үшін бастауыш сыныптарда оқыту процесін барынша тиімді әрі қонымды етіп ұйымдастыру көзделеді: білімді ең жеңіл әдіс-тәсілдермен меңгерте білу керек.
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы - өмір талабы.
   Қазіргі кезде интерактивті тақталарды оқу үдірісінде қолдану қолға алына бастады. Бұл бастауыш білім беруді жетілдірудің, оның ішінде математикалық білім, дағдыны жетілдірудің келешегі. 
   Қызығушылықты оятуда құрастырылған әдістемелік бастауыш сыныптардағы әріптестеріме көмегін көрсететді деп ойлаймын.
   Шығармашылық көзқарас, жаңаша жұмыс істеу – оқушының шығармашылық қабілеттерін, дарындылығын арттыруға өз үлесін қосады.
   Құралымның негізгі мақсаты: жас мамандарға іс-тәжірбиемді тарату және мұғалімнің басты мақсаты – терең де тиянақты білім беру, сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау қажеттілігін көрсету.
Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев бірнеше жыл бұрын «Бастауыш мектеп – тәрбиенің қайнары» деген. Өзімнің алдыма қойылған мақсатым – оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу арқылы оқуға деген қызығушылықтарын, ойлау қабілеттеріне, еркін дамуына жол ашу.
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Адамгершілік сабақтары» –Б.Қ.Игенбаева
2. «Бастауыш мектеп» журналы -№2 №6 №8—1996ж
3. «Сынып жетекшісі» журналы  №2-2004
4.«Ұстаздан ұлағат» кітабы. С.А.Назарбаева
5.«Ата-аналарға арналған кітабы...» А.С.Макаренко
              6. Бастауыш мектеп. - 1989. - № 8.-14-17 бет
              7. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
                8. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
9. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991. 20 бет. 
             10. Жұмабаев М. Педагогика Алматы, Рауан, 1993, 154 б. 
              11 Қайырбекова А. Қазақ тілі. 1 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003. 
              12. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 2 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003. 
              13. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 3 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003. 
              14. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 4 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003. 
 
Мазмүны
1.Алғы сөз
     2.Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш     буын пәндеріндегі тапсырмалар
3.Сабақ үлгілері
4.Ата-аналар жиналысы
5.Қосымша тапсырмалар
6. Білім сапасының диаграммасы
7.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
 
Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын пәндеріндегі тапсырмалар
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі   бір көлемдегі білім дағдыларды меңгертумен бірге, табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып,  оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Математиканы бастауыш сыныпта оқытуда мынадай іс-әрекеттер туады:
- математика тілін меңгеру;
- математикалық  түсінікті меңгеру;
- математикалық білік, дағдыларды меңгеру;
- математикалық  жалпы интеллектуадық біліктілігін меңгеру;
- оқу еңбегіне қатысты білік пен дағдысын меңгеру, - деп есептейді  И.Ф.Тесленко.
       Математиканы оқытудағы білім берудің негізгі міндеті -  жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы оқушылардың білімді игеруін және сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.
       Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің    әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ, оқушылардың қызығушылығын оятатын, арттыратын сабақ деп айтуға болатын сабақ.
        Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.
         Жаңа технологияны сабақ үрдісінде қолдану үшін  әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың  жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.
           Математиканы оқытудағы төменгі сыныптар оқушыларының  қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында бірнеше жұмыс жасау керек, сонымен  бірге қазіргі кезде жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер, жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.
              Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі түсті жұмыстар жүргіземін. Солардың бірі: оқушыны деңгейге бөліп оқыту. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік  тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі.Оқушының алған білімін   жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен  жұмысты орындауға, бейімділігі  бақылауға алынады. Оқушының белсенділігі мен  іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.Деңгейлеп  оқыту барысында біліктілікке  жетеді. Оқушы өз қабілетіне қарап есеп  шығарып, оның оңай жолын қарастырады, есепті өз бетімен құрастырып,  схемалық есеп   шығарады, тестік жұмыстар арқылы білім деңгейлері тексеріледі.
Шығармашылық дамыту мақсатында логикалық есептер, кроссвордтар,  ребустар шешу сияқты тапсырмалар беріледі. Соның нәтижесінде  шығармашылықпен жұмыс жасайтын жоғары деңгейдегі  және екінші деңгейдегі оқушылар саны көбейе түседі.
        Қазіргі жаңа оқулықтардағы тапсырмалар да осы технологияға негізделіп берілген.
        Математика пәніне осы технологияны қолданып жүрмін. Мұндағы мақсатым: өз бетімен дами алатын, білімді оқушыны тәрбиелеу.Жаңа технологияны сабақ үрдісінде жүзеге асыру үшін көп ізденіс қажет. Мұғалім өз шеберлігіне   байланысты оқушылардың жас ерекшелігін  ескере отырып деңгейлік  тапсырмаларды таңдап алады. Оқушының қабілетін байқау оны ары қарай дамытуға көмегін тиеді. Әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды түрлендіру барысында ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп, ізденеді, дамиды.
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі бастауыш мектептің негізгі міндеті жеке тұлғаны жан-жақты дамытып,   білімге деген сенімін нығайту, іскерлігін,  дүниетанымын қалыптастыру, оқуға қызығушылығын оятып ынтасын арттыру болып табылады.
      Бала ақыл-ойының дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты.
      Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар  құрастыру, есептер шығару – баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.
     Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгілі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Басты мақсат: жас ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын, ұлттық өнерін,  дәстүрлерін меңгерте отырып, оларды оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мінез-құлық, қадір-қасиетін қалыптастыру.Математика сабақтарында дидактикалық ойындар қолдану, оқушыларды табандылыққа, тапқырлыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. Еліміз үшін  жас ұрпақтың өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айырықша маңызды.Мысал ретінде, математика сабағында мақал-мәтелдерді пайдалану өте тиімді және де балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятады.
                       Көп сөйлейді залым би, аз сөйлейді әділ би.
                       Қорқақтың қолы қысқа.
                       Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір.
      Мұндай мақал-мәтелдер: «көп», «аз», «тар», «ұзын», «қысқа» тағы басқа математикалық ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі.
Халықтық математика – біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ертегі, сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады.
   Ертегілер сюжеті бойынша берілген есептер балаларға ұнайды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Ертегі кейіпкерлеріне көмектесіп, проблеманы шешкісі келеді. Қызықты математика сағатына математикалық ертеңгіліктерге ертегілерді көп пайдаланамын.  Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыруға қолайлы.  Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін. Ойынды  сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.
       Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. 
      Ойындарды ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді. Оқушылардың ой-өрісін ойын арқылы дамытамыз.
       Осы аталып  өткен жұмыстар арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйреніп, ойлау қабілеті дамып, өздігінен қорытынды жасай алатын болады. Сабақ үстінде жүргізілген жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәнді ойын түрлері оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Әр сабақта осы жұмыс түрлерімен қолданып, оны қызықты ету жас бүлдіршіндердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп,жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар,сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын.
           Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты.
           Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай.
1.Олар  оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2.Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.
      Оқытудың мәңгілік сауалы: “нені оқыту,қалай оқыту”күн өткен сайын күрделеніп келеді.Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді,технология дамып,ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты.Ендеше “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” мәселесін өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы тиіс:
-озық тәжірибелерді,түрлі педагогикалық әдістерді,жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
-өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;
-оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап,қорытындылауына жол ашу;
       Білім берудің мақсаты,оның ұйымдастырушылық құрылымы,технологиялық жағынан жабдықталуы,оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:мақсат  ––––  мазмұн ––– форма –––– әдіс –––  оқыту көрнкілігі болса,бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрену –––– меңгеру ––– өмірге ендіру ––– дамыту болып өзгеріп отыр.
        “Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік  білім беру стандарты жауап берсе, “қалай оқыту керек?” сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан,жаңа технологияны пайдалана білуінен,өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек.Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білуі,оқу материалы мазмұнын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек.Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді.Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білгені жөн.шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет.Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны деп санаймын. Бастауыш сыныптарда қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушылары үшін  сабақты қызықты да мазмұнды етіп жүргізу мұғалімнің өзіне, шығармашылық ізденісіне, әртүрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалана білуіне байланысты.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шағын мектептегі инновациялық технология
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Оқушылардың шығармашылығын арттыру
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2760 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 29 октября 2014 16:25
саламатсыздар ма?
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык