Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Буын үндестігі


Буын үндестігі

Сабақтың тақырыбы Буын  үндестігі

Сабақтың мақсаты :
                                  а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;
                                  ә)  Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;                                                             б)  Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін  бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                  Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                     Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп жауап талап етемін.Тақтаға сөйлемдер жазып фонетикалық талдау жүргіземін.
К  - дауыссыз,қатаң
ү -  дауысты,жіңішке,қысаң,еріндік
н -  дауыссыз,үнді
д  - дауыссыз,ұяң
і  - дауысты,жіңішке,қысаң,езулік
з  - дауыссыз,ұяң
Күн – діз  көр – ін – е – тін  жұл – дыз  қа – лай  а – та – ла – ды?
                                    б)   Жаңа сабақты түсіндіру :
                 Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан,сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын  үндестігі  (сингормонизм ) деп атаймыз ).
   Үндестік заңынасай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғайжуан,не бірыңғай жіңішке болады.Мысалы : ата,ана,бақыт,ьаға,сана,намыс,егіз,өріс,төсек,кереге,кілем т.б.
   Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді.
1. басқа тілдерден енген сөздерде : кітап,кино,қазір,зағип,математика
2. біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді : шекара,баспасөз,аман-есен,алай-түлей,асты-үсті.
   Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы бкынының жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады : соңғы буын,жуан болса- жуан қосымша,жіңішке болса,жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы : өнер-лі,жет-ер
Жаттығумен жұмыс : 311 – жаттығу.Кірме сөздерге қосымшалардың жалғауындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар.
Білімді бекіту : 1.Үндестік заңы дегеніміз не ?     2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
                                                   3. Буын үндестігі дегеніміз не?
Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 312 – жаттығу.Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үндестік заңы. Буын үндестігі
Үндестік заңы. Буын үндестігі
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Үндестік заңы
Үндестік заңы
Үндестік заңы
Орфография
«Үндестік заңы», «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4527 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык