Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөздердің тасымалдануы


Сөздердің тасымалдануы

Сөздердің тасымалдануы

Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады. Мысалы: ала-қан, ор-на-лас-ты-ру. 
  Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді буындағанда, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: да-уыс (дау-ыс емес), са-уат (сау-атемес), да-йындық (дай-ындық емес), құ-йын (құй-ын емес). Ал үу, ұу, ый, ій дыбыстар тіркесінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер тасымалданғанда, тасымал жігі дауыстыдан басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық,  қи-ын, ти-ын, жи-ын (тасымалданудың бұл түрі қазақ сөздері буындалуының табиғатына қарай емес, қос дыбысты и, у деген жалаң таңбалармен жазуға байланысты қолданылатын шартты ереже). 
Ескерту: Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін шығарып тасымалдау керек. Мысалы: құмырс-қа (құмыр-сқа емес), күңгірт-теу (күңгір-ттеу емес), жаңғырт-ты (жаңғы-ртты емес).
Жазып келе жатқанда жолға сыймаса, мынадай орындарда тасымал жасауға болмайды: 
а) екі, үш не одан да көп әріптерден құралған бір буынды сөздер жеке тұрғанда тасымалданбайды. Мысалы: ай, күн, вольт, кварц, пункт;
ә) сөздің жеке әрпін сол жолдың өзінде  қалдыруға да, келесі жолға тасымалдауға да болмайды. Мысалы: ара (а-ра, ар-а емес), аяқ (а-яқ емес), алақан (а-лақан емес);
б) бас әріптен қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы; БҰҰ (Б-ҰҰ немесе БҰ-Ұ емес)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын
Тасымал
Фонетика
Ашық буын
Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
Қосымшалардың жазылуы
Тасымал
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Буын Тасымал
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 34044 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык