Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қосымша түрлері. Жұрнақ


Қосымша түрлері. Жұрнақ

Қосымша түрлері. Жұрнақ

Қосымша екі түрлі болады: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды.Өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын қосымша түрі жұрнақ деп аталады.  Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар.


Бірінші топтағы су сөзі — заттық үғымды білдіретін түбір сөз, бүған -шы, -сын, -лық, -ат тәрізді сөз бөлшектерін қосқанда, одан төрт түрлі (сушы, сусын, сулық, суат) заттық ұғымды білдіретін әркелкі жаңа сөздер пайда болады. Сондай-ақ, екінші топтағы сездердің де су сөзі - заттық үғымды білдіретін түбір сөз, ал бүдан -ла, -ар, -сы, -са жұрнақтары арқылы өрбіген сула, суар, сусы, суса сөздері қимылдық үғымды ғана білдіріп, су сөзінен мағыналық жағынан алыстап кетпеген сөздер боп қалады. Осы екі топтағы сөздердің бірін - сөз тудыратын, екіншісін сөз түрлендіретін жүрнақтар дейміз.
Сөйтіп, өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы, су, қой деген сөздерге -шы жұрнағын жалғау арқылы сушы, қойшы сөздері жасалады.
Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағына беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді. Мысалы, су, қызыл сездеріне -ла, -ырақ жұрнағын жалғау арқылы жасалған сула, қызылырақ сөздерін алсақ, мүнда алғашқы сөздер мағынасының сәл ғана үстеме мағынамен өзгеріп тұрғанын байқаймыз.

1. Берілген сөздерден жұрнак арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар. Жұрнақ түрін анықтаңдар.
Ү л гі : ой-лы, ...
Ой, пайда, жаз, оку, күз, өктем, сый, сылдыр, үйір, іс, үлгі, жүз, тәрбие, тәлім, тежеу.
2. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Үлгі: айбын-ды-лық-тан, ...
Айбындылықтан, әділеттілікті, шаруашылықтар, білгіштік, имандылық, сыйлағыш, кішіпейілділік, тарыншақ, ұрыншақ, тасымалданғандары.
 * Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөз құрамын еске түсіреміз
Жаттығу жұмысы
Түбір мен қосымша
Жұрнақ
Жедел өткен шақты қайталау
Морфология
Сөздердің түрлері
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
Жұрнақ
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 54687 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык