Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4226 |
|
|
|
Есімшенің жасалуы мен түрлері
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің жасалуы мен түрлері
Мақсаты:
1. Білімділік: Есімше, оның негізгі ерекшелігін еске түсіре отырып, есімшенің жасалуы , түрлері туралы түсінік беру, әрбір жұрнақ түрлерінің шаққа қатысын меңгерту, мәтіндерден есімшелерді құрамына талдай білуге дағдыландыру;
2. Тәрбиелік: адамгершілікке, әдептілікке, Отансүйгіштікке, имандылыққа, өнегелікке тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: танымдылық белсенділігін арттыру, сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру, жинақтау.
Көрнекілігі: 1. Сызба
2. Мазмұнды суреттеу
3. Жалғастыруға арналған мәтін
Пәнаралық байланыс: бүгінгі өмірмен, халықтық педогогикамен, әдебиетпен.
Технология: деңгейлеп оқыту, проблемалық оқыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Жүрісі: Ұйымдастыру
2. Өткен сабақ (міндетті оқушылық деңгей)
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің құрамына қарай түрлері:
Е Н Е Г І З Г І
Т
І Т У Ы Н Д Ы
С
Т Д А Р А
І
К К Ү Р Д Е Л І
3.Мағынасына қарай түрлері:
4.Етістер
III. Жаңа сабақ (Алгоритмдік деңгей)
Мақсаты: Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
1. Есімше дегеніміз не?
2. Мысал
3. Есімше қалай жасалады?
4. Тақтаға сызба ілінеді. Сол бойынша сабақ түсіндіріледі. (1 сатысы)
Мақсаты: сабақтың білімдік мақсаты орындалуы тиіс.
1. –қан, - кен, -ған, -ген - өткен шақ есімшелері.
2. –ар, - ер, -р- болжалды келер шақ есімше.
3. –мақ, -мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек - мақсатты келершақ есімшелері.
4. –атын,-етін, -итІн,-йтын- ауыспалы кңелер шақ
Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шақпақ.
Наданның көзін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер
Думан –сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.
Жағытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата- анадай елжірер күннің көзі.
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып ,дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма ,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, бие жарысқан.
Үш шумақтың мақсаты – білімін тиянақтау.
А) шақ түрлеріне қатысты еске түсіріледі (білімін кеңейту)
Ә) Үндестік заңына қатысын айтқызу (проблемалық сұрақ)
«Есімшені тап» көрнекілігін пайдалану
Мақсаты: өтілген тақырыпты жүйелеу, танымдылық қабілетін арттыру.
Эврестикалық деңгей.
Мақсаты: танымдық іздену, тапсырмалар барсында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген
алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдерту, өзі үшін жаңалық ашуы, яғни анализ
және синтез салыстыру арқылы негізгісін анықтап қортындылау сияқты ой жұмыстарын қажет
етеді.
Ι – топ. Мәтінді жалғастыр. Тақырып қой, есімшелерді құрамына талда.
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл мәдениетін жазбаша түрде арттыру, ойын жазбаша
жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру
..................
Күшікті бұл үйшікке әкелгеніне көп болған жоқ. Иесі де өзі сияқты кішкентай, жуас, мұрнының асты қызарып кеткен, кетік тіс қара бала.....
ΙΙ- топ.
251-жаттығу. Құрамына талдау, есімшенің қай сөз табынын орнына қолданылып тұрғанын табу.
ΙΙΙ-топ. Корчкамен жұмыс.
Мақсаты: жаңа сабақтан алған білімін бақылау.
№ 1. Қажетті жұрнақтарды жалғап есімше жаса.
Жұрнақтар: -ған,-ген,-қан.
-р, -ар, - ер
1. Айт..., көр..., бар....,
2. Сөйле..., айт..., бер...,
№ 2 Мақалды жалғастыр, есімшені тап.
1. Талапты ерге... .....
2. Ерінбеген..... ......
3. Еріншектің........ ........
4. Семіздікті ...... .........
ΙV. Шығармашылық деңгей.
Мақсаты: Жаңа сабақта қалыптасқан ұғым – түсініктерінің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде
жаңаша белгілеген дәрежеде жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығару,
оқулыққа сүйенбеу керек.
1. Сурет бойынша әңгіме.
2. Өлең шумағын жалғастыр.
Жеке оқушымен жұмыс.
Етістіктің мағынасына құрамыны қарай түрлері. шегеле оқы кездес отырмын көрді Бара жатыр бармады
Дара
Күрделі
Сабақты
Салт
Болымды
Болымсыз
туынды сөз
таптары мысалдар барды парта қара жетеу олар орынды оқыған
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Есімше
Ырықсыз
етіс
V. Бекіту.
1. Есімше қай шақтарға қатысты болады?
2. Есімше қалай жасалады?
3. Есімшенің жұрнақтарын ата.
4. Мысал келтір.
Үйге тапсырма.
1.252-жаттығу. (ΙΙΙ топ)
2. 3 жұмбақ, 3 мақал – мәтел жазып, жаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |