Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есімшеден өткенді қайталау


Есімшеден өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Есімшеден өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: 
1.  Етістіктің есімше категориясы туралы алған білімдерін тексеру. 
2. Алған білімдерін тапсырмалар арқылы дамыту.
3. Мәтін арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар. 
Сабақтың көрнекілігі::  интерактивті тақта, тест.
Сынып: 7
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сұрақтар қою.
- Есімше дегеніміз не?
- Қандай сұрақтар арқылы жасалады?
- Есімшенің түрленуі.
- Есімшенің септелуіне мысал келтіріңдер.
- Есмішенің тәуелденуіне мысал келтіріңдер.
- Көсемше жұрнақтарын атаңдар.
- Есімше мен көсемшенің айырмашылықтарын табыңдар. 
Тапсырмаларды орындату. 
І нұсқа
1. Жабық тест.
Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына  қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?
А) –са, -се.
В) –са, -се, -с
С) –са, -се, -та, -те.
2. Толықтыру тесті.
Сызықтың орнына тиісті сөздерді  жаз. 
Бір жаққа (көбінесе ІІ жаққа) қаратылып, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі  ______________  деп аталады.
3. Сәйкестік тесті.
Бірінші бағанға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет.
А. –ған, -қан, -кен, - ген                     1) есімше жұрнақтары
В. –ып, -іп, -п                                      2) көсемше жұрнақтары
С. –қы, -ғы, -кі                                    3) шартты рай жасаушы
Д, -са, -се                                             4) қалау рай жасаушы
4. Ашық тест.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін реттестіріп, сөйлем құра. 
Жиырма шақты, тарихтан, сабақтың, бес, алдым, бәрінен, күннің ішінде, басқа.  
5. Анықтау тесті.
Бірінші бағандағы тапсырманың жауабын екінші бағанға жаз.
Тапсырма Жауап
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі қалай аталады?
 
6. Балама тест. «Иә», «Жоқ»
Етістік райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді.      
А) ИӘ
Б) ЖОҚ   
ІІ нұсқа
1. Жабық тест.
Қалау рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына  қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?
А) –қы, -ны, -ғы
В) –қы, -кі. –ғы, -гі
С) –қы, -кі, -ты, -ті
2. Толықтыру тесті.
Сызықтың орнына тиісті сөздерді  жаз. 
Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын  ______________  деп атаймыз.
3. Сәйкестік тесті.
Бірінші бағанға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет.
А. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі               1) есімше жұрнақтары
В. –ар, -ер, -р                                       2) көсемше жұрнақтары
С. –қы, -ғы, -кі                                    3) шартты рай жасаушы
Д, -са, -се                                             4) қалау райын жасаушы
4. Ашық тест.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін реттестіріп, сөйлем құра. 
Киіз, бір топ, ішіп, қымыз, үйдің, төрінде,  ауыл ақсақалдары, отыр.   
5. Анықтау тесті.
 Бірінші бағандағы тапсырманың жауабын екінші бағанға жаз.
Тапсырма Жауап
Қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, -са, -се жұрнақтары арқылы жасалатын рай түрі қалай аталады?
 
6. Балама тест. «Иә», «Жоқ»
«Рай» деген сөз «беталыс, бағыт, жөні» деген сөздерге синонимдес.       
ІІІ. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау. 
Үй тапсырмасы. Пысықтау сұрақтарына дайындалып келу. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көсемшенің түрленуі
Көсемше
Етістіктен өткенді қайталау
Шортанбай Қанайұлы
Көсемшенің жасалу жолдары
Етістікті қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Ашық рай
«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша
Көсемшенің жасалуы мен түрлері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3611 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык