Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бүгінгі Қазақстан


Бүгінгі Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Бүгінгі Қазақстан

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: қазіргі кездегі Қазақстан жайлы оқушыларға жан-жақты мағлұмат алуға жағдай жасау, бүгінгі Қазақстанның даму барысы туралы білім беру, өз елін танып-білуге көмектесу.
• Дамытушылық: оқушылардың өз елі, Отаны туралы түсініктерін тереңдетіп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: тақырыпты оқыта отырып қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:  дәстүрлі сабақ
Пән аралық байланыс: құқық, география.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси картасы, еліміздің әсем табиғаты бейнеленген суреттер (Бурабай, Алтай, Алматы, Каспий теңізі), ірі өнеркәсіп орындарының суреттері, буклеттер т.б.
 Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
 Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.
  Оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын. Ең алдымен үйде оқушылардың құрастырған сұрақ, сөзжұмбақтарын тексеремін. Осыдан кейін өткен тақырыпты қайталау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.
1. Қазіргі Астана қаласына таяу жерде қандай ортаға-сырлық қала болған?
2. Қазақстан астанасы неліктен Ақмолаға көшті?
3. XX ғасырда Қазақстан астанасы болған қалаларды ата.
4. Қазақстан астанасы ресми түрде Ақмолаға қай жылы көшті?
5. Астана қаласының қазіргі кездегі гүлденуі туралы айт.
6. Астана қаласының орналасқан аумағының маңыздылығын көрсет.
   Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, оны толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Өткен сабақты қорытындылай келе өткен тақырыппен байланыстыра отырып жаңа сабақты бастаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға тақырыпты жаздырып, сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.
Тақырыпты түсіндіру үшін мынадай жоспар құрамын:
1. Аумағы.
2. Халқы.
3. Даму жолында.
Алдымен   жаңа сабаққа аздап кіріспе жасаймын. Онда Қазақстанның бүгінгі жағдайы баяндалады. Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің біріне айналып отыр.
  Аздап кіріспе жасағаннан кейін негізгі бөлім бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Картаны пайдалана отырып, Қазақстанның жер көлемі жайында толық түсінік беремін.
- Аумағының келемі 2,7 млн км.кв. Әлемде жер көлемінің үлкендігі жөнінен тоғызыншы орында. Еліміз Азия аумағының 6,5%-ын алып жатыр.
Қазақстанның көрікті жерлері туралы суреттерді пайдалана отырып, шағын әңгіме өткіземін.
Жоспардың екінші бөліміндегі сандық көрсеткіштерді оқушыларға сұрақ ретінде беріп өздеріне тапқызамын.
Еліміздің демографиялық жағдайы.
 Халық саны - 15 миллионға жуық.
 Қала халқы 56%, ауыл халқы 44%.
 Қазақтар 56%, орыстар 30% т.б.
 Әлемде халық саны бойынша 70-орында.
 Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілдері тұрады.
 Әлемдегі қазақтардың саны 12 миллион.
 Бұдан әрі   халқымыздың этниқалық көрсеткіштеріне тоқталамын. Қазақ халқы еліміздегі автохтонды ұлт. Қазақтар алтай тіл семьясының түрік тобының қыпшақ тармағына жатады. Нәсіл жағынан турандық топқа кіреді.
 Жоспардың үшінші бөлімін әңгіме түрінде еткіземін. Оқушыларды Қазақстанның бүгінгі жағдайы туралы әңгімеге   сұрақ қою арқылы тартамын.
Қазақстанның бүгінгі дамуына сипаттама бер.
Қазақстанның жерастында қандай қазба байлықтар бар деп ойлайсыңдар?
Оқушыларға Қазақстандағы жерасты байлықтарын, яғни пайдалы қазбаларды жазып шығу тапсырылады.      Кесте.
Пайдалы қазбалар Әлемде алатын орны
1. Вольфрам 1
2. Хромит 2
3. Фосфор 2
4. Минералдык қор 6
5. Мұнай 12
Кестені толтыру арқылы бүгінгі Қазақстан жайында оқушылардың пікірін білемін. Онда мыналарды негізге аламын.
- Экономиқалық дамуы.
- Мәдени жағдайы.
- Сыртқы саясаты. 
Қорытынды кезең
Сабақты бекітуді негізінен әңгіме түрінде өткізгемін. Оқушыларды әңгімеге тарту үшін проблемалық, қызықты сұрақтар қоямын.
Соңында   тақырыпты   қысқаша қорытындылап, Қазақстанның бүгінгі дамуы мен келешегіне тоқталамын. Оқушыларға өздерін еліміздің болашағы ретінде еркін сезінулерін айтып, сабақты аяқтаймын.
Бағалау:
Үйге тапсырма:60
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Өлкетануға арналған сағаттарды ұйымдастыру үшін төмендегі тақырыптардың жоспарын ұсына аламыз.
Тақырыптар:
1.  Туған өлкеміздің тарихы бойынша археологиялық деректер.
а) Өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер және оның тарихы.
ә) Археологиялық зерттеулер мен қазба жұмыстарын
2. Этнографиялық материалдар
а) Этнографиялық материалдарды жинау әдістері а) Өлкеміздегі ертеден сақталып келген салт-дәстүрлер мен бүгінгі күнде жаңадан пайда болған салт-дәстүрлер.
3. Тарихи дәулет және өнер ескерткіштері.
а) Сәулет және өнер ескерткіштерінің туындылары. ә) Тарихи ескерткіштер тарихы
3. Жазбаша және ауызша тарихи деректер. а) Кітаптар, мерзімді баспасөз, мұрағат деректері. ә) Ауызша тарихтағы жергілікті жер-су, өзен-көл т.б. атаулар тарихы


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі
Сәулет ескерткіштері
1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы
Ғарышты игеру
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қазақстан-Егемен мемлекет
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Ұлттық теңге-мақтанышымыз
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2849 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык