Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары


XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары

Сабақтың тақырыбы XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: XIX ғасырдың 1-жартысындағы Кенесары Қасымұлы бастаған және Ішкі ордадағы 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар туралы мағлұмат беру.
• Дамытушылық: қозғалыстардың себеп-салдарын, тарихи маңызын анықтай білуге, сонымен қатар өзі бетінше оқу, ой қорыту дағдыларын қалыптастыру, танымдық ой өрістерін арттыру.
• Тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, өткен тарихқа, Ұлы тұлғаларға құрметпен қарауға, олардың ерлік істерін үлгі ете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір алысу.
Көрнекілік: Қазақстан картасы, Исатай, Махамбет, Кенесары портреттері.
Сабақтың барысы. 
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Алдымен кем дегенде үш оқушыға Абылай жайында жазған әңгімесін оқытамын.
  Содан кейін өткен тақырыпты пысықтап оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар жазылған карточқалар таратамын.
Олар:
№1
Абылай ханның қазақ тарихындағы орнын қалай бағалайсың?
№2
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар қандай?
№3
Әбілмансұр қалай Абылай атанды?
№4
    Абылай ханның жүргізген саясатының табысты болуына оның төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?
Үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын. Онда Абылай ханның өміріне, ата-тегіне, қайраткерлік жолына, ішкі және сырткы саясатына тоқталамын. Абылайдың қазақ мемлекетінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтаудағы еңбегіне де тоқталып өтемін.
Жаңа сабақ:
Сабактың тақырыбы, жоспар алдын ала тақтаға жазылып қойылады.  Оқушыларға тақырыпты айтып, сабақтың мақсатын түсіндіремін.
Сабақ жоспары:
1.  Ұлт-азаттық қозғалыстардың себептері және мақсаты.
2.  Қозғалыстардың сипаты, қозғаушы күші.
3.  Көтерілістердің басшылары.
4.  Көтерілістердің барысы және жеңілу себептері.
5.  Кетерілістердің тарихи маңызы.
Оқушыларға жоспарды дәптерлеріне жазғызғаннан соң   осы жоспар бойынша сабақты түсіндіремін.  Оқушыларға оқулықтағы екі тақырыпшаны (1836-1838 жылдардағы көтеріліс пен 1837-1847 жылдар аралығындағы көтерілістер) салыстыра отырып түсіндіремін.
Көтерілістердің басты себептері ұксас. Екі көтеріліс те негізінен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталды. Қозғаушы күштері де қарапайым қазақ шаруалары.
1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысты Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы Кенесары сұлтан басқарды. Оның төңірегінде Наурызбай, Ағыбай, Иман, Жоламан, Бұқарбай сияқты белгілі батыр, әскери қолбасшылар болды.
Ал 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы (немесе Бөкей ордасы) көтерілістерді старшын Исатай Тайманұлы мен белгілі ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.
Осы арада оқушыларға Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы жайында қысқаша түсінік беріп өтемін.
Ұлт-азаттық көтерілістер өте табанды өтті. Көп жағдайда көтерілісшілер патша өкіметінің отрядтарын ойсырата жеңіп отырды. Бірақ көтерілісшілер көздеген мақсаттарына жете алмады.
Осыдан кейін көтерілістің жеңілуінің басты себептеріне тоқталып етемін. Оқушыларға осы екі көтерілістердің тарихи маңызын толықтай әңгімелеп беремін.
Дәптермен жұмыс.
Екі көтерілісті салыстыра отырып темендегі кестені толтырамыз.
Кенесары көтерілісі Ішкі ордадағы көтеріліс
Уақыты
Қозғалыс басшылары
Көтеріліс еткен жерлер
Көтерілістің козғаушы күші, сипаты
Көтерілістің тарихи маңызы
Қорытынды:
Сабақты бекіту мақсатында   осы тақырыпқа байланысты сұрақтар беремін.
1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің мақсаты қандай?
2. Кенесарының төңірегіндегі батырлар туралы айт.
3. Кенесары басқарған көтерілістің жеңілуінің басты себебі қандай?
4. Ішкі ордадағы көтерілістің басты себебі қандай?
5. Исатай мен Махамбеттің қолбасшылығы жайында айт. 
  Бұдан кейін қозғалыстарды салыстыра отырып сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Оқушылардың берген жауабып толықтырып өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1. 34-параграфты оқу.
       2. Кенесары, Исатай, Махамбет жайында дәптерге шағын әңгіме жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
1836-1838 жылдардағы Ішкі ( Бөкей) Ордадағы шаруалар көтерілісі
« Қазақ халқының ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы»
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
Махамбет – күрескер ақын
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3873 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык