Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 3466 |
|
|
|
Несие және оның түрлері
Сабақтың тақырыбы Несие және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Несиенің мәнімен,түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды үнемділікке, саналылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіріп, ой-өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, кестемен жұмыс, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
IV. Бекіту
V. Сабақты қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма беру
Үй тапсырмасын сұрау. Сыныпты 3 топқа бөліп тапсырмалар беру.
I- Тапсырма (Оқушылар презентация жасайды, 5 мин дайындалуға уақыт беріледі, музыка қосылады).
1-топ Ақша және ақшаның түрлері, қызметтері
2-топ Жұмыссыздық және жұмыссыздық түрлері
3-топ Салық және салық түрлері
I I- Тапсырма
1-топ Әр түрлі елдердің ақшаларын сәйкестендір. (флипчарт)
2-топ Жұмыссыздықтың түрлерін анықта.
3-топ Салық түрлерін сипатта.
III –тапсырма
1-топ. Мақал-мәтелдер түсіндір.
2-топ «Жұмыссыздық – қоғамдық дерт» ой-толғау.
3-топ Кесте толтыру.(флипчарт)
ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:
Несие – тауарлар мен қызмет көрсетулерді қарызға беру. Несие ұғымы латын сөзінен пайда болған, “credere”- сену және”creditum”- қарыз деген мағынаны білдіреді.
Қарыз беруші –кредитор. Қарыз алушы –дебитор немесе заемщик.
Несиелік келісім- белгілі бір заңға сәйкес несиенің берілуін, пайдаланылуын және қайтарылу жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.
Несие негізгі үш міндетті ескеріп отырылып беріледі:
1.Төлей алу мүмкіндігі 2. Мерзімділігі 3.Қайтарылымдығы
Мерзімділігі: Қысқы мерзімді - 1 жылға дейін
Орта мерзімді – 1 - 5 жылға дейін
Ұзақ мерзімді- 5 жылдан жоғары
Логикалық сұрақ: Кредиттің қандай кемшілігі мен артықшылығы бар деп ойлайсыз?
Несиенің артықшылығы:
• Тауарды не қызметті дереу иелену мүмкіндігі. Несие сатып алуы тым ұзаққа созылып кететін немесе сатып алу мүмкін емес затқа ие болуға мүмкіндік береді.
• Икемділік. Несие затты сауда жүйесінде арзанға беріліп жатқан арзандатып сатып жатқан сәтінде аз ақшамен алып қалуға жағдай жасайды.
• Қауіпсіздік. Несие карточкалары мен чек кітапшалары зат алғанда немесе сапарға шыққанда нақты ақшаға қарағанда неғұрлым ыңғайлы және сенімді төлем құралы болып саналады.
• Төтенше жағдайда көмекке келу. Несие күтпеген шұғыл шығындарды (аварияға түскен автомобильді жөндеу ақысын) төлеуге ыңғайлы.
• Клиенттің адалдығын және ұқыптылығын көрсетіп отырады. Есепшот бойынша төлемдерді уақытылы төлеп тұру кісінің өзіндік бір сипаттамасы, оның міндеткерлігі мен мәттәқам ұқыптылығының белгісі болып саналады.
• Несиенің кемшіліктері:
• Шашпалық. Кейде несие карточкалары мен шығатын шығыс есепшоттарының ақшаны орынсыз шашуға әкеп соғатыны болады. Соңыра, қарыз көлемі ұлғайғанда ай сайын төленетін төлемдерді өтеу қиындай түседі.
• Құнының жоғарылығы. Әдетте несиемен зат алу нақты ақшамен алғанға қарағанда қымбаттқа түседі. Тауарды несиеге сататын дүкендер кредит карточкаларымен айналысатын фирмаларға пайыз төлеп отырады.Оның үстіне тауардың бағасына кредитті пайдаланғаны үшін пайыз қосылады.
• Тұтыну кредитінің түрлері. Егер батыста жұрттың көбі несие алып өмір сүру дағдысына ие болса, біздің қазақстандық нарықта несие жүйесі соңғы жылдары ғана дами бастады. Осыдан бірнеше жыл бұрын несие алу үлкен проблема еді, ал қазір комерциялық банктердің, дүкендердің, фирмалардың көбі тұтыну несиесін ұсына бастады.
Несие неше түрлі себептерге беріледі, олар: пәтерді жөндеуге, автомашинаны, ұялы телефондарды, автомашина, тұрмыс техникасын сатып алуға және т.б. мақсаттарда беріледі. Банк өз заем алушыларына дұрыс ақпарат беру үшін, несиелердің арнайы классификациясын жасап шығарды, мысалы:
Несиенің түрлері: Тұтынушы несиесі: Автомобиль сатып алу несиелері, тауар несиелері, жас отбасылар несиелері, жылдам несиелер, жалақы арқылы алынатын несиелер, білім алу несиелері.Ипотекалық несиелер. Лизингтік несиелер.Мемлекеттік несиелер.
Яғни, ипотекалық несиелеу – бұл жылжымайтын мүлікті – пәтерлер, үйлер – сатып алу үшін берілетін ұзақ мерзімді несиелер жүйесі. Банк сіздің ата-анаңызға ақшалай қаражат береді, олар несиені пайдаланғаны үшін белгіленген мерзімге дейін пайыздарымен қоса өтеуді міндеттеріне алады.
Қазақстанда несие 1 жылдан 30 жылға дейін мерзімге беріледі, ал сомасы шамамен, сатып алынатын үй құнының 70–100% аспайды. Банктердің тәртіптері бойынша заем алушы өз қаражаты есебінен алғашқы ақшалай төлемнің 30% дейінгі мөлшерін төлеуі тиіс.
Ипотека – бұл да сол қарыз. Назарыңызға сала кетейік, ипотекалық несиеден басқа, жай несие де бар. Бұл термин- дерді түсіну үшін, бірінші, олардың айырмашылықтары неде екенін білуіміз керек.
Егер банк несиені сіздің ата-анаңызға беретін болса, және ол үшін кепіл алмайтын болса, ол ипотека емес. Себебі, кепіл болмай, ипотека да болмайды. Сондықтан, «несие ыңғайлы ма немесе ипотека ыңғайлы ма?» деген сұраққа жауап табуы- мыз керек. Заем алушыларға несие алған ыңғайлы, ал банкке – ипотека, дәлірек айтқанда, несиені өтемеген жағдайда банк кепілдік затын сатып өз қаражатын қайтарып алады.
Кепілдік заты ретінде заем алушының жеке меншігін қарастырады: үй немесе пәтер. Несиені өтеу ай сайынғы төлемдермен қамсыздандырылады, онда несие бойынша жасасқан келісім негізінде пайыздары және негізгі қарыздың бір бөлігі кіреді Қазақстанның 18 ден асқан, тұрақты жалақысы неме- се табысы бар әр азаматы заем алушы бола алады. Несиенің мөлшері табыстың сомасынан және несиелеуден тәуелді бо- лады. Несиенің банкке ай сайынғы төлемі заем алушының та- бысынан 40-60 % аспайды.
Автонесие
Автонесиенің бір ерекшелігі – ол сатып алынатын автокөліктің кепіліне беріледі. Бұл жағдайда, кейбір банктер автосалондармен ынтымақтастықта болады, сол арқылы сіз ұнаған автокөлігіңізді таңдап аласыз. Автокөлік алған жағдайда, сіз сатып алған автокөлігіңізді несие өтеу мерзімінің аяқталғанына дейін міндетті түрде сақтандыруыңыз керек. Есіңізге сала кету керек, сатып алған автокөлігіңіз несиені өтеу мерзімі аяқталғанша банктің меншігінде болады.
Тұтынушылық несие
Тұтынушылық несие әр түрлі мақсаттарда беріледі: тұрмыс заттарын немесе жиһаз сатып алуға, пәтер жөндеуге, саяхатқа баруға және т.б. мақсаттар бойынша. Тұтынушылық несиенің сомасы бірнеше мыңнан жүздеген мыңға дейін болады. Бұл жағдайда банктер несиені қайда жұмсағаныңызды сұрамайды. Әрбір банкте тұтынушылық несиелерді алу үшін қажетті құжаттарға байланысты несие бойынша пайыздары өзгеріп тұрады. Төменде Қазақстан банктерінде несие рәсімдеу үшін қажетті негізгі құжаттар тізімі көрсетілген, ескеріп өту ке- рек, құжаттар тізімі банктің сұранысы және несиенің түрі бойынша өзгеріп отырады.
Есептер шығару.
Есеп 1. Банк 4,5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын соманы есептеңіз.
Шешуі:
Қайтарылатын ақша қаражаттарының толық сомасы (несие + пайыздық төлемдер) = (670 мың теңге Х 28 Х 54) / (12 Х 100) + 670 мың теңге = 1514.2 мың теңге
Мұнда 4,5жыл*12 ай =54 ай – ол 4.5 жыл
Жауабы: 1514.2 мың теңге
Есеп 2. Кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыру үшін банктік несиені жылдық 26 % - бен 150 мың теңгегені 1 жылға алды. Егер, пайыз соммасы несиені бергенге дейін аванс ретінде несие соммасынан шегерілетін болса, кәсіпкер қандай сомма алады? Кәсіпкер банкке бір жылдан кейін қандай сомманы қайтарады?
Шешуі: Несиені қолданғаны үшін төленетін пайыздық төлемдердің соммасын анықтаймыз:
150 Х 0.26 = 39 мың теңге Кәсіпкердің алатын соммасы: 150 – 39 = 111 мың теңге
Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару керек
Жауабы: 111 мың теңге - кәсіпкер алатын сомма. Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару тиіс
V. Бекіту сұрақтары:
1. Тұтыну кредиті деген не?
2. Кредит беру шарттары қандай?
3. Кредит құны деген не?
4.Тұтыну кредитінің қандай түрлері бар?
5.Кредиттің артықшылығы қандай?
6. Кредиттің кемшілігі қандай?
Сөзжұмбақ шешу. «Несие»
1. Тұтынушыларға тауарлар мен қызмет көрсетулер жайлы хабарлама (ақпарат) беру.
2. Мемлекет меншігін жеке меншікке түрлендіру.
3. Еңбек етуге қабілетті жұмыс істегісі келетін , бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдар тобы.
4. Банк иесі немесе банкінің ірі акционері.
5. Ең жақсы нәтиже көрсету үшін нарықтағы экономикалық жарыс.
VI. Сабақты қорытындылау
VІI . Үйге тапсырма беру
Несие және оның түрлері оқу.
Тұтыну кредитінің пайыздық мөлшерін белгілеп, график құру.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |