Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 24254 |
|
|
|
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың мақсаттары
Білімділік: Тың игеру саясатының ерекшеліктері, оның табыстары мен зардаптары және аамыш саясаттың Қазақстан халқының демографиялық жағдайына әсері туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта георгафия пәнінің атлас карталарын пайдалану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени құндылықтар мен табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың типі: География пәнімен кіріктірілген сабақ
Оқыту әдістері: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының стратегиялары.
Оқыту тәсілдері: Ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық тәсілдер, картамен жұмыс, тест, жобалау тәсілдері.
Көрнекіліктер: Слайдтар, қосымша деректер, бейнежазбалар, 8, 9 сыныптарға арналған атлас карталары, ҚР саяси-әкімшілік картасы.
Дидактикалық материалдар: Тесттер, кестелер.
Сабақтың барысы
І кезең Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін бейнежазба көрсету.
ІІ кезең Мағынаны тану.
Сабақтың жоспары:
1. Тың игеруге жаппай кірісу.
2. Тыңның алғашқы табыстары.
3. Тың игерудің нәтижелері.
4. Демографиялық ахуалдың күрт өзгеруінің келеңсіз әсерлері.
Осы жоспарға қарап сабақтың мақсаттарын айқындау.
Соғыстан кейінгіжылдарда Қазақ КСР-нің ауылшаруашылық деңгейі өте төмен жағдайда болды. Ол халықтың азыққа және өнеркәсіптік шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Астық өнімдерінің тапшылығы айқын көріне бастады. Мәселені шешудің жалғыз жолы – тың және тыңайған жерлерді игеру болды.
50-жылдардың ортасында Қазақстанның КП ОК-нің бірінші хатшысы П.К.Пономаренко болған. (Қосымша дерек оқылады.)
Алғашында П.К.Пономаренконың орынбасары, кейін Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшылысы қызметін атқарған Л.И.Брежневтің де аталған жылдар аясында алар орны ерекше.
Тақырыптың мазмұнын ары қарай ашу сендерге тапсырылады.
І топ ІІ топ ІІІ топ
«Тың игеруге жаппай кірісу» «Тыңның алғашқы табыстары» «Тың игерудің нәтижелері»
Кластер құру 8 сыныптың атлас картасын қолданып жоба құру:
- Топырағы;
- Жауын – шашын;
- Температурасы; Ти кестесі арқылы коллаж жасау.
Жерімізді ЦЕЛИНА сөзімен түбірлес елді мекеннің болғанын естіп пе едіңдер? – Картадан көрсету («Целиноград» бейнежазбасын көру). Бұрынғы Целиноград пен қазіргі Астана қаласының құрылысында өте көп өзгешеліктер барын көріп тұрған шығарсыңдар. Дегенмен, 50-жылдардың өзінде Целиноград қаласы Қазақ КСР-ндегі алдыңғы қатарлы қалалардың бірі болған.
Ыбырай Жақаев туралы қосымша дерек айтылады.
Топырақ эрозиясы туралы қосымша дерекке кезек беріледі.
Тың игеру саясаты демографиялық жағдайға да әсер етпей қоймады.
І топ – «Сандық көрсеткіштерге сипаттама бер»
№ Сандық көрсеткіштер Сипаттамасы
1 2 млн 1960 жылға дейінгі Қазақстанға келген жалпы халық саны
2 132 мың 1958 жылдың соңына дейін Қарағанды облысы Теміртау қаласына келген адам саны
3 9 млн. 295 мың 1959 жылғы санақ бойынша Қазақ КСР-індегі халық саны
4 2 млн. 787 мың Қазақ КСР-інде туратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны
5 200 мың 1960 жылдардың басына дейін Қытайда тұратын қазақтардың Қазақстанға оралған халқының саны
ІІ топ – Құрастырмалы тест
1. Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері ............................ (ескерілмеді).
2. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне ............... (менсінбей қарау) орын алды.
3. Шеттен келгендердің Қазақстан қалаларын жайлап алу жағдайы тек солтүстік өңірлерде ғана емес, ......................... (Шымкент, Жамбыл, Алматының) және өзге қалалардың кәсіпорындары да осылай істеді.
4. 1950 жылдардың ортасынан бастап Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасының бір бөлігі ................... (тарихи Отанына оралуға) мүмкіндік алды.
5. Демографиялық ахуалдың ............................ (орыстілді тұрғындардың пайдасына шешілуі) қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты.
6. Қазақ мектептерінің саны ................ (күрт кеміді).
ІІІ топ – «Пайыздық көрсеткіштерге сипаттама бер»
№ Пайыздық көрсеткіштер Сипаттамасы
1 28% 1939 жылғы республикадағы қала халқының үлесі
2 44% 1959 жылға республикадағы қала халқының үлесі
3 29% 1959 жылғы санақ бойынша Қазақстанда мекендеген жергілікті халықтың үлесі
4 9,5% 1939-1959 ж.ж. Одақ халқының көбею көрсеткіші
5 52,8% 1939-1959 ж.ж. Қазақ КСР-індегі халқтың көбею көрсеткіші
9- сыныптың атлас картасын пайдалана отырып, мынандай жұмыстарды орындаймыз.
І топ – «Халықтың орналасуы»
№ Облыстар Халық саны Халық тығыз
дығы
(%) Халық тығыздығы
(1 км²) Қорытынды
1 Қостанай 100.000-500.000 адамға дейін 4,6% Ірі қала – 10-25 дейін, Ауыл – 1-10 дейін Халық ең көп және тығыз орналасқан облыстар – Қостанай мен Солтүстік Қазақстан.
2 Солтүстік Қазақстан 100.000-500.000 адамға дейін 6,7% Ірі қала – 10-25 дейін, Ауыл – 1-10 дейін
3 Ақмола 500.000-1 млн дейін 5,1% Ірі қала – 10-25 дейін, Ауыл – 1-10 дейін
4 Павлодар 100.000-500.000 адамға дейін 6% Ірі қала – 10-25 дейін, Ауыл – 1-10 дейін
ІІ топ – «Қазақстан халқының ұлттық құрамы»
№ Облыстар Алтай тіл әулеті Үндіеуропа тіл әулеті Қорытынды
1 Қостанай Татар, башқұрт, ұйғыр, қазақ Армян, неміс, белорус, орыс Аталған болыстарда ең көп ұлтты құрайтын – орыстар мен белорустар.
2 Солтүстік Қазақстан ұйғыр, қазақ Орыс, поляк, неміс
3 Ақмола башқұрт, қазақ Орыс, мордва, армян, поляк, украин
4 Павлодар башқұрт, татар, қазақ Белорус, мордва, неміс, болгар, украин
ІІІ топ – «Ауыл шаруашылығы»
№ Облыстар Астық шаруашылығы Мал шаруашылығы Қорытынды
1 Қостанай Қарақұмық, бидай, арпа, күнбағыс Құс, қой, жылқы, ірі қара, шошқа Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі облыстарда негізінен астық шаруашылығы жақсы дамыған.
2 Солтүстік Қазақстан Қарақұмық, бидай Құс, қой, жылқы
3 Ақмола Қарақұмық, бидай, жүгері Қой, жылқы, ірі қара, шошқа
4 Пвлодар Қарақұмық, бидай, арпа күнбағыс Құс, қой, жылқы, шошқа
ІІІ кезең Ой-толғаныс.
Компьютерлерде тест шешеді.
Тест сұрақтары:
1.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды?
А) 1953 жылы жазда
В) 1954 жылы көктемде
С) 1960 жылы қыста.
2. Топырақ эрозиясының неше түрі болады?
А) 2
В) 3
С) 4.
3. Тың игерушілердің алғашқы баспанасы қандай болды?
А) Тас және ағаш үйлер
В) Палатка, вагондар
С) Жатақхана, жалдамалы баспана.
4. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі топырақ жамылғысының түрі қандай?
А) Қара қоңыр топырақты зона
В) Сұр топырақты зона
С) Қара топырақты зона.
5. 1940-1950 жылдардың ішінде Қазақстанда қанша жаңа қала бой көтерді?
А) 15
В) 86
С) 1200.
6. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі негізгі шаруашылық түрі:
А) Астық шаруашылығы
В) Мал шаруашылығы
С) Биязы жүнді қой шаруашылығы.
7. Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға қанша адам қоныс аударды?
А) 132 мың
В) 640 мың
С) 2 млн-ға жуық.
8. Қазақстанның солтүстік бөлігінде ең көп және тығыз орналасқан халық:
А) Орыстар
В) Қазақтар
С) Поляктар.
9. Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мыңды құраған санақ қай жылы жүргізілді?
А) 1958 жылы
В) 1959 жылы
С) 1960 жылы
10. Төмендегі облыстардың қатарында %-бен есептегендегі халық ең тығыз орналасқан облысты белгіле:
А) Ақмола
В) Қостанай
С) Солтүстік Қазақстан.
Тест жауаптары:
1.В
2. А
3. В
4.С
5. А
6. А
7. С
8. А
9. В
10. С
Қалған оқушылар электронды нұсқадағы сұрақтарға жауап береді.
Қазақстан тарихы
Сұрақтар І қатар ІІ қатар
НЕ? 1950 жылдардың ортасындағы жер игеру саясаты не деп аталады?
(Тың және тыңайған жерлерді игеру) Тың игеру саясатының негізгі мақсаты не? (Ауылшаруашылық өнідірісін ұйымдастыру және халықтың азыққа деген қажеттіліктерін қаматамасыз ету)
ҚАЙДА? Күріш өсіруден рекордты өнім алуға қол жеткізген Ыбырай Жақаев қайда дүниеге келді?
(Қызылорда облысы Шиелі ауданында) 1960 жылдардың басында ҚХР-да тұратын халықтың 200 мыңы қайда келді? (Тарихи Отаны Қазақстанға)
ҚАШАН? Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке қашан қол жеткізді?
(1956 жылы) Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қашан қабылданды?
(1954 жылы көктемде)
ҚАНША? Тың игеру кезінде қанша қала және қала типтес поселкелер салынды?
(15 қала, 86 қала типтес поселкелер салынды) Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы қанша адам келді?
(640 мың)
География
Сұрақтар І қатар ІІ қатар
НЕ? Топырақ эрозиясы дегеніміз не?
(Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғат апаты) Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі үндіеуропа тіл әулетіне жататын орыс, белорус ұлтының тығыз орналасу себебі не?
(Тың игеру кезінде КСРО-дан болған қоныстандыру)
ҚАЙДА? Маусым айында жауын-шашын мөлшері қайда көбірек түседі (300-500 мм дейін)?
(Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында) Тың игеру саясаты қайда жүргізілді? (Облыстарды картадан көрсет).
(Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай облыстары)
ҚАШАН? Солтүстік Қазақстан облысында орташа айлық температура -18ºС-ден төмен көрсеткішке қашан жетеді?
(Қаңтар айында) Қазақстанның солтүстік бөлігінде орташа айлық температура +28°С-ден жоғары көрсеткішке қашан жетеді?
(Шілде айында)
ҚАНША? Ақмола облысында жылдың жылы маусымындағы жауын-шашын мөлшері қанша?
(250-300 мм) Павлодар облысында суық маусымдағы қар жамылғысының биіктігі қанша?
(10-20 см)
Қорытынды.
Бағалау – дескрипторлар арқылы жүргізіледі.
Рефлексия – «5 саусақ».
Үй тапсырмасы:
§ 36 конспект;
Тақырып бойынша 10 сұрақ құрастыру;
Қ. Сәтбаев, М.Әуезов, М.Төлебаев өмірі мен қызметі туралы қосымша дерек.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |