Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті


Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті

Сабақтың тақырыбы Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті

Сабақтың мақсаты:
• Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным-сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.
• Бәсекеге барынша қабілетті білімді, адамгершілігі жоғары  жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
1. Карта
2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
 Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте.
Үй тапсырмасын сұрау:
• Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
• Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы  ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен  не білуге болады?
• Сақтар туралы  қытай деректері  қандай мағлұматтар береді?
• Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?
• Соңғы кезде  темір дәуіріне байланысты  қандай жаңалықтар болды?
• Қазақстан жеріндегі темір дәуірінің ескерткіштерінің  зерттелуі туралы не білесіңдер?
Сабақтың жоспары:
1. Сақтардың қоғамдық құрылысы
2. Сақ тайпаларының шаруашылығы
3. Қолөнер мен зергерліктің дамуы
4. Бейнелеу өнері
5. Діни наным-сенімдер
6. Сақтардың антропологиялық өзгерістері
    «Сақтардың шаруашылығы»,  «Қолөнер мен зергерліктің дамуы» тақырыпшалары негізнде мәтінмен жұмыс жасату. Оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар таратылып беріледі. Дайындалуға уақыт беріліп жауап алынады.
І
1. Сақ тайпаларында шаруашылықтың қандай түрлері дамыған? Көшпелі мал аруашылығының екі түрін ажыратып көрсетіңдер.
ІІ
1. Шаруашылықтың,  өндіргіш күштердің дамуы қоғамдың әлеуметтік жағдайына қалай әсер етті?
2. Малдың қай түрлері көп өсірілдіЮ Оның тиімді жақтарын айтып беріңдер.
ІІІ
1. Сақтарда қолөнердің қандай түрлері дамыған?
2. Сақ шебері жасаған ерекше бұйым деп нені атауға болады?
IV
1. Сақ шеберлері металл бұйымдар жасаудың қандай тәсілдерін білген?
 
 Сақтардың  діни  наным-сенімдеріне тоқтала отырып, мәтіннің негізгі мазмұнын талдап, дәптерлеріне жазғызу.
• Жерлеу салты;
• Отқа табыну;
• «Көсемдерге сыйыну»,
• Аспан денелеріне сыйыну;
• Анимизм, тотемизм, магия-ежелгі діни ұғымдардың сақталуы.
    Сақтардың антропологиялық жағындағы өзгерістеріне тоқталғанда: «Қола дәуіріндегі ру-тайпалар және сақтар алғашқыда еуропеидтік пішінде болып, кейін сақтардың ұрпақтары монғолоидтік пішінге түсе бастауына не себеп болды?»-деген ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, оқушылардың өз ой-пікірлерін  де ортаға салып, талдауға мүмкіндік беру.  
Сабақты бекіту:
• Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
• Сақ тайпаларының  шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
• Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
• «Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Сақтардың діни-нанымдары
• Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?
Бағалау: өзін өзі
Үйге тапсырма

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көшпелілер мәдениеті
Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы қоғамдық құрылысы
Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
Ғұндар мемлекеті. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың мәдениеті
Ежелгі Қазақстан тарихы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6945 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык