Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 10347 |
|
|
|
Астық тұқымдастар-бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдастар-бағалы азықтық өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: астық тұқымдастардың түрлерімен, маңызымен, адам өміріндегі алатын орнымен таныстыру.
Білімділік: астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер өкілдерімен, құрылысымен, тіршілігімен таныстыру, олардың маңызы мен ерекшеліктері.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, сөйлеуге, ойлау, ой- өрісін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға баулу, адамгершілікке, жинақылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
- Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
- Сабақтың түрі: аралас
- Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме
- Сабақтың көрнекілігі: таблицалар, суреттер.
- Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу
«Сәйкестік тап» сергіту ойыны. (3-6 слайд)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (7-15 слайд)
Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән белгілерді ата?
Пияз тұқымдасының маңызы неде?
Фитонцидтер деген не?
Інжугүлдің ерекшелігін сипатта?
Пияз тұқымдастардың тұқымдары қалай таралады?
Пияз тұқымдастардың маңызы қандай, басты пиязды пияз тұқымдастарға жатқызудың қандай себебі бар?
Дәрі үшін інжугүлдің қай мүшелерін пайдаланады?
Пияз бен інжугүл тұқымдастардың қандай түрлері Қызыл кітапқа тіркелген?
ІІІ. Жаңа сабақ:
• Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар – даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер.
• Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ. Даражынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Аталығы – 3. Аналығы – 1. 3 жемісжапырақшасынан тұрады. Аналық аузы қауырсын тәрізді екі телімді болып келеді. Жемісі – дәнек.
Гж2А3Ж (3) (Гж – гүлжарғақ).
• Тамыр жүйесі – шашақ тамырлы.
Екпе күріш
• биіктігі 50–150 сантиметрге дейін жететін біржылдық даражарнақты өсімдік. Гүлшоғыры – ұзындығы 10–40 см көп масақты сыпыртқыгүл. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді.
• Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж (3).
• Азықтық дақыл. Дәнегінде 9–12% нәруыз, 65–70% көмірсу және 4–6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы – асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштен алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол. Сабын мен шырақ дайындауға күріштің ұрықтық дәнегінен май алынады. Күріштің сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі – малға азық.
Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено
жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады. Екі мәрте
Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды.
Күріш
• Бидай, тары, сұлы, арпа – біржылдық даражарнақты азықтық өсімдіктер.
• Сұлы негізінен малазықтық өсімдік ретінде пайдаланылады.
Сабансабақтардан бидай түптенеді.
• Бидайдың гүлшоғыры – күрделі масақ. Бидай өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі – дәнек.
• Тарының гүл шоғыры – масақ тәрізді сыпыртқыгүл, ал сұлының гүлшоғыры – сыпыртқыгүл.
Құмай
• Астық тұқымдас біржылдық даражарнақты өсімдік.
• Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді.
• Құмай (сорго) – азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны – Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам . бұрын құмайды баптап, өсірген. Құмай – жылу сүйгіш, ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.
ІҮ. Бекіту:
1тапсырма: «Астық тұқымдастар өкілілдеріне тән белгілерді тауып көрсет»
1. шөптекті өсімдік
2. тіршілік формасы – ағаштар мен бұталар
3. жапырақтары доға жүйкелі
4. жапырақтары – қатар жүйкелі, жапырақтары күрделі
5. жемісі - дәнек
6. жемісі - тұқымша
7. гүлшоғыры – себетгүл
8. гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, масақ
9. гүлінің формуласы -- Гс 2 А3 Ж(1)
10. гүлінің формуласы - Гс 3+3 А3+3 Ж1
11. саабағы - бунақты сабансабақ
12. гүлдері - тілшелі, түтікшелі
13. гүлдері екі кейде үш түссіз жұқа қабыршақтан тұрады
14. тамыр жүйесі – кіндік тамырлы
15. тамыр жүйесі - шашақ тамырлы
2 тапсырма: «Өсімдік -гүлшоғыр» сәйкестікті тап
сыпыртқыгүл собық Күрделі масақ
1. Жүгері 2. Тары 3. Бидай 4. Күріш 6. Қарабидай
2.
3 тапсырма: «Бұл қандай өсімдік?» анықта
1. Бұл дақылдын отаны - Орталық және Оңтүстік Америка - ___________________________
2. Суда өсетін азықтық дақыл - ________________________________
3. Таңғажайып жылдамдықпен - тәулігіне 120 см – гн дейін өсетін астық тұқымдас - _________________
4. Отаны - Африка, жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді дақыл - ____________________
Ү. Қортыныды:
1.Тест
1. Астық тұқымдастардың тамыр жүйесі
А) кіндік Б) шашақ В) қосалқы
2. Бидай жемісі
А) түйнек Б) дәнек В) жеміс
3. Сұлының гүлшоғыры
А) сыпыртқы гүл Б) масақтәрізді В) шашақ
4. Екпе күріштің биіктігі
А) 30- 50 см Б) 50 – 150 см В) 90 см
5. Күріштің өсімді мерзімі
А) 365 күн Б) 100 күн В) 90 – 165 күн
6. Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын қалай атайды
А) сабан Б) тамыр В) сабансабақ
7. Күріштің гүлшоғыры
А) сыпыртқы гүл Б) собық В) шашақ
8. Бидай тамыр жүйесі
А) шашақ Б) кіндік В) қосалқы
9. Астық тұқымдас өсімдік құмайдың отаны
А) Үндістан Б) Африка В) Қытай
10. Тары өсімдігінің гүлшоғыры
А) масақ тәрізді сыпыртқы гүл Б) сыпыртқы гүл В) собық
2. Сөзжұмбақ шешу:
1. Тарының гүлшоғыры
2. Сабансабақ деп нені айтамыз
3. Азықтық өсімдік түрі
4. Екпе күріштің гүлшоғыры
5. Бидайдың тамыр жүйесі
ҮІ. Үйге: § 32. Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
«Ы. Жақаев - күріштің атасы» - баяндама дайындап келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |