Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары


Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары

Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары

Білімділік:  Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру. Табиғат компеоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарыны дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде айту. Орманды дала, дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі

5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді.

Мұғаліммен орындарынан  тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді.

2

Мұғалім өткен сабақтардан оқушылардың алған білімдеріне сүйеніп, табиғат зонасы деген не? деген сұрақ қояды.

Табиғат зонасы – белдеу, климат жағдайлары, топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі біртектес ендік, өңір екенін айтады. мұғалім Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, оқушылармен сұрақ-жауап әдісі бойынша, Қазақстан аймағындағы орманды дала, дала зоналарының географиялық орны мен жер бедеріне тоқталады. Климат картасын пайдаланып орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда қолайлы жауын-шашын мол түсетінін айтады. сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардан зоналарды қандай топырақ түрлері кездесетінін сұрайды. Табиғат зоналарында кездесетін табиғаттың әсем көріністеріне мысалдар келтіреді.

Оқушылар Қазақстан аумағында 4 табиғат зонасы таралғанын айтады. Олар: орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары.

Оқушылардың өз бетінше жүргізетін іс-әрекеттері:

Оқушылар физикалық картаны пайдаланып табиғат зонасын кескін картаға түсіреді.

1)          табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан территориясына қандай табиғат зоналары тән екенін анықтайды.

2)          Қазақстанның табиғат зоналары картасын климаттық картасымен салыстырып, қорытынды жасайды.

3)          Қазақстанның табиғат зоналарына ықпал жасайтын факторларды анықтайды.

Оқушылар өткен тақырыптарда алған білімдеріне сүйене отырып, табиғат зоналарындағы климат ерекшеліктерін, топырағын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін анықтайды. Кейін Қазақстанның физикалық картасына қарап отырып, табиғат зоналарына жататын өзендер мен көлдерді сипаттайды. 

3

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді:

1) кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру.

2 Орманды дала, дала зоналарының басты-басты өсімдіктерін дәптерге жазу.

3) Орманды дала мен дала зоналарында қандай жануарлар мекендейді?

4) Екі зонаны салыстыру.

Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды:

1) кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіреді.

2) Орманды дала мен дала зоналарының ағаштарын, бұталарын, шөптесін өсімдіктерін атайды.

3) Орманды дала мен дала зоналарына жататын жануарларды атайды.

4) Оқушылар салыстырып қоырытындылайды.

4

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

5

Үй тапсырмасына §38 оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап,  оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақты қорытындылайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Орманды дала және дала зоналары
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Шөлейт және шөл зоналары
Еуразия материгінің табиғат зоналары
Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары
Қазақстанның табиғат зоналары
Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша салыстырмалы сипаттама
Орманды дала және дала зоналары
Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша салыстырмалы сипаттама
Орманды дала және дала зоналары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8119 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык