Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанның топырақ жамылғысы


Қазақстанның топырақ жамылғысы

Қазақстанның топырақ жамылғысы

Білімділік:  Топырақ және оның пайда болуы. Оқушыларға топырақ қабаттарының түзілу себептерін түсіндіру. Топырақ түзуші факторларға сипаттама беру. Топырақтың механикалық құрамына тоқталу.

Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша топырақ түрлерінің таралуын сипаттау арқылы тақырыптық карталармен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру.  Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Топырақтың маңызы туралы көзқарастарын кеңейту арықылы, қоршаған ортаны қорғауға баулу, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері

1. Ұйымдастыру кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

6. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі

7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі              

Сабақтың барысы:

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(8 мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. Кейін өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

  1. Қазақстан аумағында қанша мұздық бар? Олар қанша ауданды алып жатыр?
  2. Қазақстандағы ең үлкен мұздықта ата. Ол қайда орналасқан?
  3. Мұздықтардың қандай тип топтары болады?

Оқушылар кескін карталарын тексерткеннен кейін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

  1. Қазақстан аумағында 2724 мұздық бар, олардың ауданы 2033,3 км2.
  2. Қазақстандағы ең үлкен мұздық – Корженевский мұздығы. Ол Іле Алатауында орналасқан. Оның ауданы 36,8 км2, қалыңдығы 300 м.
  3. Мұздықтардың тегістелген төбе мұздықтары, тау беткейлік және аңғарлық мұздық түрлері болады.

3

(10 мин)

Жаңа тақырыпты бастар алдында кіріспе әңгіме жүргізеді:

1. Топырақ дегеніміз не? Ол неден және қалай түзіледі?

2. Материктер мен мұхиттар географиясынан қандай топырақ түрлерін білдіңдер?

3. Дүние жүзі топырақтары неге әр түрлі, не себептен?

Кейін мұғалім тоырақ тақырыбы бойынша қысқаша шолу жасайды:

Геохронологиялық кесте бойынша эралар мен дәуірледі еске түсіріп жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ екенін айтады. Алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болғанын баяндайды. Топырақты зерттеген ғалым – В.В. Докучаев. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер ететінін айтады. Олар: тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, жер бедері, уақыт, адамның шаруашылық әрекеті. Кейін олардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып кетеді.

Топырақтың механикалық құрамына тоқталады: құрылымды және құрылымсыз топырақ түрлерін сипаттайды. Өсімдіктерді өсіруге бұл топырақтардың қайсысы қолайлырақ деген проблемалық сұрақ қояды.

Жаңа тақырып алдында бұрын алған білімдерін қайта жаңғырту үшін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Кейін мұғалімнің жаңңа тақырып бойынша ататын әңгімесін тыңдап ең қажеттілерін дәптерлеріне жазып отырады:

Топырақты зерттеуші – орыс ғалымы В.В. Докучаев.

Топырақ түзуші факторлар:

1)      тау жынысы,

2)      өсімдік және жануарлар дүниесі,

3)      жер бедері,

4)      уақыт,

5)      адамның шаруашылық әрекеті

Топырақтың механикалық құрамы

Құрылымды

Құрылымсыз

Оқушылар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, пгоблемалық сұраққа жауап іздейді. Талқылау нәтижесінде құрылымды топырақ өсімдіктердің өсуіне қолайлы екенін анықтайды. Кейін мұғаліснің айтуынан құрылымды топырақ құнарлы келетін, ал құрылымсыз топырақтың түйіршіктері болмайтынын біледі. Тоыпрақтың құнарлығы төмен болса жаңбыр, еріген қар сулары, тоыпраққа сіңбей ағып кететінін біледі. 

4

(20 мин)

Тақырпты бекіту үшін келесі сұрақтарды қояды:

1)      Топырақ дегеніміз не?

2)      Топырақ құрушы факторларды атаңдар.

3)      Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

4)      Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

5)      Құрылымды топырақ қандай топырақ?

6)      Өз өлкеңнің топырағы туралы не білесің?

Оқушылар мәтінді шолып шықаннан кейін сұрақтарғы ауызша жауап береді:

1)      Топырақ дегеніміз табиғат компоненттерінің бірі, ерекше табиғи құрылым.

2)      Топырақ құрушы факторлар – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.

3)      Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.

4)      Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.

5)      Құрылымы кесек топырақты құрылымды топырақ дейді.

6)      Павлодар облысында бидай өсіруге жарамды ылғалды қара тоыпрақ таралған.  

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта топырақ деген не, оның зерттеген Докучаев екенін білдік, сонымен қатар топырақтың механикалық құрамын білдік.

6

(2 мин)

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §35 қайталау, §36 қарастыру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстанның топырақ типтері
Топырақ экологиясы
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Топырақтың маңызы
Қазақстандағы топырақ типтері
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3530 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык