Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » XXI- ғасыр көш басшысы атты шоу


XXI- ғасыр көш басшысы атты шоу

XXI- ғасыр көш басшысы атты шоу

11 –сынып

І тур: «Бәйге» Мына төмендегі сұрақтарға  жауаптар беріледі.

1.Жарық кванттары немесе фотондар дегеніміз не?

Ж: Жарық бөлшектері.

2. Квант қандай сөзден алынған?

Ж: Латынша - квантум - шама.

3. Фотон қандай сөзден алынған?

Ж: Грекше: фотос- жарық, жарық бөлшегі.

4. Қандай құбылыс фотоэффект деп аталады?

Ж: Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы.

5.Фотоэффект қай елдің, қандай сөзінен алынған?

Ж: Фотос (грекше) -жарық, эффект (латынша)- әсер

6.Фотоэффект құбылысн кім, қай елдің ғалымы және қашан ашты?

Ж: Орыстың атақты физигі А.Г.Столетов 1888 ж. 26 ақпан.

7.Квант  теориясының негізін салушы кім?

Ж: Неміс ғалымы Макс Планк.

8.Планк тұрақтысының мәні неге тең?

Ж: Һ=6,63 10-34   Дж\с.

9.Қандай құралдар фотоэлементтер деп аталады?

Ж: Құрылысы фотоэффект құбылысына негізделген құралдар.

10.Қандай құбылыстар люменесценция деп аталады?

Ж: Суық жарқылдың сан алуан  құүбылыстары.

11. Люменесценция қай елдің, қандай сөзінен алынған?

Ж: Латынның люмен- жарық деген сөзі.

12.Фотохимиялық реакциялар деп қандай реакцияларды  айтады?

Ж: Жарық әсерінен болатын реакциялар.

13.Жарық порциясының энергиясының формуласы неге тең?

Ж: Е=Һv.

14. Табиғи және жасанды жапрық көздерін атаңдар?

Ж:Табиғи жарық көзі -Күн. Жасанды жарық   көзі: От,сіріңке,шам, керосин және электр шамдары, факельдер, тамыздықтар, шырақтар.

ІІ тур: «Көкпар»

Қатысушылар екі топқа «А» және «Б»  тобына бөлініп, сұрақтарға ақылдаса отырып жауап береді.

«А» тобына: Жарықтың пайдасы туралы

«Б» тобына: Жарықтың зияны туралы

«А» тобына: Теледидардың зияны туралы

«Б» тобына: Теледидардың пайдасы туралы

ІІІ- тур: «Полиглот»

Көп тілді меңгеру  заман талабы болып отырғандықтан, қатысушылардың шет тілін қаншалықты меңгергендігін ойынымыздың келесі туры «Полиглоттан» байқайық.

Турдың шарты: Қазақ тілінде жұмбақтар айтылып, солар шешіледі, немесе бір сөз түсіп қалып, ыммен түсіндіріледі. Жаубын шешкен соң, оны орыс тілінде, неміс тілінде айтуы қажет.

1. Арқалап бірін қоймай көтергеннің

Аяғы еш уақытта талғаны жоқ

Ж: Білім, образование,bildung

2.Қабат- қабат қаптама

Ақылың болса аттама

Ж: Кітап, книга,buch

3.Жұрттың  бәрі соны сүйеді

Бірақ қарағысы келмейді

Ж: Күн, солнце,sonne

4. Бар  ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жақ жерде өмір сүріп жүрмейсің

Ж: Ауа, воздух, luft

5.Өз еркіне жіберсең

Дүниені бүлдірер

Ж: От, огонь,feuer

6. Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түрлі түсті жарық шоқтарына жіктелуінен  пайда болатын тамаша көрініс....

Ж: Кемпірқосақ, радуга,regenbogen.

ІV  -тур: «Жанды сұрақтар»

1.Планк формуласы:Е =һv

2.Фотоэффектінің теориясының негізгі теңдеуі Һv= mv2\ 2А

3. Фотоэффектінің қызыл шекарасы: vmin  =А\Һ

4.Фотон  импульсі:P= m c==

Есеп: Цезийден кинетикалық энергиясы 3,2 10-19 Дж электрон (2 с) шығады.Егер шығу жұмысы2,88 10-19  Дж болса фотоэффект тудыратын жарық толқынының  ұзындығы қандай?

Есеп шығарылып жатқан мезетте, уақытты ұту үшін көрермендерден ойын қоса жүргізіліп жатады?

V-тур: «Көрермендермен ойын»

1. Жарық неғұрлым интенсиві болса1 секундтың ішінде металдың бетірнен құйындап шығатын электрондардың саны соғұрлым көп болады.

Ж: Фотоэффект заңы.

2.Жарық теориясы бойынша заттардың атомдары мен молекулалары жарықты үздіксіз ағын түрінде емес, белгілі бір шамадағы жеке порциялар түрінде шығарып және жұтып тұрады.

Ж: Жарықтың бұл жеке порциялары жарық кванттары мен фотондар деп аталған.

3. Кім дұрыс табады? Формула бойынша сұрақтар.

4.Бұл кім? Белгілі ғалымдардың суреттері көрсетеді, оқушылар ғалымның аты- жөнін, ғылымда ашқан жаналықтарын (заңдарын) айтады.

Ойын соңында жеңімпаз анықталып, ойынға  белсене қатысқан оқушылар марапатталады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жарық кванттары тарауын қорытындылау
Фотоэффект тақырыбына есептер шығару
Жарық. Жарықтың жылдамдығы
ФИЗИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ
Озық ойлы оқушы қорытынды қайталау сабағы
Фотоэффект құбылысын түсіндіру
XXI - ғасыр көшбасшысы атты шоу
О. Бөкей Апамның астауы
Физика және астрономия пәнінен КТЖ. (Колледждегі ФС тобына арналған.)
ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУ, СЫНУ ЗАҢДАРЫНА ЕСЕП ШЫҒАРУ САБАҒЫ
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 2154 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык