Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жай сандар, құрама сандар


Жай сандар, құрама сандар

Жай сандар, құрама сандар

Бекітемін:

Мектептің оқу –ісі жөніндегі орынбасары: Л.Бектоғаева

САБАҚ  ЖОСПАРЫ

 Күні: 29.10. 2014 ж

Пән аты:   Математика

Сыныбы: 5 «В»

Пән мұғалімі: Сағындықова С

Сабақтың тақырыбы

Жай сандар, құрама сандар

 

Сілтеме

Жоспар.

Оқулық. 5 сынып

 

Жалпы мақсаты

*Жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру.

*Жай сан мен құрама санды  ажыратуға үйрету.

*Жай сандар және құрама сандар  ережелерді пайдалана

  отырып  есептер шығару дағдыларын қалыптастыру,өзіндік    

  жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу жəне  

  жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын

дамыту.

 

*Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер, техникалық жабдықталу.

Электронды оқулық, слайд,  жеке жұмыс парағы ,жапсырма қағаздары, бағалау парағы, түрлі-түсті қағаздар

 

Күтілетін нәтиже

*Жай сандар мен құрама сандар   туралы білетін болады.

*Жай сан мен құрама сандарды ажыратуға үйренеді.

*Топта ынтымақтастықпен жұмыс жасайды.

 

Негізгі  идеялар

1)  1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.

          Мысалы: 101 саны . Оның бөлінгіштері: 1 және 101.

2) Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.

Мысалы: 8 саны. 8 санының бөлгіштері: 1,2,4,8.

3) 1 саны жай сандар тобына да, құрама сан тобына да жатпайды.

4)Айырмасы 2- ге тең екі жай санды егіз сандар деп аталады.

   Мысалы: 5 пен 7; 11 мен 13.

5)Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең құрама санды кемел сан деп атайды.

1+2+3=6.

6 санының бөлінгіштері:  1,2,3.

 

Тапсырмалар

Топтық жұмыс. «Мәтінді талқылау»

Жұптық жұмыс. Сен маған , мен саған.

Жеке жұмыс.  Блум таксономиясы бойынша.

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

  Көңіл-күйлерің қалай?Мен сендерге сәттілік тілеймін!

2.Сыныпты топқа бөлу(3 топқа бөлемін. Натурал сан, жай сан, құрама сан) 

3.Бағалау парағы таратылады. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында миға шабуыл  бойынша алынады.

1)  Көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?

2)  Қосындының берілген санға бөлінгіштігін қалай анықтаймыз?

3) Айырма қандай жағдайда берілген санға қалдықсыз бөлінеді?.

Үйге берілген № 176, 177 (2), №178 есептердің жауабын интерактивті арқылы тексеру.

Семантикалық карта бойынша тапсырмаларды орындаймыз. Дұрыс тапсақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Жауабы

Сұрағы

ия

1,13

3- ке бөлінеді

4-ке бөлінеді

14,28,42, 56,....

13 санының бөлгіштері

құрама

жай

натурал

бүтін

рационал

14 санының еселіктері

бөлінгіш

бөлгіш

сандық

бөлшек

сандар

543+84 қосындысы

 4 пен 3 сандарының қайсысына бөлінеді?

жай

кемел

құрама

егіз

бүтін

84- 36 айырмасы

4 пен 9 сандарының қайсысына бөлінеді

мен

ол

немесе

сандар

әлде

(Семантикалық картаны дұрыс шешкен оқушы айтып береді.)

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар. 

( Тақырыпты бүгінгі күнге жазады)

ІІІ. Топтық жұмыс. «Мәтінді талқылау» (7. 3. 1 минут)

Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды..Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.

Топта 5  рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және ішкі бақылаушы,сыртқы бақылаушы.  Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Бақылау парағы беріледі. Үш топ «Тұжырымдамалық карта» дайындайды. Плакат беріледі.Баяндамашылары қорғайды. Топтарды өзара формативті бағалау

( Екі жұлдыз,бір ұсыныс).

3минут)

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көшбасшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

Сыртқы бақылаушы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

 

 

 

 

 

2

Міндетін атқару

 

 

 

 

 

3

Топтық жұмысқа атсалысуы

 

 

 

 

 

4

Жеке жұмыс жасай алуы

 

 

 

 

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

АКТ-ны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.

 IV.Жұптық жұмыс.   Оқушы оқушыларға сұрақтарды қойып, оқушылар жауап береді. (10минут)

V.Жеке жұмыс. Блум таксаномиясы. (10 минут)

Ойлау деңгейі

                Сұрақтар

            Жауаптары

 

Білу

Жай сандар деп қандай санды атайды?

Құрама сандар деп қандай санды атайды?

 

 

Түсіну

Оқулықтан №241, №242 есептерді шығар

 

 

Қолдану

№244

 

 

 

 

 

Талдау

75, 128, 47 сандарының бөлгіштерін жазып, осы сандардан жай санды табыңдар:

75 санының бөлгіштері:___________________

128 санының бөлгіштері:___________________

47 санының бөлгіштері:___________________

Жауабы; - жай сан

 

 

 

Жинақтау

Тест тапсырмаларын орындау.

Тақтада көрсетіледі. Оқушы жауап жазады. Көршісі тексереді немесе өзі тексереді

 

І   нұсқа

 

1)  27 санының бөлгіштерін ата:

  А) 1;3;7;15;27В)1;3;9;27;С) 1;2;3;27; Д)1;9;12;27

 

2) 12 санының еселіктері болып табылады:

 

 

3)  Құрама сандарды теріп жаз:

   А)  2; 6; 12          В)30; 31; 32         С)12; 25; 57  Д) 18; 30; 47

 

 

Нұсқа:_______

 

 

Бағалау

Жай сандар кестесі.

 

2

7

17

29

41

3

11

19

31

43

5

13

23

37

47

 

 

 

 

 

 

Жай сандар кестесін пайдаланып Асқардың лабиринттен шығу

жолдарын сызып көрсетіңдер.

Асқар лабирингтің ішіндегі рет саны бір таңбалы ең үлкен сан

болатын бөлмеде тұр.

Ал лабиринттен шығу есігі А бөлмесінде.

Асқар тұрған бөлмесінен сыртқа рет саны жай сандарға тең

бөлмелер арқылы ғана шыға алады. Жай сандар болатын

бөлмелердің есіктері бөлменің қабырғасында немесе бұрышында

орналасқан.

Асқардың сыртқа шығу жолын көрсетіңдер.

Асқар №_______ бөлмеде тұр.

Ол сыртқа шығу үшін __________________________________

бөлмелерден өтеді.

Лабиринттен шығу есігі А   № _____ бөлмеде.

 

1

20

38

3

47

19

8

34

14

37

4

27

32

2

21

5

26

33

41

29

15

9

31

49

7

39

28

40

30

23

6

16

24

46

22

44

42

11

43

17

35

36

12

25

48

16

45

А

18

VI. Кері байланыс. (3 минут)

Рефлексия

 – Енді  «Табыс» ағашын отырғызайық. (ағаштың суреті)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, ағашқа жапсырады).

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ тез ұмытамын..

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

 

Кейінгі тапсырма

Жай сандар, құрама сандар. №244 есеп

 

Кейінгі  оқу

Бақылау жұмысына дайындалып келу

 

Сергіту сәті.

1)   -Мен тақ сандарды атағанда – сендер тұрасыңдар, ал жұп санды атағанда  отырасыңдар.

Бағалау критерийлері:

1.Тапсырмалардың барлығын қатесіз орындау.

2. Ережелерді толық білу.

3. Сұрақтарға жауап беру.

Жеке жұмыс парағы

Оқушының аты -жөні:___

Ойлау деңгейі

                Сұрақтар

            Жауаптары

 

Білу

Жай сандар деп қандай санды атайды?

Құрама сандар деп қандай санды атайды?

 

 

Түсіну

Оқулықтан №241, №242 есептерді шығар

75, 128, 47 сандарының бөлгіштерін жазып, осы сандардан жай санды табыңдар:

75 санының бөлгіштері:_____

128 санының бөлгіштері:__

47 санының бөлгіштері:_________

Жауабы - жай са

 

Бағалау

 Жай сандар кестесі.

2

7

17

29

41

3

11

19

31

43

5

13

23

37

47

 

Жай сандар кестесін пайдаланып Асқардың лабиринттен шығу

жолдарын сызып көрсетіңдер.

Асқар лабирингтің ішіндегі рет саны бір таңбалы ең үлкен сан

болатын бөлмеде тұр.

Ал лабиринттен шығу есігі А бөлмесінде.

Асқар тұрған бөлмесінен сыртқа рет саны жай сандарға тең  бөлмелер арқылы ғана шыға алады. Жай сандар болатын бөлмелердің есіктері бөлменің қабырғасында немесе бұрышында орналасқан.

Асқардың сыртқа шығу жолын көрсетіңдер.

Асқар №_______ бөлмеде тұр.

Ол сыртқа шығу үшін     бөлмелерден өтеді.

Лабиринттен шығу есігі А   № _____ бөлмеде

 

Жеке жұмыс парағы

Мұғалімнің тексеру парағы

Ойлау деңгейі

                Сұрақтар

            Жауаптары

 

Білу

Жай сандар деп қандай санды атайды?

Құрама сандар деп қандай санды атайды?

1)  1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды

2) Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады

 

Түсіну

Оқулықтан №241, №242 есептерді шығар

№241

Жай сандар:

97,139,311,503,641,991

Құрама сандар:

66,128,201,450,502,864,879.

№242

13 пен 57 с:13

31 мен 57 ;жай с: 31

73 пен 15; жай с: 73

17 мен 35&p; жай с: 17

71 мен 53&; жай с: 71, 53

 

Қолдану

№244

1)Бір бөлгіші бар сандар:1

2)екі бөлгіші бар сандар: 3,7,23,37

3)екіден көп бөлгіштері бар сандар:6,9, 15,28

 

Талдау

75, 128, 47 сандарының бөлгіштерін жазып, осы сандардан жай санды табыңдар:

75 санының бөлгіштері:   1,3,5,15,25,75

128 санының бөлгіштері: 1,2,4,8,16,32,64,128

47 санының бөлгіштері: 1,47

Жауабы :;жай сан

 

 

Жинақтау

Тест тапсырмаларын орындау.

Тақтада көрсетіледі. Оқушы жауап жазады. Көршісі тексереді немесе өзі тексереді

нұсқа

 

1)  27 санының бөлгіштерін ата:

  А) 1;3;7;15;27В)1;3;9;27 С) 1;2;3;27Д)1;9;12;27

 

2) 12 санының еселіктері болып табылады:

 

 

3) құрама сандарды теріп жаз:

А) 2;4;9В) 2;13;25 С) 15;32;93 Д) 17;32;86

 

 

ІІ  нұсқа

1) 35 санының бөлгіштерін ата:

  А)1;3;7;15;35В)1;5;7;35С)1;2;3;27Д)1;9;12;27

 

2) 13 санының еселіктері болып табылады:

А)39; 52; 26В)39;76;112; С)1; 13 Д) 13; 33; 52

 

3)  Құрама сандарды теріп жаз:

   А)  2; 6; 12В)30; 31; 32 С)12; 25; 57  Д) 18; 30; 47

Нұсқа:  І

1.В

2.А

3.С

Нұсқа:  ІІ

1.В

2.А

3.С

 

 

Бағалау

Жай сандар кестесі. Жай сандар кестесін пайдаланып Асқардың лабиринттен шығу жолдарын сызып көрсетіңдер. Асқар лабирингтің ішіндегі рет саны бір таңбалы ең үлкен сан болатын бөлмеде тұр. Ал лабиринттен шығу есігі А бөлмесінде. Асқар тұрған бөлмесінен сыртқа рет саны жай сандарға тең бөлмелер арқылы ғана шыға алады. Жай сандар болатын бөлмелердің есіктері бөлменің қабырғасында немесе бұрышында орналасқан. Асқардың сыртқа шығу жолын көрсетіңдер.

Асқар №____9___ бөлмеде тұр.

Ол сыртқа шығу үшін _____________

бөлмелерден өтеді.

Лабиринттен шығу есігі А   № __13___ бөлмеде.

1

20

38

3

47

19

8

34

14

37

4

27

32

2

21

5

26

33

41

29

15

9

31

49

7

39

28

40

30

23

6

16

24

46

22

44

42

11

43

17

35

36

12

25

48

16

45

А

18

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
І тарау. Натурал сандар және нөл саны. Натурал сандардың жазылуы.
«Математикалық эстафета» математикалық сайысы.
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
EYOБ және EKOE табу есептері
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Рационал сандарды салыстыру
Жай бөлшек» тарауына қайталау жаттығулары
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Рационал сандарды бөлу
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 18358 | Қосты: Сағындықова Сайлаукүл | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык