Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үлкенге - құрмет, кішіге ізет


Үлкенге - құрмет, кішіге ізет

Үлкенге - құрмет, кішіге ізет

Айбасова Күміс Маралқызы

Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Хромтау ауданы

Сыныбы: 4

ТақырыбыҮлкенге - құрмет, кішіге – ізет

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: себет, гүлдер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.

Барысы:

Психологиялық даярлық

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, 
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар оқушыларым барына мен өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір – бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.

- Рахмет! Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан бастала-ды. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдепті-лігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап, бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білді-ріп, алғыс айтады, баталарын береді.

Ендеше , қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге және жақындарымызға жақсылық , жарасымды көңіл-күй тілей отырып, ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.

Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!

- Рахмет. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйреніп, 
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.

Әңгімелесу

• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына жағдай жасау және сыйласымды қарым – қатынас жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру

Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»

Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған. Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендерге айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілерге айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.

 Жапырақтардағы сөздер: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол, айналайын, кешіріңіз

Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау

- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет ағашы», ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.

- Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.

Сергіту сәті.

Тапсырма
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.

Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды, 
Ардақтап әпке, ағамды, 
Қамқор боп сіңлі - ініме, 
Сыйлымын үлкен - кішіге.

Бәрін де жақсы көремін, 
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік, 
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.

«Дос болайық бәріміз» әні орындалад


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өзін – өзі тану пәнін сүйемін.
Жақсы сөз -жылы тілек
Үлкенге құрмет
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Құрметтей білейік
Әдептен озбайық
Сыйласаң – сыйлы боласың Өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың
Әдептен озбайық
мемлекеттік тілге құрмет-елге құрмет
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11345 | Қосты: Айбасова Күміс Маралқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык