Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Буын. Ашық буын


Буын. Ашық буын

Буын. Ашық буын

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 21.02.2014ж

Сыныбы :

Сабақ саны: 62

Тақырыбы: Буын. Ашық буын

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Ой қозғау, түсіндіру, сатылай кешенді талдау, тест, оқулықпен жұмыс.

Білімділігі: Оқушыларды   тесттің   түрлерімен  таныстыру  және сол арқылы  тапсырмаларын орындату .

Дамытушылығы: Әртүрлі тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін арттыру, ережені есте сақтауға баулу.

Тәрбиелілігі:Тапсырма беру арқылы қазақтың қасиетерін бойына сіңіру.

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Ой қозғау.

♦   Фонетика нені зерттейді?

♦   Дыбыс пен әріптің ерекшелігі неде?

♦   Қазақтың төл дыбыстарын ата?

♦   Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

♦  Тілдің қатысына қарай қалай жіктеледі?

♦  Жақтың қатысына  қарай ?

♦  Ерін мен езудің  қатысына қарай ?

♦  Дауыссыз дыбыстар деген не?

♦  Оның түрлерін атаңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөз бірнеше фонетикалық  бөлікке  жіктеледі. Алдарыңызда  тақтада «Адамның  басшысы ақыл»  деген сөйлем берілген.  Бұл сөйлемде  үш  сөз бар.  Үш  сөзден  құралып тұр. Осы сөйлемдегі  сөздер  естілуі жағынан  А-дам-ның   бас-шы-сы а-қыл  деп  бірнеше дыбыстар  тобына  жіктеліп  тұр.  Осындай   сөз  құрамындағы  бір немесе  бірнеше  дыбыстардың  тобынан  жасалған   фонетикалық  бөлшек  буын деп аталады.   Дауысты дыбыстың  бір өзі  буын  құрай  алады.  Дауыссыз  дыбыстар  жеке  тұрып, өздігінен   буын  құрай алмайды.   Сөздің   құрамында   қанша дауысты дыбыс болса,   сонша  буын   болады.

Буын  жеке дауыстыдан  және дауысты мен  дауыссыз дыбыстардың  тіркесінен  жасалады. Сондықтан  оның   құрамы  үнемі   бірдей болмайды.  Қазақ  тілінде  буынның   3 түрі бар. Олар  ашық  буын,  бітеу буын,  тұйық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған  немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды  ашық буын деп атаймыз. Дауыстыдан басталып, дауыссызға  аяқталған  буынды  тұйық  буын дейміз. Дауыссыздан басталып,  дауыссызға аяқталған,  дауыстысы ортасында келетін буын  бітеу буын болады.

ІҮ. Жабық тест.

1.В       2.Д      3.А    4.В    5.В      6.А     7.Е     8.Д     9.В      10.А

Ү. Сәйкестендіру тестісі. Оқулықпен жұмыс. 302-жаттығу.

Ел қонбаса                                          шал жетім

Құс қонбаса                                        көз жетім

Кемпірі жоқ                                          жер жетім

Иесі жоқ                                              көл жетім

Соқыр болса,                                      мал жетім

ҮІ.Толықтыру тестісі.

Берілген тапсырмалардағы  көп нүктенің  орнына  тиісті  сөздерді  қойып талдау.

Ақыл азбайды,  білім тозбайды.

Ер жігіттің  екі сөйлегені өлгені.

Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

Білім, жігіт, қыран сөздеріне сатылай кешенді  талдау жасау.

ҮІІ. Балама тест.

  1. Сөздердегі  буын саны  дауыссыз дыбыстарға  байланысты бола ма? (жоқ)
  2. Ашық  буынның  ішіндегі жалғыз  дауыстыдан  болған  буын  жалаң  буын  бола ма? ( ия)
  3. Дауысты дыбыс  ортада  келетін  болса  бітеу  буын бола ма? (ия)
  4. Тұйық  буынға   жалаң  буын  қосылатын болса,  онда буын  өзгереді ме? (ия)
  5. Дауыссыз  дыбыстар  жеке тұрып, өздігінен  буын   құрай алама? (жоқ)

ҮІІІ.Бақылау   тестісі

Берілген  буындарды   құрастырып, шыққан сөздерді  мағынасына қарай рет-ретімен орналастыру.

1.Бала

2.Әке

3.Ата

4.Арғы ата

5.Баба

6.Түп  ата

7.Тек  ата

ІХ. Ашық тест.

  1. Буын дегеніміз не?
  2. Дауысты  дыбыс буын  бола алама?. Дауыссыз дыбыс ше?
  3. Буын  дауысты  дыбыстың  санына байланысты бола ма? Нақты тұжырым жаса?
  4. Буынның түрлері қалай аталады? Мысалмен түсіндір.

(Осы жерде олқылы бар оқушыларға басқа  тапсырма беріледі.)

Х.Қорытындылау.

ХІ. Бағалау.

ХІІ. Үйге тапсырма. 304-жаттығу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын. Ашық буын
Буын түрлері
Буын
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
Ашық буын
Буын түрлері
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3679 | Қосты: Рита Камзаева Гарифуллаевана | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык