Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Биік тауларға саяхат


Биік тауларға саяхат

Биік тауларға саяхат

Күні: 24.10.14

Сынып:8

Тақырып: Биік тауларға саяхат

SMART мақсаты: 

Қазақстан биік таулы өлкелері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже  оқушылардың әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, карта бойынша тауларға сипаттама бере алады.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, диалогтық оқыту, бағалау, АҚТ.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы,  тектоникалық және геологиялық карталар.  

Негізгі ұғымдар: биіктік белдеулік, биік таулар, тау шыңы, мұздықтар, қазаншұңқыр, жаңа тектоникалық қозғалыстар.

Номенклатура: Тянь – Шань, Орталық Тянь-Шань Хан-Тәңірі 6995 м, Солтүстік Тянь-Шань жотасы:Ұзынқара Кетпен жотасы Небесная 3652 м, Күнгей Алатауы Иманбұлақ шыңы 4657 м, Іле Алатауы Талғар шыңы 4973 м, Қырғыз Алатауы,  Батыс Тянь-Шань :Талас Алатауы,

Жетысу  таулы өлке  Солтүстік жота Бесбақан 4662 м, Оңтүстік жота Тышқантау 4359 м.

Сауыр Мұзтау 3816 м, Тарбағатай Тастау 2992 м,

Алтай, Оңтүстік Алтай  Мұзтау 4506 м, Батыс немесе Кенді Алтай, Қалба жотасы Сарышоқы 1606 м. 

Сабақтың барысы

І.Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.

ІІБІЛУ. Үй тапсырмасын тексеру. Цифрлік диктант.

1.Үлкен Боқтыбай 657 м  2. Маңғыстау 3.Ақсораң 1565 м 4.  Сарыарқа. 5. Мұғалжар

1. Аласа тауларды ата.

2.Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке.

3. Сарыарқанның ең биік нүктесі.

4.Бұл таулар құм, қара әктастан Қаратау және ақ әктастан Ақтау жоталарынан түзілген.

5. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі.

6. Қарқаралы, Шыңғыстау, Баянауыл, Көкшетау таулары осы аласа тауының өңірінде орналасқан.

7. Орал тауының оңтүстігіндегі, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылатын тау.

8. Бесшоқы 556 м  қандай таудың биік нүктесі.

Жауптары: 1.  2,4,5

2. 4

3. 3

4. 2

5. 1

6. 4

7.5

8. 2

Бағалау.

8 дұрыс – 5

7-6 дұрыс -4

5-4 дұрыс- 3

3 дұрыс  -2

Бір-бірін тексереді, бағалайды.

III.ТҮСІНУ. Жаңа тақырып. Бейнеролик көру.  Үлан дүниежүзі физикалық картасында атап шыққан тауларды көрсетеді. Кластер «Тау». Оқушылар білгендерін жазады.

Тренинг «Топсеруен» арқылы топтастыру. Үлан, Бекзат, Иманбек, Бақыт.

Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері

Атласпен салыстыра отырып, кескін картада таулардың орнын тауып, оларды белгілеп жазу.

Тау жотасы созылу бағытына   қарай жазылу керек.

Кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланған жөн.

Тау жоталары қоңыр түспен немесе сызық түрінде қара қарындашпен, ал қырат пен таулы үстірт – тұйық түріндетүсіріледі.

Жазулар карта бетінде барынша уақ, бірақ түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі. Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады.

1 топ. Алтай. Қазақстан жеріндегі Алтай тауына сипаттама беру. Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу.

2 топ. Сауыр-Тарбағатай. Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі. Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу.

3 топ. Жетысу Алатау. Жетысу Алатаудың ерекшеліктері. Тянь –Шань тобына сұрақтар құрастыру. Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу.

4 топ. Тянь-Шань. Тянь-Шань тауының жүйелері. Жетысу Алатау тобына сұрақтар құрастыру. Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу.

Жұмыстарын қорғайды.

Критериалды бағалау.Мазмұны 2 балл. Қорғауы 2 балл. Номенклатура 2 балл. Барлығы 6 балл.

IVҚОЛДАНУ. Сабақты қорыту Венн диаграммасы

Алтай

Ұқсастығы

Сауыр Тарбағатай

Жоталары Оңтүстік, Батыс, Қалба жотасы.

Биік шыңы Мұзтау 4506 м.

Герцин қатпарлығында көтерілді.

Биік таулар

Альпілік қатпарлығында түзілген.

Қатпарлы-жақпарлы таулар.

Қазақстанның шығысында орналасқан

Мұзтау шыңы.

Неоген және антропогенде жаңатектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тауларының қайта жаңғырауы басталды.

Қазақстан мен Қытай шекарасында.

Сауыр, Тарбағатай.

Мұзтау

Тянь-Шань және Жетысу Алатауы топтарына сұрақтар

1.Қазақстандық Тянь-Шань географиялық орналасуы бойынша неше топқа бөлінеді? (3 топқа)

2.Біздің елімізгетаудың қаңдай бөлігі енеді?(Солтүстік, батыс)

3. Тянь-Шаньатауы қандай мағына береді?(қытай тілінде «Тәңір шыңы, «Аспан тау»)

4.Ең биік шың? (Хантәңірі 6995м)

5. Іле Алатауындағы ең үлкен мұздық? (Корженевский)

6.Қытайдың Ебінұр ойысы мен Алакөлдің арасын қосып жатқан табиғи өткел (ойыс) (Жоңғар қақпасы)

7. Осы Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстанды батыс Қытаймен жалғастыратын теміржол салынды (Достық теміржолы)

8.Жетісу Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған (Ш.Уәлиханов)

9. Сайқан және ебі желдері қай таулы аудандарда? Жетісу Алатауы

Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі бойынша жүргізілді:

Мен бүгін көп нәрсені ......,

Мен үшін қиын болды .....,

Мен тапсырманы....,

Мен түсіндім.......,

Мен үйрендім.....,

Алдағы уақытта....,

Мені таңқалдырды...... сынды ой-тұжырымдарын жазды.

Қорытынды.

1 топ. Алтай.

Қазақстан жеріндегі Алтай тауына сипаттама беру.

Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу. Картадан көрсету.

Номенклатура:

Тянь – Шань.

Орталық Тянь-Шань -  Хан-Тәңірі 6995 м,

Солтүстік Тянь-Шань жотасы: Ұзынқара Кетпен жотасы-  Небесная 3652 м, Күнгей Алатауы  - Иманбұлақ шыңы 4657 м, Іле Алатауы - Талғар шыңы 4973 м, Қырғыз Алатауы, 

Батыс Тянь-Шань :Талас Алатауы.

Жетысу  таулы өлке.  Солтүстік жота  - Бесбақан 4662 м, Оңтүстік жота - Тышқантау 4359 м.

Сауыр-Тарбағатай. Сауыр  жотасы - Мұзтау 3816 м, Тарбағатай жотасы - Тастау 2992 м,

Алтай.  Оңтүстік Алтай -   Мұзтау 4506 м, Батыс немесе Кенді Алтай, Қалба жотасы -  Сарышоқы 1606 м. 

Венн диаграммасы

Алтай

Ұқсастығы

Сауыр Тарбағатай

2 топ. Сауыр-Тарбағатай.

Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі.

Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу.

Номенклатура:

Тянь – Шань.

Орталық Тянь-Шань -  Хан-Тәңірі 6995 м,

Солтүстік Тянь-Шань жотасы: Ұзынқара Кетпен жотасы-  Небесная 3652 м, Күнгей Алатауы  - Иманбұлақ шыңы 4657 м, Іле Алатауы - Талғар шыңы 4973 м, Қырғыз Алатауы, 

Батыс Тянь-Шань :Талас Алатауы.

Жетысу  таулы өлке.  Солтүстік жота  - Бесбақан 4662 м, Оңтүстік жота -Тышқантау 4359 м.

Сауыр-Тарбағатай. Сауыр  жотасы - Мұзтау 3816 м, Тарбағатай жотасы – Тастау 2992 м,

Алтай.  Оңтүстік Алтай -   Мұзтау 4506 м, Батыс немесе Кенді Алтай, Қалба жотасы -  Сарышоқы 1606 м. 

3. Венн диаграммасы

Алтай

Ұқсастығы

Сауыр Тарбағатай

3 топ. Жетысу Алатау.

Жетысу Алатаудың ерекшеліктері.

Тянь –Шань тобына сұрақтар құрастыру.

Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу.

Номенклатура:

Тянь – Шань.

Орталық Тянь-Шань -  Хан-Тәңірі 6995 м,

Солтүстік Тянь-Шань жотасы: Ұзынқара Кетпен жотасы-  Небесная 3652 м, Күнгей Алатауы  - Иманбұлақ шыңы 4657 м, Іле Алатауы - Талғар шыңы 4973 м, Қырғыз Алатауы, 

Батыс Тянь-Шань :Талас Алатауы.

Жетысу  таулы өлке.  Солтүстік жота  - Бесбақан 4662 м, Оңтүстік жота -Тышқантау 4359 м.

Сауыр-Тарбағатай. Сауыр  жотасы - Мұзтау 3816 м, Тарбағатай жотасы – Тастау 2992 м,

Алтай.  Оңтүстік Алтай -   Мұзтау 4506 м, Батыс немесе Кенді Алтай, Қалба жотасы -  Сарышоқы 1606 м. 

4 топ. Тянь-Шань.

Тянь-Шань тауының жүйелеріне сипаттама беру.

Жетысу Алатау тобына сұрақтар құрастыру.

Кескін карталарына  тауларды , жоталарын, биік шыңдарын белгілеу.

Номенклатура:

Тянь – Шань.

Орталық Тянь-Шань -  Хан-Тәңірі 6995 м,

Солтүстік Тянь-Шань жотасы: Ұзынқара Кетпен жотасы-  Небесная 3652 м, Күнгей Алатауы  - Иманбұлақ шыңы 4657 м, Іле Алатауы - Талғар шыңы 4973 м, Қырғыз Алатауы, 

Батыс Тянь-Шань :Талас Алатауы.

Жетысу  таулы өлке.  Солтүстік жота  - Бесбақан 4662 м, Оңтүстік жота -Тышқантау 4359 м.

Сауыр-Тарбағатай. Сауыр  жотасы - Мұзтау 3816 м, Тарбағатай жотасы – Тастау 2992 м,

Алтай.  Оңтүстік Алтай -   Мұзтау 4506 м, Батыс немесе Кенді Алтай, Қалба жотасы -  Сарышоқы 1606 м. 

Қосымша тапсырмалар

Алуа

Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері

Атласпен салыстыра отырып, кескін картада таулардың орнын тауып, оларды белгілеп жазу.

Тау жотасы созылу бағытына   қарай жазылу керек.

Кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланған жөн.

Тау жоталары қоңыр түспен немесе сызық түрінде қара қарындашпен, ал қырат пен таулы үстірт – тұйық түріндетүсіріледі.

Жазулар карта бетінде барынша уақ, бірақ түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі. Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады.

Бақыт 

Гималаи таулары, Джомолунгма 8848м, Фудзияма, Аконкагуа 6959, Олимп, Килиманджаро 5895, Кения, Хан Тәнірі 6995м

Картадан көрсету.

Ұлан

Таулар-жер бетінен маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімделген биік бөліктері. 
Тау торабы- тау жоталарының келіп түйіскен жері. 
Тау аңғары- тау жотасының арасындағы ойыс. 
Тау жотасы- ұзыннан-ұзақ созылған тау. 
Таулы өлке- тау жоталарының шоғырланған жері. 
Әлемдегі ерекше таулар. 
Гималай әлемдегі ең биік тау. 
Анд-ең ұзын тау. 
Тянь-Шань-аспан таулары мағынасын білдіретін тау. 
Орал- Азия мен Европаны бөліп тұрған тау. 
2. Таулар пайда болуына қарай: 
Қатпарлы таулар. 
Қатпарлы-жақпарлы таулар. 
Қатпарлы таулар- су түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымның әсерінен қатпарланып, биікке көтерілуінен пайда болған. Мысылы:Аьпі, Кавказ және т.б. 
Қатпарлы-жақпарлы таулар- тау жыныстарының қабаттарының қатпарланудан кейін биікке жарықтарды бойлап жоғары -төмен лықсуынан пайда болады. Мысалы: Алтай, Тянь-Шань және т.б. 
3. Таулар биіктігіне қарай үшке бөлінеді. 
Аласа таулар деп биіктігі 400 м-ден 1000м-ге дейінгі таулар жатады. 
Мысалы: Сарыарқаның аласа таулары. 
Орташа биік тауларға биіктігі 1000м-ден 2000 м-ге дейінгі таулар.Мысалы: Карпат, Қырым. 
Биік таулар биіктігі 2000м-ден асатын таулар жатады.Мысалы: Алтай, Гималай. 
Материктегі ең биік нүктелері. 
Азияда Эверест 8848 м. 
Оңтүстік Америкада Аканкагуа 6960 м. 
Солтүстік Америка Мак-Кинли 6194. 
Африкада Килиманджаро 5895 м. 
Антарктикада Элсуэрт тауы, Винсон 5140м. 
Еуропада Альпі тауының ең биік шыңы Монблан 4807 м. 
Австралияда Үлкен суайырық жотасы, Касцюшко 2230м. 
Оқушылардан тауға байланысты мақал-мәтелдер сұралады. 
4. Ескі таулар-уақыт өткен сайын оның шыңдары мүжіліп, аласарған көп жері тегістеліп, аласа төбелерге айналған. Мысалы: Орал. 
Жас таулар- олардың шыңдары үшкір, беткейлері тік, басын мұз басып жатады. Мысалы: Памир, Кавказ. 
5. Қазақстанның ірі таулары. 
Қазақстан жеріндегі биіктаулар республиканың шығысы мен оңтүстік шығыста орналасқан. 
Қазақстанның ең биік шыңдары. 
Тянь-Шань тауының ең биік шыңы Хан-Тәңір, биіктігі 6995 м. 
Жетісу Алатауының ең биік шыңы Бесбақан, биіктігі 4622м. 
Іле Алатауының ең биік шыңы Талғар, биіктігі 4973м. 
Тарбағатай тауының ең биік шыңы Тастау, биіктігі 
Сауыр тауының ең шыңы биіктігі Мұзтау, биіктігі 3818. 
Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне Сарыарқа. Мұғалжар, Маңғыстау таулары жатады. Қазақстанның таулы өлкелеріне жатады. 

Сәлеметсіздер ме балалар!

Сыныпта кезекші кім?

Оқушылар түгел ме?

Үй тапсырмасына қандай тақырып берілді?

Бүгін үй тапсырманы тексеру барысында цифрлік диктант жазамыз.

Алдарында ақ парақтар жатыр, оларға аттарынды жазыңдар.

Тақтаға назар аударыңдар. Тақтада жауаптары берілген.

Парақтарынды айырбастап, бір-бірін тексеріңдер.

Баға қойындар.

Сіздерге бейнеролик көруге ұсынамын.

Бейнеролик не туралы. Өздеріне қандай жаңа мәліметтер алдыңдар. Роликте аталған биік тауларды картадан кім көрсете алады. Бақыт.

Балалар, тау, таулар туралы не білесіңдер. Кластер құрайық.

Бүгін сабағымызда Қазақстанның биік тауларына саяхат жасаймыз.

Сабақтың мақсаты:  Қазақстанның биік таулы өлке туралы білім алу.

Сабақтың сонында балалар таулардың атауларын айтып, биік шындарын, тау жоталарын картадан көрсете, олардың өз ара орналасуын түсіндіре тиисіңдер.

Маған Ұлан, Бақыт, Иманбек, Бекзат шығыңдар.

  1. Ұлдар саяхатқа барғанда өздерімен бірге кімді аласындар.
  2. Сендер жүк тасуды кімге тапсырасындар.
  3. Өз қүпияңызды кімге сеніп айталасыз
  4. Қиын сәтте кімге көмек бере аласын
  5. Саған көмек қажет болса бірінші кімнен көмек сұрайсын.
  6. Өзін қандай топты таңдайсын.

Қазір топтық жұмыс бастаймыз.

АлуаКескін картамен жұмыс жасаудың ережелеріментаныстырып қойсын.

Атласпен салыстыра отырып, кескін картада таулардың орнын тауып, оларды белгілеп жазу.

Тау жотасы созылу бағытына   қарай жазылу керек.

Кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланған жөн.

Тау жоталары қоңыр түспен немесе сызық түрінде қара қарындашпен, ал қырат пен таулы үстірт – тұйық түріндетүсіріледі.

Жазулар карта бетінде барынша уақ, бірақ түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі. Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады.

Әр топқа тапсырма берілді. 10 минуттың ішінде тапсырмаларды флипчартқа түсіріп, ал спикерлерін жұмыстарынды қорғап шықсын.

Бекіту сәтімізде Венн диаграмассын толтырамыз. 2 топ шығады Алтай мен Сауыр-Тарбағатай.

3,4 топ біріне сұрақтар қояды.

Күнделіктерінді ашып үй тапсырманы жазыңдар. П. Биік таулар

Кері байланыс парақтарын толтырамыз.

Сабағымыз аяқталды. Рахмет


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Таулар
Биік таулы өлкелер
Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Алтай тауы
Жетісу Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань таулары
Білгір географ - XXI
Қазақстандағы биік таулар
Сауыр - Тарбағатай таулары
Алтай таулары
Алтай таулары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 13947 | Қосты: Ардак Кабденова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык