Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көп жасушалы жасыл балдырлар


Көп жасушалы жасыл балдырлар

Көп жасушалы жасыл балдырлар

Сабақтың тақырыбы: Көп жасушалы жасыл балдырлар

Мұғалімі:Елизекова Н.А.

№65 мектеп- гимназия

Астана қаласы  2013жыл

Сабақ тақырыбы: Көп жасушалы жасыл балдырлар

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Көп жасушалы жасыл балдырлар: улотрикс, спирогира, ульва, олардың әртүрлілігі мен  тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру; Олардың құрылысы және табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру.

Дамытушылық: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және  қорытындылай білу  икемдігін дамытуға ықпал жасау.

Тәрбиелілік: Көп жасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып, оларды тиімді пайдалануға баулу.

 Құрал-жабдықтар: Магнитті тақта, таблицалар, кеппешөп, маркер, суреттер, үлестірмелер, тірек-сызбалар.

Сабақ барысы: 

І .Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

Сәлемдесу: -Кім мені  байқайды оң қолын көтереді

 -Кім мені  тыңдайды сол қолын көтереді

-Кім мені көреді  қол соғады 

 -Кім мені естиді түзу тік тұрады

-Сәлеметсіңдер оқушылар, бүгінгі сабағымызды көтеріңкі көңім күймен, сабақта белсенділік көрсетіп қатысуларыңды сұраймын, отырыңдар.

Оқушыларды түгендеу, даярлығын қадағалау

Сабаққа назарын аудару. Бүгін сендермен топтық жұмыс жасаймыз. І,ІІ,ІІІ,ІVтопқа бөлінеміз. I-топ. Спирогира 

II-топ. Улотрикс 

III-топ. Ульва

IV-топ.Кладофора

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (8мин):

Мақсаты: Оқушылардың бір жасушалы жасыл балдырлар туралы білім деңгейлерін анықтау. 

Бір жасушалы жасыл балдырлар туралы білімдерін қайталау (ауызша әңгімелесу). 

 -Біз сендермен өткен сабақта қандай тақырып өттік?

 -Олай болса бір жасушалы балдырлар туралы білімімізді еске түсірейік.

№1.Тапсырма. Әрбір дұрыс жауап бір баллмен бағаланады.   

1.Сендер қандай бір жасушалы балдырларды білесіңдер ? (Сұрақ-жауап)

2.Бір жасушалы балдырлардың ішінен хламидомонаданы тауып құрылысын құрастыр. (магнит тақтағы  құрастырады ).

№2.Тапсырма. Тест шешу

 Балдырлардың қоректену әдісі қандай ?

№3.Тапсырма.

 Балдырлар  қандай жолдармен көбейеді?

№4.Тапсырма.

 Суда тіршілік ететін бір жасушалы балдырлардың маңызы қандай?

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту кезеңі (3 мин):

 4 топқа тест сұрақтары беріледі.

1-нұсқа.

1.Хламидомонада қайда тіршілік етеді?

а) тоқтау суларда;                   б) өзенде;

ә) теңізде;                                  в) көлде.

2.Жыныс жасушаларының аталуы:

а) зигота;                                б) спорофит;

ә) гамета;                                в) гаметофит.

3.Біржасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған?

а) 2 млрд. жыл бұрын;           б) 3 млрд. жыл бұрын;

ә) 1,5 млрд. жыл бұрын;     в) 1 млрд. жыл бұрын.

4.Топырақта, ағаш діңінде өсетін балдыр?

а) хламидомонада;                  б) хлорококк;

ә) хлорелла;                              в) улотрикс.

5.Хлорококк балдырлары қалай көбейеді?

а) жынысты;                          б) жыныссыз және жынысты;

ә) жыныссыз;                          в) бөліну арқылы.

 2-нұсқа

1.  Балдырлар қайда тіршілік етеді?

а) тоқтау суларда,тауда;                 б) шөлде,орманда;

ә) теңізде, көлде, өзенде;           в) ауада,таста   .

2. Ұлпалары мен мүшелері жоқ дене қататы?

а) зигота;                                б) спора;

ә) гамета;                                в) таллом.

  1. Біржасушалы жасыл балдырлардың хлоропласты не деп аталады  ?

а) Хроматофор                          б) хлорококк;

ә) хлорелла;                                  в) хламидомонада .

4. Қызыл көзшесі бар  балдыр?

а) хламидомонада;                  б) хлорококк;

ә) хлорелла;                              в) улотрикс.

5. Балдырлар су түбіне немен бекиді?

а) тамырмен;                          б) ризоидпен;

ә) гаметамен;                          в) талломмен.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі (4 мин):

Дәптерлеріңе бүгінгі күн реті мен жаңа тақырып жазыңдар.

-27.10.2011ж

Сабақтың тақырыбы: Көп жасушалы жасыл балдырлар.

Тақырыпқа қарай отырып бүгінгі мақсатымыз қандай екендігін кім айтады?

Оқушы мақсаты: Көп жасушалы жасыл балдырлар туралы білім алу.

 Мұғалім: Көп жасушалы жасыл балдырлар туралы түсінік беру.

-Дәптерлеріңе көп жасушалы жасыл балдырлардың аттарын жазып алыңдар.

 Оқулықпен жұмыс. (Әр топ  өзіне бөлінген мәтінді оқып түсініктерін баяндап айтады.7 мин)

  I -топ. Спирогираның құрылысы мен көбеюі.

  II -топ. Улотрикс  құрылысы мен көбеюі.

  III-топ. Ульва  құрылысы мен маңызы.

  IV-топ. Балдырлардың маңызы.

Сергіту минуты (2 мин):1-Қолымызды жоғары көтереміз

2-Артқа шалқаямыз

3- Қолымызды жоғары көтереміз

4-Алдыға еңкейеміз (4-рет қайталаймыз)

V. Жаңа сабақты бекіту:

1.Футбол ойыны(5 мин):(әр топтан допқа жазылған сұраққа кім дұрыс жауап берсе гол соғады, ұпайы жоғары топ жеңеді):

1.Көп жасушалы жасыл балдырлардың денесі неден тұрады?толлом

2.Су түбінде өсетін өсімдіктер жиынтығы қалай аталады?фитобентос

3.Жыныс жасушалары қалай аталады?гамета

4. Балдырлардың қоректену әдісі?автотрофты

5.Колониялды тіршілік ететін балдыр?вольвокс

6. Балдырдың субстратқа бекінетін бөлігі?

2.1. Балдырлар ерекшелігі (білімдерін топтау әдісін пайдаланып, тексеру).

Теңіз,өзен,көл                            Бір,көп жасушалы

Балдыр ерекшелігі

Хроматофор

Бір,көп ядролы

Таллом

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

2.2. Спирогира  мен  улотриксты салыстыра отырып,венн диаграмасын сызу.

Көпжасушалы, хроматофоры  бар, өсімді,жыныссыз,жынысты көбейеді

                         Спирогира                                            Улотрикс

 Хроматофоры

оралма тәрізді

орналасқан

суда бос жатады

                         Су түбіне ризоиды

               мен бекінеді,

              хроматофоры жалпақ

                      білезік тәрізді                                                                білезік

                    

2.3.Балдырлардың түрлері.

Балдырлар

түрлері

2.4.Балдырлардың маңызы. (топтау)

Оттегін бөліп шығарады              Суды тазартады     

Балдырлар маңызы

 Тыңайтқыш

Тағамға пайдаланады

Нан түрлерін пісіруге              

 Балықтар қорегі

Тапсырмаларды дәптерімізге өзіміз жазамыз.

Сандық тест (5 мин)

Берілген балдырдың бір түрі үшін дұрыс жауапты тауып, жауап кодын  дәптерлеріңе жазыңдар (дұрыс жауап 1-балл.)

   Балдыр атаулары (түрі):

 I – топ                         II –  топ                ІII – топ                    IV-топ.

Улотрикс                     Ульва                   Спирогира              Хламидоманада

  

1.Балдырлар бөлімі:

   1.1.бір жасушалы жасыл балдыр;

   1.2.көп жасушалы  жасыл балдыр ;

  2.3 көп жасушалы  қызыл балдыр.

   2.Сыртқы құрылысы:

   2.1.денесі жұқа, жіп тәрізді қаптама;

   2.2. денесі ұзын, таспа тәрізді қаптама;

   2.3.денесі сопақша пішінді, ұшы үшкірлеу, жағында екі талшығы бар;

   2.4.теңіз салатына ұқсайды,денесі кең жалпақ қаптама.

   2.5.   3.Тіршілік формасы:

   3.1.субстратқа ризиоды арқылы бекіп тұрады;

   3.2.талшық арқылы қозғалып тіршілік етеді;

   3.3.су ағысымен пассивті қозғалады.

   4.Тіршілік ету ортасы:

   4.1.тұщы суда тіршілік етеді;

   4.2.теңіз, мұхиттарда тіршілік етеді.

  4.3.Тоқтау суда тіршілік етеді.

   5.Хроматофорының немесе хлоропласының құрылыс ерекшелігі:

   5.1. хроматофор жұлдыз тәрізді, жасыл, қызыл пигменті бар;

   5.2. хроматофор терең астау тәрізді, жасыл пигменті бар;

   5.3. оралма  пішінді,  жасыл  хлоропласы бар;

  5.4. хроматофоры жасыл, жартылай сақина пішінді.

Жауаптары:   Балдырлар

Топтар

1

2

3

4

5

Улотрикс

1.2.

2. 2.

3.1.

4.1

5.4.

Ульва

1.2.

2.4.

3.1.

4.2.

5.1.

Спирогира

1.2.

2.1.

3.3.

4.1

5.3.

Хламидоманада

1.1.

2.3.

3.2.

4.3.

5.2.

4.Қай тұжырым дұрыс?

( Графикалық диктант, дұрыс жауап- 1 балл.5 мин) 

1.Суда өсетін өсімдіктердің барлығы балдырлар.

2.Балдырлар топырақта кездеспейді.

3. Қынаның денесі балдырдан тұрады.

4. Хламидомонаданың  хроматофоры қоңыр түсті. 

5.Балдырлар- өсімдіктер әлемінің ең көне өсімдіктері.

VІ. Қорытындылау:

Теңізде өсіп тұған ол бір орман,

Жел соқса теңіз үшін болған қорған.

Ризоиды  арқылы бекінеді,

Ертеден халық бұдан йод алған.

Бұл не?-Балдыр

VІІ. Оқушылардың жұмысын бағалау (2 мин):  Топ жетекшісі оқушылардың барлық балын шығарып, бағалайды (бағалау парағы алдын ала беріледі).

 Егер сен төмендегідей балл жинасаң:

- 13–15 баллға   “5” ;        

- 10–12 баллға   “4”;

 -5 –9  баллға     “3”.

Ал 5 тен төмен балл жинасаң қамықпа, жаңа сабақты үйден оқып кел.

VІІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин):

§15-16 (оқу) сұрақтарға жауап беру және жеке шығармашылық тапсырма «Балдырлар» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырып, маңызы туралы хабарлама даярлау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тастағы қынаның құпиясы
Биология пәнінен тест сұрақтары
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар Көп жасушалы жасыл балдырлар
Қына-ерекше тірі ағза
Теңіз балдырлары
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Төменгі сатыдагы өсімдіктер дүние тармағы
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Биология пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудағы тиімді жолдары
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6133 | Қосты: Елизекова Найля Ашмахуновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык