Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кейіпкерлер бейнесін талдау


Кейіпкерлер бейнесін талдау

Кейіпкерлер бейнесін талдау

Тараз қаласы  № 19 негізгі мектебі

Ахынбаева Лаура Даулетовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар

16-сабақ

1

Мерзімі

13.02.2014ж.

2

Сынып

5 -сынып

3

Пәні

Әдебиет

4

Тақырыбы:

Кейіпкерлер бейнесін талдау

5

Мақсаты:

Шығармадағы кейіпкер бейнесіне талдау жасау,іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның рухани жан-дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш қуатын таныту.

6

Міндеттері:

1. Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап,олардың ішкі жан дүниесін ашу.

2.Кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы ой қозғатып,оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

3.Жеке тұлғаның қоршаған ортада өмір сүру мәдениетін қалыптастырып,адамгершілікке,мейірімділікке,

имандылыққа тәрбиелеу.

7.

Күтілетін нәтижелері:

Оқушылар:

1.Кейіпкер бейнесіне талдау жасай алады.

2.Кейіпкер туралы баяндайды.

3.Кейіпкер іс-әрекетіне баға бере алады.

4.Кейіпкер бейнесін ашатын нақты сұрақтар қоя алады.

 

8

Қамтылған

модульдер

-   Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогты оқыту).

-   Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

-   Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

-   Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

-   Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

-   Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес  оқыту мен оқу

-   Талантты және дарынды балаларды оқыту.

9

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

10

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

11

Тақырыпты ашуға байланысты тәсілдер

Топтық/жұптық/жеке жұмыс.6-қалпақ әдісі.

Рөлдік ойын.

12

Сабақ  кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

13

Ұйымдастыру кезеңі.

(2мин)

1. Сәлемдесу;

2. Алдын ала оқушыларды  топтастырамын.

3. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында оқушылармен

«Бір сөзбен айт» тренингін  өткіземін. Бұл тренинг оқушыларды шапшаңдыққа, тапқыр болуға және сауатты оқуға бейімдейді.

Оқушылар түрлі жапсырмаларды алу арқылы төрт  топқа бөлінеді.

 

Оқушы қолына тиген жапсырмадағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек.

14

Зерттеу нысаны

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

Сабақ 5-сыныпта өтетіндіктен іс-әрекеттер жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастарылды,яғни, күрделі емес. Сынып

4 топқа бөлініп жұмыс атқарады.

 

М.Әуезов «Ақын қонақтар» әңгімесі

Оқушылар үйге берілген тапсырманы айтады.

15

Жаңа сабақ

(35мин)

Қызығушылықты ояту

I.Шығармашылық жұмыс – алдын ала дайындалған жұмыстарды презентациялау, яғни, шығармашылық өніммен танысу. Ол буклет, альбом, слайд-шоу т.б. болуы мүмкін.

II.Мағынаны тану

1. 6 қалпақ әдісін пайдалану.

 

Ақ (ақ бұлттар)-фактілер және                      мәліметтерді таза күйінде беру. Әңгіме туралы нақты баяндайды.

Сары (күн)-әңгімедегі салт-дәстүр туралы баяндайды.

Жасыл (дала)-жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.

 

 

Қызыл (от)-ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.

 

2. Кіріспе.

а)Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстырып,бүгінгі сабақта кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап,олардың іс-әрекеттеріне баға беру арқылы көркем шығарманың күш-қуатын танимыз.

 

ә) Төрт топтың баяндаушылары кейіпкерлер туралы баяндайды,із қуушылар концептуалдық кесте толтырады,ізденушілер кейіпкер бейнесін ашатын сөйлемдерді оқулықтан тауып жазады, сөз тапқыштар кейіпкерге бес жолды өлең құрастырады, дәнекершілер бүгінгі өмірмен байланыстырып, «Кейіпкерлермен сырласу» хатын жазып,өз көзқарасын білдіреді.

 

Тапсырмалар:

А)1-топтың баяндаушысы Абай туралы,

2-топтың баяндаушысы әжесі Зере туралы,

3-топтың баяндаушысы анасы Ұлжан туралы баяндайды.

4-топтың баяндаушысы Барлас туралы баяндайды.

 

 

Ә) Із қуушы концептуалдық кесте толтырып,кейіпкерлерге мінездеме беріп салыстырады.

 

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адами қасиеті

Кейіпкерге баға

 

 

 

 

 

 

 

 

Б) Ізденуші кейіпкерлер бейнесін ашатын

нақты мысалдарды оқулықтан іздеп тауып жазады.

 

 

Кейіпкер

Мінезі

Нақты мысал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В) Сөз тапқыштар кейіпкерлерге бес жолды өлең құрастырады.

1.Тақырып (зат есім)

2.Суреттеу (сын есім)

3.Қимыл (етістік)

4.Сөйлем

5.Мәнін қайта айтатын сөз (синоним)

 

Г) Дәнекершілер «Кейіпкермен сырласу» хатын жазып,кейіпкерге өзінің сырын ашады.

Оқушылар алдын ала берілген тапсырмаларымен ой бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша айтып шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өздеріне берілген рөлдік тапсырмаларын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Концептуалдық кестені толтырады

16

Жаңа сабақты бекіту.

(5мин)

«Тізбекпен жауап беру»ойыны арқылы берілген сұрақтарға жауап алу.
1. Абайдың жасы нешеде еді, сырт көрінісінде қандай өзгешелік бар еді?
2. Абайды аналарымен достастырған қандай құдіретті күш?
3. Ұлжан ананың әңгіме айту шеберлігі қалай ерекшеленген?
4. Ауылға келген қандай қонақтар еді? Олар кімдер?
5. Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?
6. Барлас ақын қандай бата берді? Ол бата Абай үшін қабыл болды ма?
7. Сыйберудегіана мен бала үндестігінетоқталыпөт.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

 

17

Кері байланыс

Екі жұлдызша бір тілек

(2мин)

 

Рефлексия жазу.

18

Үйге тапсырма

(1мин)

 

«Абай-ұлы ақын» әңгіме жазып келу, бата- тілектер жаттау.

 

 

Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады.

19

Формативті бағалау

Смайликтер арқылы

 

Оқушылар өзін –өзі бағалайды.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:             Мамбетова З.А.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сайын Мұратбеков " Қылау "
Негізгі және туынды зат есім
Қобыланды батыр жыры
Әуезов Ақын қонақтар
Біржан-айтыскер ақын
«Толағай» жырындағы кейіпкерлерге мінездеме
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Сымайыл
М.Әуезов «Абай жолы» романы кейіпкерлер бейнесін сомдау
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 10899 | Қосты: Ахынбаева Лаура Даулетовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык