Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Терезелер


Терезелер

Терезелер

Пән аты: Информатика   

Сыныбы 5

Сабақтың тақырыбы: Терезелер

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларда Windows  ОЖ-ның негізгі нысаны-тереземен,  құрлымдық элементтерімен, қызыметімен, жұмыс аймағында басқару элементтерімен таныстыру,
  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Үйге тапсырма

V. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жұмыс үстелі деген не?
  2. Ол неге олай аталған деп ойлайсындар?
  3. Жұмы үстелінде қандай элементтер орналасқан?
  4. Есептер тақтасы қайда орналасқан?
  5. Тілдер  тақтасы не үшін керек?

ІІІ.  Жаңа сабақ.

Терезелер

Терезе- Windows ортасының негізгі ұғымы. Терезе-экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Жұмыс аймағында объектілер ақпарат және басқару элементтері орналасады.  Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуғк және тапсырмалар тақтасындағы батырмалардың көмегімен басқатерезеге ауыса отырып, олардың әрқайсында кезекпен жұмыс істеуге болады.

Терезенің түрлері:

  1. Баумалар (папка) терезелері;
  2. Қосымшалар терезелер;
  3. Диалогтық (сұхбат) терезелері;
  4. Анықтама терезелері

Қапшық  (папка)     терезелерінде, оны басқару   элементтерінен  басқа Windows-тың  басқа  обьектілерінің  де  белгішелері  бар. Белгілі  бір  обьектінің  белгішесін  тышқанды екі  рет  шертсек,  ол ашылады.

Белгілі  бір  қолданбаны  іске  қосатын  болсақ,  онда  экранда сол  қолданбаның  терезесі  пайда  болады.  Қолданба  терезелері  қолданбаға  жүктелген  құжаттың  мазмұнын  көрсету  міндетін  атқарады, сондай-ақ  онда  терезені  басқару  элементтері  де  бар.  Белгілі  бір  қолданбаны  іске  қосқанда,  экранда  осы  қолданбаның  терезесі  пайда  болады. 

Қолданба-бұл  да  бағдарлама,  ол  Windows  жүйесінің  басқаруымен  жұмыс  істегендіктен, қолданба  деп  аталады. 

Диалог  терезелері- қосымша  ақпараттарды  енгізуге  арналған  арнайы  терезе.  Олар  Windows-ты  және  оның  қолданбаларын  басқару  мен  баптау  үшін  қажет,  оларда  басқару  элементтері  бар.  Өздеріңе  таныс  сағат  терезесі  мұның  мысалы  бола  алады.

Анықтама  терезелері-Windows  және  оның  қолданбаларының  жұмысы  бойынша  анықтама  ақпараттарын  шығару  қызметін  атқарады.

Терезе элементтері

Менің  компьютерім  терезесінің  негізгі  элементтерімен   танысайық.

Шекаралар.  Терезе  төрт  жағынан  қоршалған  жақтаулардан  тұрады.  Оны  терезенің  шекаралары  деп  атайды. Терезенің  жақтаулары  арқылы  оның  өлшемі  өзгертуге  болады.  Тышқан     нұсқағышын  терезе  жақтауына  апарып  қос  бағдаршаға  айналған  кезде  қалауымызша  өзгертеміз. 

Тақырып  жолы.  Терезенің  ең жоғарығы  шекарасының  астында  орналасқан, оны тақырып жолы немесе тақырып деп  те  атайды.

Жүйелік   меню  белгішесі.  Тақырып жолының сол жағында   жүйелік  меню  белгішесі  орналасқан.  Оған  маус  нұсқағышын  бассақ,  терезені  басқару  тізімі  шығады. Ол  арқылы  терезенің  өлшемін  өзгертуге, жылжытуға  болады. 

Жабу батырмасы. Тақырып жолының оң жақ шекарасында айқасқан сызық суреті бар батырма орналасқан.  Бұл батырмаға шертсең құжатты жабады немесе қолданбаның жұмысын аяқтайды. Терезенің  жабу  түрлері  х  белгісі  арқылы  немесе  АlТ+F4.  Меню  жолы. 

Жималау батырмасы. Жималау батырмасында шерту, Тапсырмалар Тақтасында тек қана батырманы қалдырып, терезені Жұмыс үстелінен алып тастайды.

Жаймалау батырмасы. Бұл батырма терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді.

Терезеге жималау батырмасы. Осы батырма терезені аралық қалыпқа келтіреді, яғни терезе экранда тұрады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Батырма экранға бірнеше терезені бір уақытта орналастыру үшін пайдаланылады.

Меню  жолына.  Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең жолақ бар. Бұл –меню жолы, онда берілген қолданбаның негізгі командалары орналасқан. Меню дегеніміз берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі. Меню  жолына  АLТ+F4  арқылы  кіреді.  Тышқан   нұсқағышын  да  пайдаланады.     

Құрал-саймандар қатары. Көптеген терезелер батырмалары мен белгішелері бар құрал-саймандар тақтасымен жабдықталған. Олар негұрлым жиі қолданылатын командаларға тез қатынасу үшін пайдаланылады. Құрал саймадар қатарын Вид командасы арқылы қанат белгіні белгілеу арқылы шығарады.

Жұмыс  аймағы:  Бұл -объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы. Қапшықтар терезесінің жұмыс аймағында келесі объектілер орналасқан: белгішелер, қапшықтар, файлдар, таңбашалар. Қолданбалардың терезелерінің жұмыс аймағында объектілерді мәтіндер, суреттер, кетелер, слайдтар, т.б. жасауға болады.

Қапшық терезесінің жұмыс аймағында объектілерді келесі түрде көрсетуге болады:

  1. Түр батырмасының жанындағы айналдыру жолағына шерту және Белгішелер командасын таңдау арқылы ірі белгішелер түрінде.
  2. Түр батырмасының жанындағы айналдыру жолағына шерту және Белгішелер командасын таңдау арқылы ұсақ белгішелер түрінде
  3. Тізім командасын таңдау арқылы тізім түрінде;
  4. Кесте командасын таңдау арқылы кесте түрінде;
  5. Беттер эскизі командасын таңдау арқылы беттің эскизі түрнде.

 Айналдыру жолақтары. Егер терезенің ішіндегі мәтін толық көрінбесе, онда тік және көлденен айналдыру жолақтарын  пайдаланамыз. Айналдыру жолағының ішінде тікбұрышты сырғытпалар болады. Олардың орналасуына қарап, терезе мазмұнының қандай бөлігі көрініп тұрғанын анықтауға болады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Терезелерді мозайка және каскад түрінде орналастыру:

1. Бірнеше терезелерд аш: Мой компьютер, Мои дакументы және кезкелген басқа терезені

2. Есептер тақтасының батырмалардан бос жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шерт. Сонда динамикалық меню пайда болады.

3. Динамикалық менюде төмендегі командалардың бірін таңда: Каскадом, Сверху вниз(жоғарыдан төмен қарай),Слева направо (солдан оңға).

V. Үйге тапсырма:

«Терезелер» тақырыптарын оқып келу.

VІ. Қорытындылау:

Сонымен оқушылар терезе түрлерін атаңдар?

Оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
VISUAL BASIC –те программалаудың негіздері.
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Файлдар мен қапшықтар
Windows басқару элементі. Жұмыс үстелі. «маус» типті манипулятор Есептер тақтасының элементтері мен арналуы, «Пуск»
Анықтама. Windows-тың анықтама жүйесімен жұмыс істеу. Бағдарламаларды іске қосу және ашу
Файлдар мен қапшықтар. Қапшық құру. Таңбашалар
Файлдармен жұмыс
Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар.
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 9002 | Қосты: Есенеева Рысжан Ескалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык