Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері


Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері

Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері:

1)    Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері дағдыларын жетілдіру;

2)    Шамалармен жұмыс жасаудың есептеу біліктерін бекіту;

3)    Бірнеше бірлікке кемітуге және бірнеше есе арттыруға, екі қосылғыштың қосындысын табуға арналған құрама есептерді шығару білігін жетілдіру;

4)    Математикалық терминологияны мен символиканы қолданып, ауызша және жазбаша түрде өз ойын анық әрі дәл жеткізе білу білігін дамыту;

5)    Математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі – Психологиялық дайындық

-         Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

-         Балалар, біз бүгінгі сабақты бұрынғы сабақтардан өзгеше етіп өткіземіз. Яғни сабақ сайыс түрінде өтеді. Сыныпты 3 топқа бөліп, І топ – Ойшылдар, ІІ топ – Тапқырлар, ІІІ топ – Білгірлер тобы болады. 

-         Ал, балалар сайысымызды бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген № 7 есепті тексеріп шығамын.

ІІІ   Жаңа сабақ.

Ауызша есептеу.  Кім жылдам?

4*6;    24+16;   48-18;      100-27;    8*9;     81/9;    56/7;   7*5; 

Оқулықпен жұмыс: № 1 .Ойын «Жаңылмай тап»

125+234= 359              420-70=  350                   220+120=340

400-70 =   330              290+80=370                    686-345=341

Математикалық диктант:

Үш топ бірдей жазамыз, қай топ бірінші мәнін табады, сол топ айтады.

  1. 60 санына 2 мен 3 сандарының көбейтіндісін қос; (60+2*3=66)
  2. 48 санынан 4 пен 2 сандарының көбейтіндісін азайт; (48-4*2=40)
  3. 6 мен 2 сандырының көбейтіндісін 3- ке бөл; (6*2/3=4)
  4. 100-ден 2 мен 10 сандарының көбейтіндісін азайт; (100-2*10=80);

№ 2 Есептеу тәсілін түсіндір:

Бірінші бағанды өзім түсіндіріп, шығарамыз, қалған бағандарды 3 топқа бөліп беремін.

590+70=660           630+270=890           560-90=470       654+234=888

430+90=520           280+320=600           430-60=370        356+423=779

360-170=190          768-347=421            410-120=290      549-236=313

№ 3 Кестелерді толтыр:    (ауызша орындау)

а

 

5

8

 

3

4

с

9

7

4

7

7

 

а*с

63

 

 

42

 

32

 

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш

Қарлығаш боп ұш

Төрт, бес, алты

Қарлығаш боп қалқы

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қайта орныңа қон

№ 4 Ұзындықтарды салыстыр

10 дм – 5 дм 3 см * 4 дм 4 см                        52 см – 4 дм * 12 см

7 дм + 20 см * 1 м                                           43 дм + 5 дм 7 см * 100 см

№ 5  Сөз есеп

  1. Ш: 3*9  = 27    27 – 14  =  13     27+13=40

Ж: барлығы 40

  1. Ш: (4+6)+4= 14     14* 2 = 28

Ж: 28 жастық салынды.

№ 6   Кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар (постер қорғау):

 

1 жәшіктің массасы

Саны (жәшік саны)

Жалпы масса

3 кг

4

? кг

5 кг

?

40 кг

? кг

6

24 кг

 

№ 7 Теңдеу құр және оны шеш.

Жаңа жылдық сыйлықтар туралы айтамын.

 

Болды  - 340

Сыйлады – 70

Жоғалтып алды – х

Қалды – 120

 

 

340 – 70- х =120

270– Х =120

Х = 270-120

Х= 150

340 – 70 -150= 120

120=120

 

№ 8. Өз бетімен жұмыс

Периметрі 14 см, ал ауданы 12 см 2 тік төртбұрыш сыз.

                                     Р = 4см+3см+4см+3см=14 см S= 3см*4см=12 см 2

  

№ 9. Толықтыр (ауызша):

1)    Егер сиырға 1 тәулікте 3 кг кебек берілсе, онда 4 тәулікте оған _____кг кебек керек.

2)    Егер машина 1 рет қатынағанда 5 т жүк әкетсе, онда ол 3 рет қатынағанда    _____т жүк әкете алады.

Қорыту.  Ойын «Жоғалған сандар»

   327           *38                  5*3                       97*

+                +                    -                              -

   ***            75*                  21*                       **3

   788           889                    311                      151

 

«Миға шабуыл» Логикалық тапсырмалар:

  1. Бір үйде 7 ағайынды жігіттің әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Сонда ол үйде қанша бала? (8)
  2. Екі ұл мен екі әкесі 3 жұмыртқа жеді. Олардың әрқайсысы неше жұмыртқадан жеді? (1)
  3. Бұтақта 6 құс қонып отыр еді. 2 құс осы ағаштың келесі бұтағына орын ауыстырды. Ағашта неше құс қалды? (6)
  4. Ағаш басында 12 балық отыр еді. Оған тағы 10 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (балық ағаш басында отырмайды)
  5. Шешесі балаларына 10 кәмпитті бөліп, қыздарына 3-тен, ұлдарына 2-ден берді. Қыздар неше, ұлдар нешеу? (2-ұл, 2-қыз)
  6. Бұтақ ішінде 36 құлақ қылтиып тұр. Онда қояндар жасырынған. Бұтақ ішіндегі қояндар қанша? (18 қоян)

Үйге тапсырма беру: № 3    129-бет

Бағалау – Жеңімпаз топты анықтап, мадақтау, бағалау.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.
32+5,47-5
"9 санын қосу және азайту"
Қайталау
Қайталау (5 ті қосу және азайту)
Қосу және азайту
математикалық есеп 1 сынып
Мың көлемінде ауызша есептеу тәсілдері. 100 көлеміндегі амалдарға дейін апаратын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 24397 | Қосты: Исаева Жанар Турдыбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык