Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік


Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік

 Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік

Сабақтың  тақырыбы :  Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты :

а) сөйлеу, кітаби стильдер туралы жан-жақты түсінік беру,  стильдің түрлерін ажырата білуге үйрету;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға баулу;

б)  сабақ барысында  оқушылардың білімін  бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;                                      

 

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

 

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,   түсіндіру, талдау, слаидтар

 

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар

 

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

 

Сабақтың барысы :

а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу

 

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  • Қазақ тілі қандай қоғамдық қызмет атқарады?
  • Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қандай деңгейде дамуда?
  • Жергілікті сөйлеу тілінің әдеби тілден айырмашылығын табыңыз?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

        Қазақ әдеби тiлi - қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қолданылатын, стильдiк тармақтары сараланған, мәдени жұртшылықтың бәрiне ортақ нормасы бар, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететiн тiл. Қазақ әдеби тiлi қоғамдық өмiрдiң бiлiм мен ғылым саласында, құқықтық қатынас саласында, бұқаралық ақпарат саласында, әдебиет пен өнер саласында, тұрмыстық қарым-қатынас саласында қызмет етiп, тiлдiк ұжымның қарым-қатынас қажетiн өтейдi. Осымен байланысты қазақ әдеби тiлiнiң бес түрлi стильдiк тармақтары қалыптасып сараланған: бiлiм мен ғылым саласында - ғылыми стиль, құқықтық салада - ресми iс қағаздары стилi, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилi, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу тiлi стилi.

 

Сөйлеу тiлiнiң лексикалық ерекшелiктерi.

Сөйлеу тiлiнде күнделiктi тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер жиi ұшырасады, бейтарап сөздермен қатар диалектi сөздер, кейде тұрпайылау сөздер де кездесiп отырады. Оларды көркем әдебиетте жазушылар кейiпкердiң сөйлеу ерекшелiгi мен мiнезiн таныту, ашу үшiн т.б. стильдiк мақсатта әдейi пайдаланады. өйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi. Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту  сөйлеу тiлiне тән құбылыс.

Сөйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi.

Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту  сөйлеу тiлiне тән құбылыс.

Синтаксистiк ерекшелiктерi. Сөйлеу тiлi стилiнiң басқа стильдерден өзгешелiгi, ең алдымен сөйлем құрылысынан байқалады. Сөйлеу тiлiнде сөйлем түрлерi аралас келедi. Сұраулы, лептi, риторикалық сұраулы сөйлемдер көп қолданылып, сөйлем диалогқа құрылады:

Баланың сөзiн сөз деп, о несi-ай маған! (Б.Майлин)

Кiтаби тiлдiң ауызша, жазбаша түрiнiң нормалары, жүйелерi ереже түрiнде грамматика оқулықтарында, оқу құралдарында түрлi сөздiктерде көрсетiледi. Сондықтан бұл нормалар "заңдастырылған" (кодификацияланған) нормалар деп танылады. Сөйлеу тiлiнде де норма, белгiлi бiр жүйе болады. Бiрақ сөйлеу тiлi нормалары "заңдастырылмаған", бiршама еркiн болады.
Білімді бекіту :  

Жаттығулар орындау

Кеспе қағаздар ұсынамын: Берілген сөйлемдердің қай стильде жазылғанын тауып, сөйлем мүшесіне талдау

 

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: Стильдерге мысал жинастырып келу, бір сөзіне фонетикалық талдау жасау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Стилистика және тіл мәдениеті. Сөздердің стильдік қасиеттері
9- сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен күнтізбелік жоспар
Сөздің түсініктілігі
Диалект сөздер
Сөз өнері факультативінің бағдарламасы
Лепті сөйлем
Бұйрықты сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сөйлем мүшелері
Қазақ тілі-кемел тіл, сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 18327 | Қосты: Елеуова Гулжанат | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык