Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Антонимдер. Сын есімнің жасалуы


Антонимдер. Сын есімнің жасалуы

 Антонимдер. Сын есімнің жасалуы

 

Пәні: қазақ тілі     Сынып: 5-6 сынып                Мерзімі: 13.11.2014

 Сабақтың тақырыбы

5-сынып

6-сынып

Антонимдер

Сын есімнің жасалуы

Сабақтың мақсаты:

5-сынып                                                                                    6-сынып

Білімділік:

өтілген материалдарды еске түсіріп, қайта жаңғырту, жаңа  тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып, жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру

өткен материалдарды пысықтай отыра, сын есімнің жасалауы жайлы түсінік  беру арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Дамытушылық:                                                                         

оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін, ойлауы мен зейінін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.

сабақ барысында оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру

оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі:   жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: тренинг «Ыстық орындық», тест жұмысы, ойын, сергіту сәті, рефлексия, Блум таксономиясы

Сабақтың көрнекілігі:кітаптар, тірек-сызба, үлестірмелі карточка, перфокарта, музыкалық әуен

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, орыс тілі, музыка

Сабақтың барысы:

 

Кіріспе  бөлім

 Ұйымдастыру

5-сынып

6-сынып

Тренинг

«Ыстық орындық»

Шарты: Бір оқушыны ортаға шығарып, оқушылар кезектесіп оған өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

 

Үй тапсырмасын тексеру

5-сынып

6-сынып

Жеке оқушылармен жұмыс

Тест

1. Етістіктерден болған синонимдерді көрсет.

а) амандасу, сәлемдесу, есендесу

ә) ажар, көрік, әлпет,кескін

б) пішін, жылдам, есендесу

2. Берілген тіркестер құрамындағы «терең» сөзінің тура мағынада тұрғанын көрсет.

а) терең білім   ә) терең сезім   б) терең құдық

3. «Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады» деген мақалда ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіздер.

а) тауып  ә) қауып    б) білген

4. Ол егінін арықтан суарады екен. Мына сөйлемнен туынды омонимді тап.

а) арықтан    ә) екен      б) ол

5. «Күннің көзі» дегендегі көз қандай мағынада қолданылып тұр?

а) тұспал мағынада ә) ауыспалы мағынада  б) тура мағынада.

 

Блум түймедағы арқылы үйге  берілген тапсырманы сұрау.

 

Сұрақтар:

  1. Қарапайым сұрақ. Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің қандай түрлері бар?
  2. Анықтамалық сұрақ. Зат есім сөзіне сатылай кешенді талдау жаса.
  3. Интерпретациялық сұрақ. Сын есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтіріңдер
  4. Шығармашылық сұрақ.Сын есім сөзіне сөйлем құра?
  5. Бағалау.Зат есім тақырыбынан не алдың?
  6. Тәжірбиелік сұрақ.Сын есім сөздері қатысқан өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді ата?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақтың тұсаукесері       

Қызығушылықты ояту

5-сынып

6-сынып

Өлең шумағын дәптерге жазғызу

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

Жазып болған соң, өлеңді дауыстатып бір оқушыға оқытамын, қарама-қарсы сөздерді тапқызамын.

 

Әр оқушы өз атын тез-тез кезекпен атап,  есімінің бас әрпінен басталатын сын есім сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш қандай? Сұлу, сымбатты т.б. 

 

 

ІІ.Негізгі бөлім

  Жаңа сабақты түсіндіру:

5-сынып

6-сынып

 

Ойын:«Сыңарын тап» шармен ойналады. (Оқушылар мұғалім айтқан сөздердің сыңарларын табады.) Ыстық-суық, шашу-жинау, алыс-жақын, күн-түн, биік-аласа.

Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Антонимдер» Берілген сөздерді оқытып, ережені оқушыларға қорыттыру.

 

Дәптермен жұмыс.

5 антоним сөз жаздырту.

- Балалар қазақ тілінде неше сөз табы бар? Олай болса, антоним 9 сөз табының ішінде сын есім, зат есім, үстеу, етістік, есімдіктерден жасалады.

 

Ауызша көп нүктенің орнына антонимдерін тапқызу.

Тірек сызба.                

 

Антонимдер

 

Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

Ауыр-.....,

кең-......,

ыстық- .....,

жас-......,

артық-....,

аш-...., арық-

Озу-....,

кету-....,

қону- ....,

шашу- ....,

ашу-....,

кіру-.......

Өтірік-.....,

обал-......,

алғыс-....,қарғыс-...,

рахат-....,

бақ-......

Анау-....,

әне-....,

осы-....

Ерте-....,

ақырын-....,

жоғары-....,

алыс-....,

әрі-.....

 

 Жаттығумен жұмыс:

87-жаттығу

Оқушылар орыстың тарихшы-ғалымы  Радловтың қазақ  балалары туралы жазған ой-пікірінен үзіндіні оқып,өз беттерінше ішінен антонимдерді табады..

Әсем-сүйкімсіз (ұсқынсыз), тез-баяу (жай), шебер-олақ, зор-әлсіз.

 

Тірек-сызбамен жұмыс

Сын есімнің жасалуы

 

 

Тұлғасына қарай

 

 

 

 

Негізгі сын есім

 

Туынды сын есім

 

Қара, биік, таза

Өнерлі, кешкі, түлкідей

 

Құрылысына қарай

 

 

Дара

Күрделі

 

Жақсы, сары

Қызыл-жасыл, ақ сақалды

 

 

Жаттығумен жұмыс:

133-жаттығу.

Негізгі сын есімдерді бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.

 

Негізгі сын есімдер

Туынды сын есімдер

Қысқа, жүйрік,

Тоғайлы, еңбекқор

 

 

 

Топтық жұмыс

135-жаттығу.

 Оқушыларды екі топқа бөле отырып, төмендегі тапсырмаларды орындатқызу

1 Екі топ та өз өлең шумақтарын оқып шығады

2 Әр топ өлеңдерін бір-біріне сурет арқылы жеткізеді.

3 Туынды сын есімдердің жасалу жолын айтады.

 

Сергіту сәті.

Музыкалық әуенмен дене қимылдарын қозғалтатын жаттығулар орындатқызу.

 

 

Сабақтың қорытындысы.

Перфокарта бойынша жұмыс

 

Антонимдер

Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

күлу-жылау

 

 

 

 

 

жаз-қыс

 

 

 

 

 

әне-міне

 

 

 

 

 

жоғарғы-төмен

 

 

 

 

 

күн-түн

 

 

 

 

 

терең-саяз

 

 

 

 

 

ерте-кеш

 

 

 

 

 

 

Сабақтың қорытындысы:

 

Сұрақтар қою

 1 Сын есім дегеніміз не?

2 Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

3 Туынды сын есімдерге мысал айт.

4 Құрылысына қарай қалай бөлінеді?

5 Күрделі және дара сын есімдерге мысал келтіріңдер

 

 

 

Үй тапсырмасы:

98-жаттығу, 45 бет

 

Бағалау       

 

Үй  тапсырмасы:

140,141-жаттығу, 69 бет

 

Бағалау

Рефлексия (Кері байланыс)
«Ым-ишара» арқылы сабақтан алған әсерлерін білдіреді

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Антонимдер
Сын есімнің жасалуы
Сын есім
Зат есім
Сын есім
Зат есім
Сын есім
Сын есімнің мағыналық түрлері
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3533 | Қосты: Акипова Сания Казезтаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык