Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 6-сыныпқа арналған «Батыс Қазақстанның жергілікті ақындары» курсының оқу жоспары.


6-сыныпқа арналған «Батыс Қазақстанның жергілікті ақындары» курсының оқу жоспары.

    6-сыныпқа арналған «Батыс Қазақстанның жергілікті

ақындары» курсының оқу жоспары. 

  Түсінік хат

                       Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.

                     Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін қазақ  әдебиетін сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиетін  оқытуды «өлкетану» бағыты  арқылы бекітетін болсақ, оқушының көркем шығармаға санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» бағыты бойынша әдебиет пәнін енгізіп оқыту – еліміздің ,әсіресе, өз өлкеміздің жергілікті ақындарын  тануға негіз қалар еді. Мектепте әдеби- өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды  әдебиет  сабақтарында пайдалану өте маңызды.

                   Қазақстанның барлық өңірлерінде өз ақындары жетерлік, сол себепті «Өлкетану» бағытында әдебиет  сабағында  оқушылардың өз облысының  жергілікті ақындары туралы өзіндік ғылыми  ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет ретінде курста  Қ.Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» , «Балауса»  1,2 томдары мен А.Бақтыгерееваның »Ақ шағала», »Сүмбіле» атты жыр жинақтарын пайдаландым.

                     Өз облысының жергілікті ақындарының,соның ішінде Қадыр Мырзалиев пен Ақұштап Бақтыгереева сынды ақындардың   өмірі мен  шығармашығын оқытып үйрету оқушыларды азаматтық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді деп сенемін.

 

 

Курс бөлімі:

 

А)  Ақындық ірілік,шығармашылық дара (БҚО-ның жергілікті ақындары туралы)

 

Ә) Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға   болып қалыптасқан ақын- Қ.Мырзалиев

 

Б)Сыршыл,шынайы да шұрайлы  жыр иесі-А. Бақтыгереева.

 

 

           Бағдарлама оқу үрдісінде жылына 34 сағат, аптасына 1сағат.

                                         Курстың негізгі тұжырымдамасы:

  1. Мектепте әдеби -өлкетану жұмысын жүргізу.
  2. Өз жерінің жергілікті ақындарының, Қ.Мырзалиев пен А. Бақтыгереева  өмірі мен шығармашылығымен танысу ,олардың көркем шығармаларын  оқыту.
  3. Оқушы бойына адамгершілік қасиетті қалыптастыру.
  4. Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту

 

                                       Курстың мақсаты:

Әдебиет сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы Батыс Қазақстанның  жергілікті ақындарының шығармашылығымен танысу, оқушының зиялы қауым-ақынға деген құрмет, ақындық құдіретіне деген  сананы қалыптастыру.

 

                           Курстың міндеттері:

-оқушының әдеби  біліктері мен дағдыларын жетілдіру

-оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру

-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу

 

                                         Курстың құзыреттілігі:

        Ақынның шығармаларымен тереңірек танысып, өлеңдері мен жазбалардың тақырыбы мен олардың идеялық мұратын шығармаларына сүйене отырып ашу.

                                         Коммуникативтік:

           Оқушыларды шығармалардың идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру

 

                              Атқарылатын жұмыс түрлері:

  1. Батыс Қазақстан ақындарының шығармашылығын  зерттеу жұмыстарын жүргізу
  2. Ақындар туралы материалдар жинақтау
  3. Батыс Қазақстанның жергілікті ақындарының  мұражайларына жорық ұйымдастыру
  4. Ақындар туралы әдеби  кештерін ұйымдастыру
  5. Шығармашылық  конференция, пікір-талас ұйымдастыру
  6. Қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау

 

                                 Күтілетін нәтиже:

  1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.
  2. Оқушылардың жергілікті ақындарына  деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.
  3. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өлкетану дегеніміз не?
Атамекен - алтын бесік
Кәрімтану факультативі
Экология негіздері
Жеті қазына
Ұлттық шешендік өнер
Қолданбалы курс тақырыбы: Өлкетану
Биоэкология қолданбалы курсы
«Ақұштап поэзиясын тану» қолданбалы курсы
Абай және батыс әдебиеті
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2676 | Қосты: Султангереева Гулайым Орынгалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык