Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 2138 |
|
|
|
Жұмыс үстелінің безендірілуін баптау. Сілтеуішпен жұмыс істеу. Windows 98 жүйесімен және Себетпен жұмыс істеу
Жұмыс үстелінің безендірілуін баптау. Сілтеуішпен жұмыс істеу. Windows 98 жүйесімен және Себетпен жұмыс істеу
Зертханалық жұмыс №3.3.
Тақырыбы: Жұмыс үстелінің безендірілуін баптау. Сілтеуішпен жұмыс істеу. Windows 98 жүйесімен және Себетпен жұмыс істеу
- Компьютерді қосыңыз, операциялық жүйенің толық қосылуын күтіңіз. Жұмыс үстелінің бос жеріне тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
- Жанама менюден Қасиеттер (Свойства) бөлімін таңдаңыз, сонда Қасиеттер: Экран(Свойства:Экран) сұхбат терезесі ашылады. Фон қыстырмасының ашылғандығына көз жеткізіңіз.
- Жұмыс үстелінің суреті тізімінен Өзен (немесе қалауыңызша басқа суретті) суретін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс үстелінің фоны өзгергендігіне көз жеткізіңіз.
- Ашылған Орналастыру (Перемещение) тізімінің көмегімен Фон қыстырмасындағы суреттің фонын өзгерте отырып, 1-3 бөлімдерді қайталаңыз. Экранды безендіруде Созу, Орталыққа, Жанына (Растянуть, По центру, Рядом) әдістері қалай әсер ететінін байқаңыз.
- Суреттің фонынан Орнамент объектісін таңдап, орналасу әдісі Созуды (Растянуть) пайдаланып 1-3 бөлімдерді қайталаңыз.
- Сілтеуіш(Проводник) программасын іске қосыңыз.
- Сілтеуіштен Windows 98 іздестіру жүйесін іске қосыңыз (Сервис→Поиск→Файлы и папки)
- Іздестіру жүйесінің көмегімен Жұмыс үстелінің фондық суреттері қайда сақталғанын анықтаңыз. Ол үшін Атау (Наименование) өрісіне Өзен объектісінің атын енгізіңіз. Қайдан іздеу керек (Где искать) өрісіне қатқыл диск С: таңбашасын орнатыңыз да, Енгізілген қаптамаларды қоса алғанда (Включая вложенные папки) жалаушасының орнатылғанына көз жеткізіңіз. Табу (Найти) командасын орындау арқылы іздеу процесін жүргізіңіз.
- Өзен объектісі табылған соң, Іздеу нәтижесі панелінде оның орны – С: Windows қаптамасы көрсетіледі.
- Іздестіру жүйесінің терезесін жауып, Сілтеуіш(Проводник) терезесіне оралыңыз. Сол жақ панельден С: Windows қаптамасын тауып, ашыңыз. Айналдыру сызғыштарын қолдана отырып, оң жақ панельден Өзен объектісін табыңыз. Жұмыс үстелінің осы және басқа да фондық суреттері мен өрнектері қай пішімде сақталғандығын көріңіз.
- Жұмыс үстелінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін Себет (Корзина) таңбашасы көрініп тұратындай етіп жылжытыңыз.
- Сілтеуіштің (Проводник) оң жақ панеліндегі Өзен белгісін Себет (Корзина) таңбашасына алып барыңыз. Себетке(Корзина) объектіні апарып тастау қажеттілігі жайлы сұраққа құптайтындай жауап беріңіз.
- Орау батырмасын шерту арқылы Сілтеуіш (Проводник) терезесін бүктей тұрыңыз.
- Қасиеттер:Экран (Свойства:Экран) сұхбат терезесінің Фон қыстырмасын ашыңыз.
- Жұмыс үстелінің фондық суреті (Фоновый рисунок рабочесго стола) тізімінде Өзен сурет жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
- Себет(Корзина) таңбашасын екі рет шерту арқылы оны ашыңыз.
- Бұрын сақталған орнына Өзен объектісін қайта қалпына келтіріңіз (объектіні ерекшелеп алып, Файл→Восстановить командасын орындау керек).
- Қасиеттер:Экран (Свойства:Экран) сұхбат терезесінің Фон қыстырмасын ашыңыз. Жұмыс үстелінің фондық сурет тізімінде Өзен суреті бар екеніне көз жеткізіңіз.
- Барлық ашылған терезелерді жабыңыз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |