Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспары


Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Тақырыбы:

Санды жүздіктерге жазбаша көбейту және бөлуді қайталау.

Мақсаты:

Санды жазбаша көбейту және бөлуді меңгертуде оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Деңгейлі тапсырмалар орындата отырып, білімдерін толықтыру.

Сілтеме:

МАН 2013 жыл, оқулық, АКТ көздері, электронды оқулық, үлестірме материалдар.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар сын тұрғысынан ойлай отырып, жазбаша көбейту және бөлудің меңгереді. Берілген тапсырмалар арқылы білімдерін толықтырады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, Блум таксономиясы, сәйкестендіру, «Аялдама» әдісі, «Бумеранг» тәсілі, «Үш қадамды сұхбат»

АКТ-ны қолдану: презентация, электронды оқулық,

Жас ерекшелікке сәйкес оқыту: деңгейлі тапсырмалар.

Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, Критерийлер бойынша бағалау.

Негізгі дереккөздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2013 жыл, математика оқулығы, әдістемелік жұмыс, ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістемесі А.Әлімов Алматы-2013.

Сабақтың барысы:

Коуч әрекеті:

Тапсырмалар береді.

Оқушы әрекеті:

Тапсырмалар орындайды, талдайды.

Ұйымдастыру.

 2 минут

Оқушыларды әр түрлі түсті қарындаштар арқылы топтарға бөлу.

Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.

Білу.

3 минут

Өткенді еске түсіру. Санды жүздіктерге көбейту мен бөлуді жазбаша қалай орындаймыз?

Оқушылар ауызша талдап айтады. Көбейту мен бөлудің жолдарын ажыратып айтып береді. Бірін-бірі толықтырады. Есептеу алгоритмін айтып береді.

Түсіну.

Оқулықпен жұмыс.

2 минут

Есте сақталған мәліметтерді таныс жүйеге түрлендіру. №1, №2 тапсырмаларды жұппен орындату. Жазбаша көбейту мен бөлуді өздеріне орындату.

Жұппен жұмыс.

Жазбаша көбейтуді және бөлуді жұптасып орындайды. Бір-біріне қолдау көрсетеді. Әр жұп жұмыстарын қорғап шығады.

Электронды оқулықпен жұмыс.

5 минут

 Жазбаша орындау тәсілін электронды оқулық арқылы түсіндіру.

Өз жұмыстарын оқулықтағы берілген жұмыспен салыстырады.

Қолдану.

Тақтамен жұмыс.

В, С деңгейлі оқушымен жұмыс. 7 минут

№3. Амалдарды орындау.

580•40   542 400÷600

260•70  103 800÷300

74 200 ÷70

768 000 ÷ 80

Әр топтан бір оқушы шығып тақтада жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды. Қатемен жұмыс жасалады.

Талдау. «Аялдама» әдісі.

12 минут

1-топ. №5 Шарты:

U1- 12 км/сағ

U2- 14 км/сағ

T- 3 сағ.

S-? Км

Шешуі: (12 км/сағ + 14 км/сағ) • 3 сағ=  78 км

2-топ. №6

3-топ. №7 есептер бір біріне ұқсас. Кері есептер.

Сұрақ: Бұл қандай есептер?

1-топ. №5

2-топ. №6

3-топ. №7

Есептерді топта бір-біріне көмектесіп отырып  шығарады. «Аялдама» әдісі арқылы топ басшысы басқа топ мүшелеріне есепті қалай шығарғанын түсіндіреді. Қатемен жұмыс жасалады.

Оқушылар кері есептер екенін ажыратып айтады.

Жинақтау.  Сәйкестендіру.

8 минут

Оқушыларға қиылған қағаздар беріледі. Ол қағаздарда жазбаша көбейтуге және бөлуге арналған көбейтінділер мен бөлінділер беріледі. Сонымен қатар олардың шешілу жолдары жазылған қағаздар да таратылады.  Әр оқушыға бір тапсырмадан беріледі. Тақтада ілінген тапсырмаларды қолдарындағы тапсырмалардың жұптарымен сәйкестендіреді. Шешу жолын талдап айтады.

      

 

                      

Бағалау. «Үш қадамды сұхбат»

2 минут

Ойын: Санның бөлігін тап.

Оқушылар ондыққа және жүздікке көбейту мен бөлуді салыстырады.

Есептеуге өз ойларын қосады. Пікір айтады. Бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді, сұрақ қояды, пікір айтады.

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия бөлімі.

2 минут

Кері байланыс орнату.

Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар?

Парақша толықтыру.

Білдім.   Білгім келеді.    Үйренемін.

Үйге: №4, 9 тапсырмалар.

Бағалау.

2 минут

Өзін-өзі бағалау.

Критерийлер бойынша бағалау.

Жазбаша көбейте білу.

Жазбаша бөлуді білуі

Есепті шығару.

Талдай білуі.

Сәйкестендіру.

 

Ана тілі  пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы:

Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек.

Мақсаты:

Автор туралы тереңірек түсінік беру. Өз бойынан жақсы және жаман қасиеттерді таба отырып, өлеңдегі негізгі идеяны таба білуге үйрету.

Сілтеме:

МАН 2013 жыл, оқулық, АКТ көздері, электронды оқулық, үлестірме материалдар.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар Абай шығармасындағы өзіне таныс емес қырын табады. Өз бойынан жақсы және жаман қасиеттерді іздеуге, оны түзетіге үйренеді.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, Венн диаграммасы, кластер құру, Ой қозғау, Орны ауыстырылған әріптер, Кестені толтыру.

АКТ-ны қолдану: презентация, электронды оқулық, мәнерлеп оқу.

Дарынды және талантты балаларды анықтау: өлең шығару, шығарма жазу, мәнжазба жазу.

Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, шығу парағы, Критерийлер бойынша бағалау.

Негізгі дереккөздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2013 жыл, Ана тілі оқулығы, әдістемелік жұмыс, ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістемесі А.Әлімов Алматы-2013.

Сабақтың барысы:

Мұғалім әрекеті,  тапсырмалар

Оқушы әрекеті:

Ұйымдастыру.

Оқушыларды Абай өлеңдерінің өлең жолдары арқылы төрт топқа бөлу. «ЖАЗ» , «КӨКТЕМ», «ҚЫС», «ЖАЗҒЫТҰРЫ»

Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.

Проблеманы анықтау. 

Оқушыны жаңа білім алуға белсенділендіру.

-Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

-Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?

-Абайдың тағы қандай шығармалары бар?

-Абай ата туралы не білеміз?

 

Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек.

Тақырып бойынша мақсат анықтау.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты -  Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін  Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

 

Ол үшін алдымен «орны ауысқан әріптер» ойынын ойнатамын.

«БАЙА, СБРАЫЗС, ЗЫРАС, РЕНІШКЕ» осы әріптерден сөз тайып шығарады.

Кластермен жұмыс.

1-топ. Абай кім?

2-топ. Абай шығармасындағы тәрбие.

3-топ. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің негізгі идеясы.

4-топ. Абай аудармаларынан «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсету.

Абай Құнанбаев туралы қосымша мәлімет:

 

Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан , әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.

Проблеманы шешу.

Оқулықпен жұмыс.

1) Тыңдалым стратегиясы.

Мәнерлеп оқу электронды оқулығынан «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі жіберіледі.

2) Оқылым стр-сы.

1) Электронды оқулықтан тыңдайды.

 

2) Оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқиды.

Талдау.

Айтылым стр-сы. Абай өлеңіндегі айтылған ой нені меңзейді? Не айтқысы келді?

Оқушылар әр сөздің мағынасын ашып талдау жасайды.

Глоссарий

Астарлы мағынаны ажырату.

Алауыз, күндейді, мертігеді, міндейді сөздерінің мағынасын ашу.

Сөздік жұмыс жасайды. Өлең соңындағы сөздікті дәптерге жазады.

Проблема шешімін қолдану кезеңі.

Ашық сұрақтармен жұмыс.

Венн диаграммасы. Абайдың екі өлеңіне талдау жасау.

 

Абай осы өлеңінде адамның қандай жаман мінездерін айтты?

Ғылым таппай мақтанба.   Сабырсыз, арсыз, еріншек.

айырмашылық                ұқсастық

Адамның мінез - құлықтары

2 – тапсырма.  Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр. 

 

Жағымсыз

Жағымды

 

 

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С. Сейфуллин. Ақсақ киiк. Ана тілі
С. Мұқанов. Көкшенiң көрiнiсi
Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау
Сын есім
Елтаңба мен Ту туралы жыр.
Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Модель және модельдеу
Рационал сандарды бөлу
А. Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Абай Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 5994 | Қосты: Шарғабаева Жанаргул | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык