Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сүйінбай –озық ойлы, өткір тілді айтыскер ақын.


Сүйінбай –озық ойлы, өткір тілді айтыскер ақын.

Сүйінбай –озық ойлы, өткір тілді айтыскер ақын.

Сабақтың тақырыбы:  Сүйінбай –озық ойлы, өткір тілді айтыскер ақын.

Білімділік: Ақынның өмір жолы, туған өлкесі, жүрегінен жарып шыққан

туындыларының тақырыбы, өткір тілді өлеңдерімен әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы тұрғаны қақында;

Дамыту: «Екейде елу бақсы, сексен ақын» демекші 60 жыл бойына үздіксіз халқының мұңын жоқтап, айтыста дес бермеген жүйріктігімен халық құрметіне бөленіп, кейінгі ақындарға үлгі болғандығын дәріптеу,

Тәрбиелік: Мұражайынаралап, рухани құндылықтар туралы көргендерімен бөлісу,оны құрметтеуге шақыру.

Сабақтың  түрі: семинар сабақ

Көрнекілік:Ақын суреті, слайдтар,қажетті дәйексөздер.

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру (ақынның өміріне шолу жасату, өлеңдерін жатқа оқу)

Үй тапсырмасын қорыту үшін сұрақ – тапсырмалар

1.Сүйінбай Аронұлының елі,руын атайық.

2.Ақынға ақындық, шешендік қайдан дамыған, қалай ойлайсыңдар?

3.Ақынның жастайынан жетім қалып, көп қиындық көргені туралы қай ақын не    деп еді?

Жаңа сабақ.ХХ ғас-дың 30-жылдарынан бастап, 80- жылдардың соңына дейін 60 жылдан астам үздіксіз жырлаған, тілінің өткірлігімен,туған елінің ары мен ұжданы,бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен,момын шаруаның мүддесін қорғаған,халықтар достығы мен туысқандығын жырлағаназамат ақындардың бірі – Сүйінбай Аронұлы.Ол қарапайым халықтың арасынан шыққан,сол ұяны жанындай жақсы көрді.Бар ғұмырын,өнерін соларға арнады.Оның өлеңдерінің күші де халықтық сипатында болса керек,әрі Күсеп атасынан бері жыршы,қобызшы болған Сүйінбайдың да шешен,айиыскер ақын болмауы мүмкін емес те еді.Ақындық Сүйекеңе жастайынан дарыған.Ол туралы өзі «Түс» өлеңінде айтып кетеді.                                                                                                                              ----   -Бір оқушы Шүйбек байдың қойын бағып жүргендігі туралы айтып,өлеңді жатқа оқиды.

     Ал ақынныңелжандылығын «Әділеттік орнаса» өлеңіндегі :

                     Халықты тілмен қорғадым,

                    Сөз шындыққа келгенде,

                    Бас кессе де болмадым.

                    Құтылып жарлы кеткенше,

                    Зорларды сөзбен торладым, - дегенінен –ақ байқауға болады.Бұл тұста Сүйінбайдың тілегі мен өлең мақамының Абайдың:

                    Жүрегімнің түбіне терең  бойла

                    Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

                    Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

                    Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! -  деген жолдарымен сарындас болып келетінін айту керек.

     Қазақта, екей ішінде тілінің өткірлігімен тасты тіліп,табиғатынан талантты ақын Сүйінбай секілді түсіне өлең кірген,іңгәлап түскен жері,бесік жырын тыңдаған елі,шыққан тауы бір тағы бір ақын бар.Ол жыр алыбы – Жамбыл.Бұл екі ақынның екеуі де 13-15 жастарында ақындықтың алғашқы әліппесін ашқан.

    Аумалы-төкпелі заманда дүниге келген Жамбыл:

                   Өлең кірген түсіне

                   Жөргегінде мен болам , - деп өзі айтқандай,өмірге өлең болып туылғаны рас.Ылғи ақын әрі батыр шапыраштыдан Сүйінбай мен Жамбылдай

Ақындардың тумауы мүмкін емес те еді. Мұны:

Екейде елу бақсы, сексен ақын,

                   Жаратып мінеді екен, ерттеп атын.

                   Қобызы,домбырасы үнін қосып,

                   Гулейді жын соққандай кешке жақын, - деген Шыбыл шалдың сөзі дәлелдей түседі.( енді Сүйінбай мен Жамбылдың кездесіп,бала Жамбылға бата бергені жайлы тыңдап көрелік.Келесі оқушы айтады).

     Осы жерде Сүйінбай Жамбылға шын ақынға қойылатын талаптарды атап, өзі ұстанып келген ақындық жолын сілтейді.Ал бұл ұстанымдарды кезінде ұлы Абай да ұстанып келген.Ол:

                 Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы

              Қиыннан қиыстырар ер данасы.

              Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,

              Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

              Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел

              Сендерге де келейін енді аяңдап,  - деп өнердің бұл түріне,ақындыққа

жоғары талап қойып, ерекше баға берген.

      Асылы қай заман ақыны болмасын,өздерінің өзегін жарып шыққан төл туындыларында сол заман туралы көздерімен көрген,қолымен көтерген елдің тұрмыс-тіршілігі, мұңы, зары,арманы, алға қойған мақсаты сөзге тиек, жырға жалау,арқау болған. Ендеше,С. Аронұлының өлеңдерінде, дастандарында ол өмір сүрген ХХ ғ. қазақ елінің заман көрінісі суреттерінің көз алдымызға келуі орынды. Ес білгелі қолында билігі, қолтығында байлығы бар шонжарлардың қарапайым шаруа халыққа істеген зорлық-зомбылығы мен әділетсіздігін көріп өскен ақын халық жоғын жоқтады,мұңын мұңдады,шығармаларына тиек етті. Атқамінерлердің озбырлық іс-әрекеттерін өткір тілмен тілгілеп,беттеріне басты. Сондай өлеңдерінің бірі Тезек төремен кездесу кезінде туады. Оқиғаны тыңдау үшін келесі оқушыға сөз берейік.

       Сүйінбайдың батылдығы жас кезінен-ақ бойынан орын тепкен, қанымен біткен қасиет.Оны оның нағашыларына барған кездегі айтқан өлең жолдарынан анық көруге болады.Тыңдап көрейік. («Ел аузынан»   154-155 бет)

    Ақынның ендігі бір топ өлеңдері ел бірлігін,тәуелсіздігін,сол жолдағы халық арасынан шыққан ерлердің ерлігін жырлауға арналған.Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп,қиын-қыстау кезеңде (1840-1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын қосып,әсіресе, екей руының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады.Ол тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тәуелсіздік үшін күреске шақырады.Ел үшін ер атанған батырларына арнап «Өтеген батыр» ,»Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Қарасай батыр» сияқты толғауларын шығарған.(екі-үш оқушы толғауларының бір-екеуіне тоқталып,үзінді оқып,Сүйінбайдың таңды-таңға ұрып халық дастандарын да жырлағанын айтады.)

      Ақын өлеңдерінің бір парасы тікелей елдік, ерлік тақырыбына арналып қана қоймай,ұран өлеңдерге айналып, гимн іспеттес болып кеткені белгілі. Атап, айтсақ, «Бөрілі менің байрағым» деген өлеңі.Бұл өлең туралы 1984 жылы қазақ көркем әдебиеті тіліне арналған республикалық конференцияда академик жазушы Ғ.Мүсірепов: «Бөрілі менің байрағым» деген шапырашты елінің жауға аттанарда айтатын ұран өлеңдері болған»,-деп айтқан ұлы шығармаларының бірі екен. (Бөрілі байрақ суретін көрсету,бір оқушы  жатқа оқиды).

 

Мұғалім:

1.Өлеңде қандай бабаларымыздың аты аталады?

2.Олар туралы не білеміз?

3.Байрақ суретіне сипаттама берейік.

Келесі кезекте осы өлеңге «Дана үкілер» технологиясы» бойынша талдау.

1.Бір оқып шығыңдар (өлең беріледі ,10 м. уақыт)

2.Өлеңдегі негізгі ойды бір ауыз сөзбен түйіндеу.(мақал-мәтел,нақыл сөзбен)

(«Бөлінгенді бөрі жейді», «Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді»).

3.Суретпен,иллюстрация,сызба арқылы бейнелеп көрсету.(мысалы бұлтты күн,арба суреті,яғни алдыңғы арба қайда барса, соңғысы сонда барады деуге).

4.Тәрбиелік мәнін ашатын өлеңнен үзінді оқу (1 шумақ)

     Ал осы өлең арқылы қазақ халқының бойындағы,шапырашты руының ерен қасиеттеріне сипаттама берейікші.Оқушылар қорытады.

 

 

                                                         ұлтжанды                     намысшыл

                     Батыр          

 

 

 

 

Жауынгер халық                                                  қонақжай

                                                               Бірлікшіл

Мұғалім:Балалар мен қазір кезде бөрі бар дер едім.Келісесіңдер ме? Келіссеңдер қазіргі бөрілер кімдер?Олар қайдан шығады? Олар туылғаннан сондай  десем келісесіңдер ме? Әлде қалай?

Оқушылар өз ойларын айтады.

    Балалар біз ақын өлеңдерінің тақырыбыжан-жақты, тәрбиелік мәні жоғары дедік.Оған оның нақыл сөздері және «Жақсы мен жаманның айырмасы», «Жақсы мен жаманның қасиеттері» өлеңдері дәлел.(Өлеңдерінен үзінді оқытып, нақыл сөздерін сұраймыз).Философияға бой алдырған түйінді өлеңдерінен үзінді оқытып, түйін жасатамыз.

    Енді академик жазушы М.Әуезов: «Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп аса жоғары баға бергендігін айта отырып, ол ол кезде небәрі 12 жаста болған, алғашқы айтыстарын құспен, қарғамен айтысудан бастағанын айта кетуіміз керек.Ақын Қаңтарбай, Күнбала, Тәтті қыз, Уәзипа, Тезек төре,Қатаған т.б. ақындармен сөз сайысына түсіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған .Әсіресе ерекше атап өтетін айтыс үлгісі қырғыздың от ауызды айтыскері Қатағанмен айтысы. Бұл айтысы шәкірті Жамбылдың аузынан жазылып алынып, араб әрпімен 98 беттен ,4447 тармақтан тұратын кітап болып басылып шыққан. Бейне суретін көрсетіп, оқиғасын оқушылар-дан естиік.

 Қорыту.   Сабақты қорыту үшін  оқушылар  С.Аронұлы мұражайына саяхат кезінде жасалған  слайдтар түсіндіріле отырып көрсетіліп ,арнау өлеңдер оқылады.

Бағалау.

Үйге: «Бабамнан қалған асыл қазына» немесе «Кір жуып кіндік қаным тамған жерім» тақырыбына эссе жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оқушы шығармашылығы
Сүйінбай Аронұлы «Жақсы менен жаманның айырмасы»
«Шәкірт балаларға» Ж.Жабаев
Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Ақ қарда туған алыптар
Ж Жабаев, Жаныс ақынға
Жамбыл Жабаев Менің өмірім
Жамбыл – айтыс ақыны
Менің өмірім. Ж. Жабаев
Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 15176 | Қосты: Садвакасова Сауле Адилхановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык