Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаз айлары


Жаз айлары

Жаз айлары

Сабақтың тақырыбы:  Жаз айлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру.  Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе  алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету

Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа   тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: интерактивті сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың әдіс-тәсілі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, аудару,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме балалар?

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Өте жақсы. Балалар, қазір мен  сендерге бір жұмбақ айтамын, кім жауабын тез таба алады екен?

-           Қойны толы жеміске, 
Көк майсалы еңіске. 
Көбелек қуып ойнайтын, 
Қай мезгіл деп ойлайсың?

 - Балалардың жауабы: жаз мезгілі.

-  Өте дұрыс. Ал, сендерге қай мезгіл ұнайды?  Неліктен?

 -       Ендеше бүгінгі біздің сабағымыз жаз мезгілі туралы болмақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жаз айлары».

 ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі. ( Тақтадан слайд көрсетіледі.)

Жаз айлары  - маусым, шілде, тамыз. Жаз – жылдың ең ыстық мезгілі. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жаз айында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, бақтарда әр түрлі құстар ән салады. Жаз айының ауасы да ерекше. Жазда жазғы демалыс болады. Демалыста біз демаламыз. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені бұл кезде жұмыс көп болады.

 ІІІ. Суретпен жұмыс. (Оқулықтағы суретке қарап, әңгіме құрастырамыз.)

 Жаз келді. Жазда күн ыстық болады. Жеміс – жидектер піседі. Айдос алма ағашының көлеңкесінде демалып жатыр. Ол өте көңілді. Айдана көбелек қуып ойнап жүр. Жаз мезгілі - өте қызық.

 ІҮ. Сөздікпен жұмыс.

 Ү.Тапсырмалармен жұмыс.

1 – тапсырма. (оқимын, оқушыларға қайталатамын, түсінгендерін сұраймын)

Жаз. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жаз – ең ыстық жаз мезгілі.

 2 – тапсырма. (Сұрақ – жауапты оқу.)

 - Мынау не?

- Бұл – көбелек.

- Қандай көбелек?

- Әдемі көбелек.

 -       Мынау не?

-       Бұл гүл.

-       Қандай гү?

-       Қызыл гүл

 

3 – тапсырма. (Сұраққа жауап бер)

 Астанаға

лагерге

ауылға

 -       Ал, сендер балалар, жазда қайда барасыңдар?

-       Қайда барғыларың келеді? Қандай жоспарларың бар?

 (Оқушылармен ой бөлісу.)

 

4 – тапсырма. Дәптермен жұмыс. Сызба бойынша сөйлем құрастыру.

Үлгі: Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

 

5 – тапсырма. Топпен жұмыс. Сөйлемді өрбіту. (3 қатардағы оқушыларға ай аттары жазылған 3 үлестірмелі парақша беремін. Әр ай атын оқушылар үлгі бойынша өрбітеді)

Жаз.

Бұл – жаз.

Бұл – жаз айы.

Бұл – жаздың тамыз айы.

 ҮІ. Сабақты бекіту.

-       Жаз айларын ата.

-       Жылдың ең ыстық мезгілі қай мезгіл?

-       Жазда оқушылар не істейді?

ҮІІ. Қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма.

  1. Жаз айларын қайталау.
  2. Сөздік жаттау, дәптерге көркем етіп жазу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шығарма. Жаз.
«Жайдары жаз»
Көктем
Жыл мезгілдері
Кім болғым келеді?
Кім болғым келеді?
КӨКТЕМ
Уақыт. Тәулік
Уақыт. Тәулік
Жазғы еңбек
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 22820 | Қосты: Акимжанова Гульжан Муратбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык