Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп.


Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп.

   Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулі қалай                    және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп.

                                                                         Ұстаз талантты болса,

                                                                        Шәкірті талапты болады.

                                                                                Халық даналығы

  Сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.[1]

 Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.

  Осы қажеттіліктен білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отыр. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыни ойлаудың маңызы зор деп ойлаймын.  Сыни ойлату арқылы оқыту қазіргі таңда жиырма тоғыз мемлекетте қолданылады екен. Бұл идеялардың негізін қалаушы ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит, Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтар және  басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері   көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктіріліп келеді. [2]

 Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. [1]         

 Сыни тұрғыдан ойлау- ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

  Бұл модульді  алған себебім: оқушыларды оқу мен жазуда  сыни тұрғыдан ойланып, мәселенің шешімін табуға,өз пікірін жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болатын.

  Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту- күрделі міндет, сондықтан когнитивті психологияның негізгі  түсініктері мен тұжырымдамаларына көңіл аудару қажет.

  Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.[1]

  Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену,проблемалық, пікір-сайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді.Қазіргі таңда оқушыларды кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларға сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.

 Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл модуль оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.

 Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар.

  Бұл құрылым 3 сатыдан  тұрады: итермелеу сатысы, конструкциялау сатысы, нұсқалау сатысы.

 Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін  талап ететін  проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту  идеясы. Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен   сыни ойлауға  үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру арқылы мүмкіндік жасау

2.Оқушыларға ойлануға рұқсат беру.

3.Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау.

4.Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

5.Сенімділік.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

- Топқа бөліп ой қозғайды

- Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

- Шығармадағы ең қажетті, құнды нәтижені анықтауды ұсынады.

- Ойларын жазуды ұсынады

- Қорытындылауға бағыттайды    

Оқушылар іс-әрекетінде мынадай өзгерістер байқалады:

1.Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.

2.Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.

3.Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады.

4.Оқушылар сабақтың басынан бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады.

5.Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады.

6.Өзін-өзі бағалауға

7.Саралауға

8.Ғылыми жұмыспен айналысуға

9.Өз пікірін қалыптастыру «Мен» деген рөлін көтеру.

 «Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын  жаңа сабақты өз бетінше меңгерту үшін қолданған тиімді. Сабақты өз бетінше меңгеру үшін  мағынаны тану кезінде түртіп алу әдісін пайдаланамын. Бұл әдісті мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданамын. Оқушы ең алдымен тақырыпты өзі оқиды, таныс мәліметтерді белгілейді, өзі білмеген мәліметтерді табады да кестені толтырады, білмегенін мұғалімнен сұрайды, нені білгісі келетінін айтады. Мысалы, «Негізгі  және туынды етістік» тақырыбындағы сабағымда «етістік туралы не білемін?», «негізігі және туынды етістік туралы не білгім келеді?» , «негізігі және туынды етістік туралы не үйрендім?» деген сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырды. Өздерінің ойларын ашық жеткізді және әрбір оқушы негізгі және туынды етістік туралы бір нәрсе үйреніп кетті.

Жалпы сыни ойлау арқылы  оқыту барысында мұғалімдер:

Оқушыларды топқа бөліп ой қозғатуды;

Оқушыларды тақырыпқа қызықтырып бағыттауды;

Тақырыптағы ең құнды мәселелерді анықтап  ұсынуды, зерттеуді;

Оқушылардың өз-өздерін реттеуге, бағалауға, білімдерін өздіктерінен саралауға бағыттауды;

Оқушылардың, әріптестердің, тренерлердің ұсыныс-пікірлерін қабылдауды;

Сыни тұрғыдан ойлай отырып мәдени күнделік толтыруды үйренеді.

Алайда бұл кезеде қиындықтар  да кездеседі:

Кейбір оқушылардың ойлау деңгейлерінің төмендігі;

Сөздік қорларының аздығынан өз ойларын толық жеткізе алмауы, яғни берген жауаптарына дәлел келтіре алмай қысқа жауап беруі;

 Оқушының өз-өзіне сенімсіздігі, жауабына күмәндануы;

Аталған қиындықтарды шешу үшін:

1.Оқушылардың танымдық деңгейлерін дамыту мақсатында анимациялық фильмдер көрсету, олардың өздіктерінен ойландыратын түрлі суреттер көрсету, солар арқылы жағдаяттар туындату.

2. Аудио, видео таспаларды кеңінен қолдану

3. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып дәлелді пікір айту дағдысын қалыптастыру.

4.Оқушылардың барлық жауаптарын қабылдау, құнды пікірін мадақтау арқылы өзіне деген сенімін ояту.

5. Оқушылардың өзгелердің пікірін тыңдай отырып, өзін өзгелермен салыстыра отырып, өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыруға бағыттау. 

Дағдыларды қалыптастыру үшін

Топпен жұмыс жасату;

Арнайы тапсырмалар беру/шағын зерттеулер, ізденіс жұмыстары және т.б.;

Сауалнамалар жүргізу арқылы оқушылардың деңгейін анықтау;

Оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық атмосферасын құру;

Өз пікірінің құнды екендігін сезіну мақсатында оқушыны формативті бағалауды жүзеге асыру.

 Мен өз сабақтарымды өткізе отырып оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын бағалау мақсатында сабақтың әр сатысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің маңызы зор деп білемін. Оларды мақсатты, тиімді қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне тоқталып өтсем.

Бірінші кезең-итермелеу сатысы. Бұл сатыны, сондай-ақ уәждендіру- оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады:

 - Оқушы өміріндегі контекске қатысы бар, шын мәніндегі мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау;

- Оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;

- Оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;

- Жаңа идеяны түсінуге платформа дайындау.[2]

  Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану»,«Жұпта талқылау» тағы басқа деген аттары бар әдістер  жинақталған. Итермелеу сатысының екінші мақсаты–үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде сыни ойлау арқылы жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.

 «Негізгі және туынды етістік» тақырыбындағы өткізген сабағымда бұл кезеңде талқылау үшін оқушылар жұптасады. Етістік  туралы  білетіндері туралы үш минут ойланып, еске түсірген білімдерін кестеге толырды. Топта талқылап, дәптерлеріне жазды. Интерактивті тақтада жазылған «тұр, айт, бар» мысалдарын талдап, «көз,үтік,өрнек» сөздеріне жұрнақтар жалғау арқылы туынды етістік шығарды. Мысалдарды талдай отырып, оқушылар тақырыпты анықтады және талдау арқылы ережені шығарды.Сабақтың тақырыбын шығарған соң,сабаққа «бүгін біз негізгі және туынды етістікті үйренуіміз керек» деген  мақсат қойды.

  2-сабағым  «Жаттығу жұмысы» тақырыбында «Үш ұйғарым» стратегиясы бойынша алдыңғы сабақта алған білімдерін  жұптасып талдап, артық сөзді тауып «неге артық» екенін дәлелдеді. «Бірге ойлаймыз» стратегиясы бойынша 4 топқа тапсырмалар берілді. 1-топ  туынды етістікті тап, постерге жазып қорғады. 2-топ Зат есімдерге –ла,-ле,-да,-де,-та,-те жұрнақтарын жалғап туынды етістіктерді жазды. 3-топ Берілген өлеңді оқып, туынды етістікті тапты. Туынды етістікті сөз құрамына талдады.Соңында өлеңнің ана туралы екенін,өлең мазмұнын қысқаша топтан бір оқушы айтты. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындады. «Тақырыптық түйінді сөздер» стратегиясы бойынша сабақта алған білімдерін қорытындылады.

«Болымды және болымсыз етістік» тақырыбында өткізілген сабақта «Бұл мәлімет Шындық па немесе Жалған ба?» стратегиясы бойынша берілген сөздерден етістіктерді таба отырып, тақырыпты анықтады. Сабаққа мақсат қойды. Берілген мысалдарды талдай отыра оқушылар ереже шығарды.  

2-сабағында «Жаттығу жұмысы» тақырыбында ой қозғау мақсатында «Стикерлер тобы» стратегиясы арқылы оқушылардың жаңа сабаққа деген құлшынысын арттыра алдым. Бұл ойын арқылы өткенге де шолу жасай алдым.

Ойлау мен үйренуге бағытталған екінші кезеңі конструкциялау сатысы

 Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, ол үшін:

Материал меңгеру;

Белгілі және жаңа білімді бөлу;

Сұрақ қою;

Барлық мүмкін байланыстарды өткізу. [1]

 Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту әдістері бар.

  Тараудағы  сабақтарымда интернет материалдарын, видеоматериалдарын пайдаландым. Видеоматериалдарды көру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.

Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек:

 - оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете  білу;

- өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;

- болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тексеру;

- жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану.

   Нұсқалау сатысында тақырыпты күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда  бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Венн диаграммасы», «Толықтыру тесті», «Сәйкестік тесті»,  «Семантикалық карта» сияқты әдістер әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Сыни ойлай отырып өз-өздерін бағалайды. Әр топқа  тақырып бойынша тапсырмаларды бөліп бердім. Оқушылар топта берілген тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытты. Әр топта ынтымақтастық бар. Постерге тапсырмаларды жазып,топтан бір оқушы тақтаға шығып қорғады.

 Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері,зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістенуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсеткен.[1] Осы орайда    тәжірибе кезінде соңғы сабақ барысында оқушыларға топта «болымды және болымсыз» етістікті қатыстырып, диалог құруға тапсырма бердім. Оқушылар топта диалог құрып, сыныптастарына сұрақ қою арқылы барлық топ мүшелері тапсырмаға белсенділікпен қатысты. Бұл тапсырма топ мүшелерін де, сыныптастарын да сыни ойлауға, көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым –қатынас жасау  оқушыларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік берді.[1]

   «Болымды және болымсыз етістік» сабағында семантикалық картаны толтыруды  орындағанда  оқушылар ойланып тез арада орындап беруге талпынды.

                     етістік

сөздер

болымды

болымсыз

негізгі

туынды

оқыды

 

 

 

 

кел

 

 

 

 

айтты

 

 

 

 

жүгірме

 

 

 

 

байла

 

 

 

 

ойнама

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сәйкестендіру кестесін толтыру арқылы етістік түрлерін жаза білуге дағдылана отырып, ойланып, ізденуге әрекеттенеді.

Дара етістік

 Күрделі етістік

 

 

  «Негізгі және туынды етістік» тақырыбынан алған білімдерін пысықтау мақсатында оқушыларға «Венн сызбасы» тапсырмасы берілді. Сол кезде оқушылар ойларын жинақтап, негізгі және туынды етістікті жеке және  ортақ қасиетті айтып шықты. 

 

Негізгі

етістік

Туынды

етістік

Сонымен, сабағымда сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытындыға келдім:

1. Жаңа білім бойынша өз жобалары,  болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)

2. Өзіндік қорытындылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.

3. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.

4. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/

5. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.

6. Оқушыларда  ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгелердің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.

7. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.

8. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

9. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық 49,50,51-бет

С.Мирсеитова  «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері.» 7,13,23-бет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сын тұрғысынан ойлау. Oқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының қолдану тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасында қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 16000 | Қосты: Едишова Бибигуль Тулегеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык