Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.


Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.

Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.

Тақырыбы: Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: әдеп, әдептілік, сыпайылық.

Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер .

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

 

 

Әрекет кезеңдері

 

        Тәрбиешінің  іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

 Балалар зейіндерін аударып, мұқият тындайды.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

- «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

- Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Мақал-мәтелдер жаттайық;

Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

 

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

 

Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Балалар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

 

- Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

- Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік.

Рефлекстік түзету кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

 

 

 

Өзін-өзі бағалау

 

 

 

 

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді тәрбиеші айтады, балалар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын-

2. Кішкене баланы-

3. Құстарды-

4. Қыз баланы-

5. Сабақтан-

6. Үйге жүгіріп-

7. Үлкен кісіні-

8. Оқу –құралдарын-

9. Сыныпта айғайлауға-

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-

Сабақты сұратар қою арқылы балалардың түсініктерін тексеру.

 

 

 

Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.

 

 

Не істеу керек?

- Үлкендерді сыйлау керек

- Ата- аналардың тілін алу керек

- Тәртіпті болу керек

- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

- Сабақты жақсы оқу керек

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әдептен озбайық"
Әдептілік - әдемілік.
Мен әдепті баламын.
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Мен әдіпті баламын
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік -әдемілік
Әдептен озбайық
Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов
Әдептен озбайық
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 6633 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык