Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Болымды және болымсыз етістік.


Болымды және болымсыз етістік.

 

Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету, етістік түрлерін меңгертуге, сөз құрамына талдап, қосымша түрлерін ажыратуға үйрету. Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту. Олардың сабаққа деген белсенділігін, іздену, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, «Венн диаграммасы».

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, кесте, жұмбақ, карточкалар.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ.

Психологиялық көңіл-күйлерін анықтау (оқушылар таңдап алады).

І. Қызығушылығын ояту.

Кестемен жұмыс.

1

Құрамына қарай

Дара

Күрделі

2

Тұлғасына қарай

Негізгі

Туынды

3

Іс-әрекеттің орындалуына қарай

Болымды

Болымсыз

Мысал келтіру.

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Болымды және болымсыз етістік» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

1-тапсырма: Карточкамен жұмыс.

Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр.

Оқы, ти, күт, шап, үз, жина, ойна, көмектес, жүгір.

Ережені түсіндіру.

2-тапсырма: Жұмбақты шешу.

Баласына ж

-ріп,

Ұрсып жатыр к

-лік

2-леніп, с

-ріп,

Алып қапсың

-лік.

2шелей

-ңді

Көрсетпе деп ж

-гірді

Санамақтан болымды және болымсыз етістіктерді табу.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу. Болымды етістіктердің астын бір сызықпен, болымсыз етістіктердің астын екі сызықпен белгілеу.

  • Өлең не туралы?

3-жаттығудағы тыйым сөздерді көшіріп жазу, талдау.

  • Нанды бір қолмен үзбе.
  • Нан қиқымын шашпа.
  • Нанды баспа.
  • Нанмен ойнама.

2-жаттығудағы сөйлемдерді оқу, етістіктерді табу, болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыру.

Сергіту сәті.

3-тапсырма: Мәтіннен болымсыз етістік кездесетін бөлікті көшіріп жазу (дәлелдеу).

«Кім тапқыр?» ойынын ойнау.

Берілген әріптерден басталатын болымсыз етістіктерді тап.

Қ

 

 

 

Ш

 

 

 

Ж

 

 

 

ІІІ. Ой толғау.

«Венн диаграммасы» стратегиясы.

Негізгі болымды іс-әрекеттің орындалуын білдіреді

Екеуі де етістік заттың қимылын білдіреді,

дара

Туынды болымсыз іс-әрекеттің орындалмайтынын білдіреді, болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалады

ІҮ. Бағалау.

Оң қолды ақ бетке салу арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 48-бет. 5-жаттығу.

 

Сабаққа өзіндік талдау

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 3

Мұғалімі: Балагазинова Гульмира Ермұқанқызы

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сынып туралы: Сыныпта барлығы 4 оқушы, сабаққа түгел қатысты. Белсенді жұмыс істейтін 2 оқушы, орташа деңгейдегі 2 оқушы. 2 оқушының ұлты орыс болғандықтан тілдік қоры жеткіліксіз, еркін сөйлей алмайды.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету, етістік түрлерін меңгертуге, сөз құрамына талдап, қосымша түрлерін ажыратуға үйрету; ә) Дамытушылық: Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту. Олардың сабаққа деген белсенділігін, іздену, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту; б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, «Венн диаграммасы».

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, кесте, жұмбақ, карточкалар

Мұғалімнің мақсаты: Оқушыларды болымды және болымсыз етістіктерді ажырата білуге, ойларын дәлелдеуге  үйрету.

Сабақ құрылымы: 3 кезеңнен тұрды.

Оқушылардың жұмыс қабілеттері: Оқушылар үйге берілген тапсырманы орындап келді. Қызығушылықтары жоғары.

Оқушылардың білімін бағалау: Оқушылар оң қолды ақ бетке салу арқылы бірін-бірі бағалады.

Оқушылармен қарым-қатынас: Сыныптағы оқушылар бір-бірімен жақсы, достық қатынаста. Бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.

Сабақ қорытындысы: Сабаққа қойылған мақсат орындалды. Оқушылар СТО технологиясының «Венн диаграммасы» стратегиясымен жұмыс істеуді меңгерген.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салт және сабақты етістік.
Болымды және болымсыз етістік.
Болымды және болымсыз етістік.
Сабақты етістік пен салт етістік
Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
Болымды және болымсыз етістік
Етістіктің жіктелуі
Болымды және болымсыз етістіктер презентация + ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 13738 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык