Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әдептілік-тәрбие бастауы.


Әдептілік-тәрбие бастауы.

Әдептілік-тәрбие бастауы.

Сабақтың тақырыбы:  Әдептілік-тәрбие бастауы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету. Жақсы қасиеттерді бойына сіңіре  отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері
Кіріспе:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан -деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді,досына қайырымды,еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

І.Ребус шешу:

«Әдептілік –тәрбие бастауы»

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік жайлы болмақ.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп,жаман мінез,жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.

ІІ. Әдептілік сөзіне  Ассоциация құру.

 

 

                           
   
   
 
 
   

әдептілік

     
 
 
   
     
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.   Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

 -Тәртіпті-----------------(болу керек)
 

ІҮ. Мақалдың мағынасын ашу. (Әр топқа мақал беріледі)

1 топ:

 Әдептілік белгісі -иіліп сәлем бергені

2-топ:

Үлкенге құрмет-кішіге ізет

3-топ:

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

Ү. Адам әдебімен көрікті

1-топ : Жағдаят шешу (Сурет бойынша)

2-топ:  Мәтін талдау

3-топ:  Әдептілік ережесін құру

 

Қорытынды:   Әдептілік деген не?

1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі.
2-оқушы:Әдептілік дегеніміз әдеп,ізет, инабат,сыйласым,құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай

 Бір-бірімізге кешірімді болу керек, ол да-әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
3-оқушы:

Мектепке біз барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ақниетпен пейілмен,
Қайырлы таң!- дейміз біз
4-оқушы:

Атам маған әманда    
Кішіпейіл бол деген.  
Ата сөзі санамда -    
Мақтанбауды жөн көрем.  

5-оқушы:

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан

- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әдептен озбайық"
Әдептілік - әдемілік.
Мен әдіпті баламын
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік -әдемілік
Әдептен озбайық
Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов
Әдептен озбайық
Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 14586 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык