Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жыл мезгілдері.


Жыл мезгілдері.

Жыл мезгілдері.

Мектапалды даярлық тобының  ұйымдастырылған  оқу  іс - әрекеті технологиялық  картасы.

Тәрбиеші :  Демеуханова Г.Қ

Білім  салалары:  «Таным»  «Шығармашылық»

Бөлімдері:  «Қоршаған ортамен танысу»  «Сурет салу»

Тақырыбы: Жыл мезгілдері.

Мақсаты:  Балалардың жыл мезгілдері мен олардың белгілері туралы түсініктерін кеңейту және бекіту. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, жұмыстарды ұқыптылықпен атқара білуге тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту,ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік: Жыл мезгілдерінің суреттері, күн, бұлт.

Сөздік  жұмыс: жыл мезгілі – время года, жаз – лето, күз – осень, қыс – зима, көктем – весна.

 

Іс- әрекет

            кезеңдері

Тәрбиешінің   әрекеті

Балалардың   әрекеті

 

Мотивациялық

    қозғауыш

 

 

            Жұмбақ шешеміз

Айналаңа қарашы,

Кереметті санашы,

Мөлдіреген көк аспан,

Алтындай күн нұр шашқан.

Ауған бұлттар көктегі,

Мөлдір шықтар шөптегі.

Өзен, көлдер, алаңдар,

Құстар менен адамдар,

Қыбырлаған жәндіктер,

Жануарлар, бар аңдар.

Желмен ойнап, қалтырап,

Жерге түскен жапырақ.

Сағым толған атырап-

Бұның бәрі - ...

Сәлем бердік алтын күн,
Сәлем бердік ашық аспан.
Сәлем бердік Жер - Ана,
Сәлем бердік баршаға!

 

 

Мұқият тыңдап, жұмбақты шешеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-(табиғат)

-барлығы шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасап бас иеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену-барлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті- қортындылау

Балалар сендер мектепке келе жатқанда ауа - райы қандай болып тұрды?

Бұл қай мезгіл?

Ендеше біз қазір сендермен ойын сабақ алаңына барып жыл мезгілдері туралы  әңгімелесейік.

Балалар не көріп тұрсындар?

Бұлттардың астында не бар деп ойлайсыңдар?

Тапсырмаларды орындау арқылы күннің көзін ашамыз.

Ендеше сұраққа жауап берейікші.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Суретпен жұмыс: (Әңгіме құрау)

Ойын сөзді жалғастыру:

-Бүгін далада...

-Жазда күн...

-Күзде жаңбыр...

-Көктемде күн...

-Қыста қар...

Жақсы балалар күннің көзі ашылайын деп жатыр, барлығы ашылды ма?

Арықарай ашылу үшін тағы тапсырмалар орындау керек.

Жұптық тапсырма:

Суретшінің қателігін табу.

Тапсырманы жақсы орындадыңдар тағы бір бұлтымыз ашылды.

-Енді бейнебаянға көңіл аударайық, мұхият қараңдар.

-Бейнебаян не туралы екен?

Жұмбақ:

1.Қар, мұз еріп, су көбейіп

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Бәйшешектер басады айтындаршы балалар бұл қай кезде болады?

2.Күннің көзі шуақты,

Балалар жүр шомылып,

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

3.Жапырақ сарғаяды,

Күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар жылы жаққа ұшады.

4.Шана сырғып желетін

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсын?

-Ендеше тағы бір бұлтты аламыз

Сергіту сәті

Жел соғады бетіме,

Тоғайлар да желпуде

Жел тына қалғанда

Тоғайлар биік болып көрінеді.

Топпен жұмыс: Не артық?

-Қар, шөп, сүңгі қырау. (Қыс)

-Жапырақ, шана, бәйшешек. (Көктем)

-Кемпірқосақ, ыстық, қар, гүлдер. (Жаз)

-Жапырақтардың түсуі, жаңбыр, суық, мұз. (Күз)

Балалар мен сендерге бір сұрақ қоямын?

-Қыста терезені не басады? Әдемі оюды не дейміз?

Қыраудың суретін салуды көрсету.

 

Күннің көзін ашу.

Балаларды мадақтау. Өздерінің көңіл-күйін білдіреді.

 

 

 

-суық, жерде қар т.б

-қыс

 

 

 

-бұлттарды

 

-бұлттың астында күн бар.

 

 

-бір жылдың ішінде төрт мезгіл бар,

-қыс,көктем, жаз, күз.

-ойынға белсене қатысады, табиғаттағы қарапайым байланыстарды айтады.

 

 

 

-жоқ

 

 

Тапсырманы мұхият тындайды.

-2 бала бір тапсырманы орындайды

 

 

-жылдың төрт мезгілі.

 

 

 

 

-көктем

 

 

 

-жаз

 

 

 

-күз

 

 

 

-қыс

 

 

(қимылмен сергіту сәтін орындайды)

 

 

 

 

Мағынасы басқа сөздерге сәйкес келмейтін бөтен сөзді табу және қалған сөздердің қай жыл мезгіліне тән екенің табу керектігін айтады.

 

 

-қырау

 

-суретті салады

 

-өздеріне ұнаған смайликтерді алады.

 

Күтілетін   нәтиже:

Білуі  керек: Жыл мезгілдерінің аттарын, жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.

Нені игереді: Жыл мезгілдерінің белгілері туралы.

Нені біледі: Суретке әңгіме құрауды, қойылған сұрақтарға толық, нақты  жауап беруді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері
Көктем келді
Жыл мезгілдері
Табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі
Қысқы ауа райы
Құнанбаев Қыс
Қыс
Уақыт. Тәулік
Уақыт. Тәулік
«Қыс қызығы».
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3859 | Қосты: Демеуханова Гүлшат | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык