Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Пернетақта


Пернетақта

Пернетақта

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың пернетақта құрылғысы туралы білімін қалыптастыру, пернетақта құрылғысымен таныстыру, пернетақтамен жұмыс  жасауды үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық білімін дамыту. Компьютердің басқада құрылғыларымен жұмыс жасай білу қабілеттерін, дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі сабақ, иллюстративті

Көрнекілігі: интерактивті тақта, видео проектор, үлестірмелі парашалар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Өткен тақырыпқа шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

ІУ. Сыныпқа өткен тақырыптан фронтальдық сұрақ: (Сөзжұмбақ шешу)

У. Тест жұмысы

УІ. Жұмбақтар әлемі

УІІ. Өлең жолдарымен жұмыс

УІІІ. Сабақты қорытындылау

ІХ. Үйге тапсырма

Х. Бағалау

Сөзжұмбақ шешу.

Көлденеңнен:

1.Ереже бойынша ол 101 ден 102-ге дейінгі пернеден тұрады.

Тігінен :

1.Компьютердің баспаға шығару құрылғысы

2.Қағаздағы кескінді түсіріп диплей экранынан шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы

3.Компьютердің миы

4.Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

5.Интернетпен байланысқа шығуға көмектесетін құрылғы

6.Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған манипулятор

7.Процессорға басқа құрылғылардың сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырады оны.....

8.Informatio сөзінің аудармасы

9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.

10. Тышқан сөзі ағылшынша

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Кейіннен қосылған 3 перне жаңа операциялық жүйенің кейбір мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Пернелер бірнеше  топқа бөлінеді:

  1. Сиволдық пернелер, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізіг бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті - цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.


2. Функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2,…., F12) әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.
3. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстіне бағдаршалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған;

  1.  

Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір – бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.

<— немесе пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге пайдаланылады.
enter - пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса бас үлкен әріптер енгізіледі, ал тағы бір рет бассаң кіші әріптер енгізіледі.


delete -пернесі. Бұл перне меңзерді оң жағында тұрған символды өшіреді. Сонымен қоса кейбір амалдарды орындау үшін Ctrl және Alt пернелерін пайдалануға болады, онда қазақ тілінен орыс тіліне ауыстырсаң осы екі пернені басып тұрып ауыстыруға болады.
Home - курсорды жолдың басына жылжыту

PgUp – курсорды мәтін бойынша бір рет жоғары көтеру
PgDn - курсорды мәтін бойынша бір рет төмен түсіру.
Insert - мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді.

Ctrl+Alt+Delete компьютерді өшіріп қайта қосу әрекетін орындайды.
Esc – кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
Tab - мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына өтуді орындайды.
Тапсырмалар:
Ақпараттық диктант


1..............- ақпаратты енгізуге арналған құрылғысы.

2.Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге............. пернесі пайдаланылады.
3............... енгізу пернесі.

4............... пернесі алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
5............... кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
6...............- курсорды жолдың басына жылжыту

V. Жұмбақтар әлемі

1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреу,

Бір күн бар да, бір күн жоқ

Соны есепке алсақ,

Ұзын сан жүз бір                           (Пернелік)

 

2.Ұзын тұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала  қалса артынан

Ешбір белгі қалмайды                   (бос орын)

 

4.Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелі алғашқы

Есімдері де өздерінің бір қызық

Тек қана F(эф) әрпімен басталады.           (функционалдық пернелер)

 

Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым!

Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен?         

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын?

Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ  бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін?

Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика және өмір.
Мәтінді теру ережесі.
Есептеу техникасының даму тарихы.
Информатика әлемі
«ИНФОРМАТИКА»еліне саяхат
Ақпарат. Компьютер. Windows операциялық жүйесі
ДК. Компьютердің құрылымы. ЖБ. Компьютер
Практикум. Мәтін үзінділерімен жұмыс
Мәтінді редакциялау және пішімдеу ашық сабақ
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 5964 | Қосты: Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык