Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Экологиялық сот


Экологиялық сот

Экологиялық сот

Мақсаты:

білімділік- табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, «Қызыл кітапқа» енген және жер бетінен жойылып кеткен аң-құстар,жануарлар туралы  оқушылардың түсініктерін кеңейту;

 дамытушылық- оқушылардың танымдық,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сахна мәдениетіне баулу;

тәрбиелік- табиғатты аялауға,оған қамқорлық жасауға,оны сақтап,көркейту үшін үлес қосуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Слайдтар,көрініске қатысушылардың костюмдері, Қызыл кітап,

тыңайтқыш түрі.

Барысы:

Жүргізуші:

-Сәлем,достар!

-Армысың,Табиғат!

-Сәлеметсіңдер ме,өзендер мен көлдер,ормандар мен таулар!

-Амансыңдар ма,құстар,аңдар,жан-жануарлар!

    Егер де адам әр күні туған-туыстарымен ғана емес,бүкіл табиғатпен осылай сәлемдесетін болса,онда қазір жер бетінен жойылып кеткен жан-жануарлар мен өсімдіктер тірі қалар ма еді?

Адамдар әлі де табиғатқа орасан зор зиян келтіруде.Біреулер жануарларды немесе оның терісін сатудан көп пайда табуды көздесе,енді біреулері ермек үшін аң аулайды.Кейбіреулер құрбақа өлтіріп,құстарды атып ойнау арқылы табиғатқа қаншалықты қиянат жасап жатқанын түсінбейді де!

Кейде естіп жатамыз: «Адам-табиғат перзенті!»дейді.Жер, су,ауа-адамға табиғаттың сыйға тартқан мол қазынасы.Адамның басты міндеті-соны аялап,қорғап,келешек ұрпағына аман-есен тапсыру емес пе?

Өкінішке орай өсімдіктер де,жануарлар да сөйлей алмайды.Ал егер оларға тіл бітсе ше?Олар не айтар еді?Енді біраз қиялға ерік беріп көрейікші...

Сонымен,сот отырысы.Адамға қарсы сот ісі қаралады.

Соттың рөлін Арқар атқарады. (Арқар да бір кездері жойылып кету қаупін бастан кешірген.)

Басты айыптаушы-Ақбөкен.

Адамның басты қорғаушысы-Ит.

Хатшы-Мысық

 

Хатшы: Назар аударыңыздар!Сот келе жатыр!

Сот: Адамға қатысты сот ісі ашық деп жарияланады!

Сөзді  басты айыптаушы Ақбөкенге береміз.

Ақбөкен: Маған сөйлеу өте қиын. Әлемде қаншама өсімдіктер мен жануарлар құрып кетіп жатыр. Оны құртып жатқан кім? Әрине, адам!Оған мен қазір сіздердің көздеріңізді жеткіземін.

         Мен бір нәрсені түсібеймін. Адам да табиғат перзенті емес пе? Ол зиянды деп санайтын өсімдіктер мен жануарларды өз бетінше құрта алмайды. Ол табиғатта барлығы тепе-теңдікте болатынын түсінбейді ме? Оны орнына қайта келтіру қиын. Тіпті мүмкін болмай қалатын кезі де болады емес пе? Мен адамды табиғатта болған зебр-кваоганы жайылымдық жерлерде жайылғандықтан құртып жібергені үшін айыптаймын.

         Ал бизондар ше? 70 миллион бизондарды әр аңшы жылына 2 мыңнан атып алып жер бетінен жойып жіберді.

         Соңғы су сиырын 250 жыл бұрын өлтірген. Не үшін?

         Су сиырының майы мен еті сиыр етінен тәтті, тығыз, шыдамды болған. Ал сүті ешкінің сүтіндей құнарлы болған. Бар жоғы 25 жылдың ішінде су сиырын жоқ еткен. Мұндай жер бетінен жоқ болған жануарлар өте көп.

         Ал өсімдіктер ше?

         Ливан кедрі ағашынан қазір төрт жүздей ғана қалды. Адам қай жерде пайда болмасын, сол жерді қиратып, қырып-жойып, өлтіріп жатады.

 Ал қазір не істеуде?

Жан-жағыңызға қараңыздар. Өз ісіңіздің құрбаны болып отырсыздар. Ауа да, жер де, су да уланған.

Жан-жағыңызға қараңыз!

Ойланыңыз!

Сот: Сіздің ойыңызша адамды қандай жаза күтіп тұр?

Ақбөкен: Ол өз-өзін жазалады. Өте қатты жазалады. Мен өз ойымды соңыра айтамын.

Сот: Енді сөзді қорғаушыларға береміз.

Ит: Мен арызданушы Ақбөкенді түсінемін. Ол адам өз-өзін жазалады дейді. Бірақ адамға да құрмет көрсетейікші.

Ақбөкен: Қандай құрмет?

Ит: Иә, иә. Біз ,үй жануарлары, адамды жақсы білеміз.

Ақбөкен:Сіздер білесіздер ме?

Ит:Адам ең бірінші қорықты 1832 жылы Америкада ашқан болатын.Қазір Қазақстанның өзінде 10 қорық бар. Олар:Ақсу-Жабағылы,Алакөл,Алматы, Барсакелмес,Батыс Алтай қорығы,Қаратау, Қорғалжын,Марқакөл, Наурызым,Үстірт қорықтары.                                                         

Осы қорықтарда сиреп кеткен аңдар мен құстар қорғалуда.

Сиреп кеткен аңдар мен құстарды «Қызыл кітапқа» енгізді.                                                                

Сот: Арызданушылар мен қорғаушылардың куәгерлерін шақырамыз.

Куәгер Ауаны шақырамыз.

Ауа: 1 жыл ішінде  5 миллиард тонна улы газ ауаны ластайды. Соның салдарынан ауа қабаты жұқарып, кей жерлері тесіліп жатыр. Оны «Азон тесігі» дейді. Ол тесіктен түскен ультракүлгін сәуледен адам қатерлі ісік ауруларына шалдығуда. Жер кеуіп, су тартылып, топырақ тозуда. Ал осыған көліктерден,зауыттардан шыққан түтін, химиялық қалдықтарды қоссақ ше? Ауаны осынша ластағаны үшін Адам жазалануға тиісті!

Сот: Куәгер Су шақырылады.

Су: Ғалымдар дүние жүзі бойынша суға тасталған зиянды заттарды жинасақ, 10 вагон болады дейді. Тіпті Арктикадағы мұздан кір жуатын ұнтақ табылған. Ал Ертіс, Сырдария, Балқаштарда суға түсу мүмкін емес. Суға тасталған зиянды заттардан су уланған:адам мен жан-жануарларға зиянды микроорганизмдер пайда болған. Балалар суға түскеннен кейін, олардың үстін жара қаптаған. Балықтар да өзгеріске ұшырады: бауырлары үлкейіп, екі құйрықты балықтар пайда болды. Тіпті суға тасталған улы заттардан  медузалар адамға шабуыл жасауда. Золотой Рог деген бухта қазір жойылып кеткен. Түбі толған шайыр. Оны тазалауға миллиондаған қаражат керек.Мына суретте көрсетілген Арал, Балқаш көлдері «апат аймағы» деп табылды.Қараңыздар,адамдардың неге жеткізгенін!

Сот: Куәгер Топырақ шақырылады.

Топырақ: Құнарлы топырақ өте баяу пайда болады. Оған мыңдаған жылдар керек. Соңғы жүз жыл ішінде жер бетіндегі құнарлы топырақтың төрттен бір бөлігі құрыды. Тың және тыңайту жылдары топырақ есепсіз жыртылып, егін егілді. 5 жыл жақсы өнім алынып, кейін қараусыз тасталды. Түрлі тыңайтқыштар мен нитраттар пайдаланудан жер уланды. Күріш егудің өзі топыраққа өте зиян келтіреді.

Селитра тыңайтқышы өсімдіктердің тез өсуіне септігін тигізгенімен, адамдардың өзіне өте зиянды.Селитра тыңайтқышымен танысыңыздар.(Селитраны көрсетеді.)

Сот: Сөз қорғаушыларға беріледі.

Ит: Иә, деректер нақты. Бірақ адамға су қажет. Бір тонна темір алу үшін 150 тонна су керек, 1 тонна қағаз алу үшін 250 тонна су қажет. Өмір алға жылжуда, даму үстінде. Адамдар бүлінген суларды тазарту үшін, су тазартатын қондырғылар орнатып, суды тазартуда. Ал кейбір үлкен мемлекеттер ауаны ластайтын аэрозольдарды пайдалануды тоқтатты. Зауыттардың мұржаларына сүзгіштер орнатты. Машиналарды да электр тоғымен,тіпті  күн көзінен қуат алып  жүретіндей етіп жасап жатыр.

Сот: Куәгер Апаллон мен Махаон шақырылады.

Апаллон: Ештеңе де тыңдағымыз келмейді. Әуелі құртады, сосын қорықтар мен парктер салады.

Жоқ! Жоқ! Жоқ! Біз адамға өте қатты ренжуліміз, кешіре алмаймыз.

Махаон: Қалайша кешіреміз? Мені ерінбегеннің бәрі аулайды.

Өзімнің осындай әдемі болып туғаныма өкінемін.

Сот: Бәрі аулайды? Құстар да ма?

Апаллон: Жоқ, жоқ. Мен адамдарды айтамын. Үлкендер де, балалар да.

Сот: Куәгер гүлдерді шақырамыз.

Бақ-бақ: Табиғат бізді өте ерте гүлдеуге жазған. Ал адам, қыстай гүлді сағынғандықтан ба екен,әлде әдемілігімізге қызыққандықтан ба, бізді жұла бастайды. Сосын лақтырып тастайды. Ал біздің адамға көмегіміз көп емес пе?

Жүргізуші: Ол қандай көмекті айтып тұр?

Дауыс: Бұл гүлден дәрі алынады.

Қызғалдақ: Қызыл кітапта қызғалдақтың 303 түрі қорғауға енгізілген. Біз ерте гүлдейміз. Өміріміз қысқа. Тұқымымызды шашып үлгермей жатып, жұла бастайды.Не үшін?

Сот: Келесі куәгер Даната көлбақасы шақырылады!

Даната көлбақасы:  Адам жақсылықты түсінбейтін жан. Мен көлбақамын. Жағымсыз, ұнамсыз болғандардың соры бес елі емес пе? Біз зиянды жәндіктерді жойып жатқанымызбен ешкім қадірімізді білмейді. Біз де қорғауды қажет етеміз!

Сот: Құстардың атынан куәгер Дуадақты шақырамыз.

Дуадақ: Барлық жануар қызығушылық туғызады ғой. Әсіресе құстар. Біреулер бізді торға қамап ұстағысы келеді. Біреуге етіміз, біреуге мамығымыз, біреуге қауырсынымыз керек. Менің етіме қызығып адамдар аяусыз атып жатыр.  Соңғы 150 жыл ішінде 150 түрлі құс жер бетінен жойылып кетті.

Сот: Біз куәгерлерді тыңдадық. Адамды қандай жаза күтіп тұр?

Ит: Қандай жағдай болғанда да, адамға сөз берейік.

Адам: Мен ақталмаймын, сіздерден тек кешірім сұраймын. Сіздерге бұдан жеңіл болмас, дегенмен осының бәрін қайта түзетуге мүмкіндік беріңіздер.

Ит: Мен сіздерге мынаны айтқым келеді. Адамның табиғатқа жасағаны қорқынышты. Бірақ тек адам ғана осыны қайта қалпына келтіре алады. «Қызыл кітапты» жасаған, қорықтар салып ,оны қорғап жатқан да адам емес пе?

Сот: Иә, мен де адамның ерекше қорғауы арқасында аман қалдым.

Дауыс: Сонда біз адамға тәуелдіміз бе?

Сот: Өкінішке орай, солай.

 Мен қандай шешім қабылдасам екен?!

Мен мынадай шешім шығардым:Адам  бүлінген табиғатты қайта қалпына келтірсін. Егер тез арада табиғатты қоғауға алмаса, жер бетінен құрыған жан-жануар кейпін өзі көреді. Таза ауа, таза сусыз ол да өмір сүре алмайды.

Даната көлбақасы: Сонда адам өз-өзіне өлім жазасын кеспек пе?

Сот: Солай болғаны да.

Бәрі бірге: Сұмдық! Аянышты...   


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика және экология
Математика және табиғат қорғау.
Судың адам өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды.
Табиғатты қорғай білейік.
Құстардың алуан түрлілігі
Қорықтар неге керек?
Табиғат - досымыз
Табиғатты аялай білейік
Құстар қалай өсіп – өнеді?
Табиғатты қорғайық.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1687 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык