Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі


Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі

6-сынып

қазақ әдебиеті

Күні: 24.10.14ж.

Мұғалімі: Уәли Әсел Қайрханқызы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру,таныстыру. «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты,көркем сөздерді қолданып жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік.Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырыпоқушылардың бойына сіңіру.Өз елінің,жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Ашық  ойлар.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқыту.

Сабақтың көрнекілігі:Шәкәрім портреті, хронологиялық карта, ҚР картасы,  техникалық құрал, қима қағаздар, сызбалар.

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі, тарих,  орыс әдебиеті пәндерімен, өмірмен байланыс.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

Үй тапсырмасын тексеру. Отыз бірінші сөз.

Мотивациялық  кезең.Қазақ әдебиетінде бес  арыс деп кімдерді айтады ?   Сурет Бес  арыс.

Солардыңішінде Абайдың немереінісі Шәкәріммен және жазған «Адамдық борышың» өлеңімен  танысамыз  .  Қандай мақсат қоямыз,не істейміз?

  Презентация  «Шәкәрім әлемі»

География пәні бойынша картамен жұмыс. Шәкәрім өміріне байланысты жерлерді көрсетеді. (Шыңғыстау, Семей, Шақпақ, Саятқора)

Әдебиетшілер. Шәкәрім кім? сұрағы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлын жан-жақты таныта отырып дәлелдейді.

(Шәкәрім – Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.

Шәкәрім-ақын.Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана саралап құрғақ бейнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры – Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.

Шәкәрім-аудармашы. Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағлұмат алған. А.С Пушкиннің «Дубровский» повесін поэма етіп Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ тіліне аударған. Шәкәрім шығыс ақындарының шығармасын да қазақ тіліне аударған. Бұдан біз Шәкәрімнің бірнеше тіл меңгергенін байқаймыз.

Шәкәрім өлеңдермен қатар бірнеше мысал жазған.

Шәкәрім-қажы. Шәкәрім дін тану емес, ел тану, жер тану мақсатымен қажылыққа барып қайтады. Бұл сапар оның ой-өрісін кеңейтеді. Ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылық жолын емес, ғылым, білім қуған Еуропа халықтарының жолын таңдау керек деген ой түйді.

Шәкәрімнің құрметіне Жидебай жерінде кесене салынған. Семей қаласында Шәкәрім атында педагогикалық институт бар. Бірнеше ескерткіштер орнатылған.

Тарихшылар.

1930 жылдары шаруалар бас көтеріп, көтерілісті ұйымдастырушы Шәкәрім деп жала жабады. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкәрім Құдайбердіұлы 73 жасында жазықсыз оққа ұшып, қаза табады .Жендеттер ақынды атып өлтіргеннен кейін, оның сүйегін ессіз даладағы ескі бір құдыққа апарып көміп тастаған. Ақынға «халық жауы» деген негізсіз саяси жала жабылды.

Шәкәрімнің өзі өлгенмен артында ұрпақтары қалды.

Шәкәрімнің Қытай асып кеткен Зият атты баласынан туған

Мереке – Нұрлан, Меруерт, Сәуле, Гәуһар деген ұл-қыздарымен Алматыда тұрады.

Шәкәрім қызы Гүлнәрдың балалары Фатих пен Бәтен, олардың ұрпақтары Алматы қаласында қызмет етеді.

Гүлнәр (1914-1970) – Шәкәрімнің Айғаншадан туған кенже қызы. Ақындық қабілеті бар Гүлнәр әкесі оққа ұшқанда:

Сары арқаның  жонында,

Хақиқат ардың соңында.

Отырған  әкем тамында,

 Серігі - қалам қолында, - деп басталатын ұзақ жоқтау өлеңін шығарған.

Сөздік , түсіндірме сөздік.

Шәкәрім шығармаларының тақырыбы – адамгершілік. «Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз). Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы туралы түсінік.

«Адамдық борышың» өлеңін үнтаспадан тыңдау

Негізгі тақырыбы-адамзат міндеті. Идеясы-артына үлгі аларлықтай із қалдырды.

Өлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу.

Өлеңді тізбекпен оқимыз.

Дәптермен жұмыс.Адамдық борыштарды жазамыз.

1.адал еңбек ету

2.білім мен өнер үйрену

3.келешекке жол көрсету

4.үлгі болатын іс қалдыру

Сабақты бекіту.Деңгейлік сұрақтар

Жоғары деңгей сұрақтары

1. «Адамдық борышың» өлеңі туралы өз пікірің?

2.Неліктен ар мәселесіне жиі тоқталған?

Орта деңгей сұрақтары

1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2. «Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?

3.Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?

Төмен деңгейдің сұрақтары

1.Адамдық борыштарды ата.

2.Қандай істерден аулақ болу керек?

3. «Тұл»сөзінің мағынасын түсіндіру.          

Қорытынды.

Елбасы үндеуі     Қазіргі кезеңде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан бәсекеге қабілетті әлемнің 50 озық елінің қатарына қосылуды стратегиялық міндет ретінде таңдап отыр.Ол үшін экономикалық өркендеумен қатар бізге әлемдік жаһандану үрдісінің тасқынына төтеп бере алатындай асқақ рух қажет. Осы асқақ рухты Шәкәрім шығармалары арқылы бойымызға дарытамыз.

Үйге тапсырма. «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

«Менің борышым»тақырыбына эссе жазу.

Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Абай, Шәкәрім қос тұлға». Тарауды бекіту.
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік –Кебек»
Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Қалқаман-Мамыр
Шәкәрімтану авторлық бағдарламасы
Еңлік - Кебек
Еріншек ашық сабақ
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 7440 | Қосты: Уәли Әсел Қайрханқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык