Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі


Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі

Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: халық ақыны Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және өлеңнің мәнін ашып, меңгерту.

ә) тәрбиелік: Жамбыл өлеңі арқылы туған елі мен жерін сүйетін, асқақ арман, биік мұратқа талпынатын ұлттық рухтағы патриот ұлан тәрбиелеу

б) дамытушылық: оқушылардың шығармашылығын дамыту, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ материалын өздігінен игеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, шығармашылық

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, музыка

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд суреттер, кітаптар

Әдебиеттер: М. Жолдасбеков «Жүз жыл жырлаған жүрек» А. «Жазушы» 1992 жыл, «Аңыз адам» журналы (Ж.Жабаев туралы) № 08 сәуір 2011 жыл, «Қазақстан әйелдері» журналы (Жамбыл туралы) №4, 1996 жыл

Сабақтың барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі

II.  Үй тапсырмасын сұрау («Кубизм» әдісі арқылы)

  1. Ж. Аймауытұлы кім және оның қандай шығармалары бар?
  2. «Әнші»әңгімесіндегі Әмірхан бейнесі өнер тарихынан өздерің білетін қай әншіге ұқсайды?
  3. Әміре Қашаубаев кім? Әңгімеле.
  4. Шығарманың негізгі идеясы не?

III. Жаңа сабақ

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен

М. Әуезов

1.Бала Жамбылдан Дана Жамбылға дейін баспалдақ (интерактивті тақтада слайд бойынша әңгімелеу)

Сәби Жамбыл

Бала Жамбыл

Жасөспірім Жамбыл

Ақын Жамбыл

Айтыскер Жамбыл

Жыршы Жамбыл

Күйші Жамбыл

Дана Жамбыл

«Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,- деп өзі жырлағандай, шашасына шаң жұқпаған дана жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті.

Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғ. Гомері»«феномен - феникс» атағымен қалды.

«Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат, жігер беруге және  елін, жерін қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңі.   

ІV. «Аттандыру» өлеңі (электронды оқулықтан оқыту).

-  Өлең кімге арналған?

-  Ұлы Алғадайға арналған.

-  Өлең не туралы?

- Атаның балаға арнаған ақ тілегі, батасы, жүрегінің түкпірінен шыққан әкелік сезімі.

Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепрпетровск облысы, Синельникова қаласында ерлікпен қаза табады.

3. Түсіндірме күнделігі (оқушылар өздері толтырады).

Өлеңдегі сөз

          Оқушы түсінігі

Арлы

 ар сақтағыш, ұяты бар

Абырой

  1. ар, ұят
  2. атақ, дәреже, бедел

Ағат

 жаңсақ, жаңылыс, теріс

Аңғарлы

 әріден ойлап білетін, толғамды

 

4. Әдебиет теориясы.

Бата да, қоштасу да – халық поэзиясының шағын түрлеріне жатады.

Бата - өлең түрінде беріліп, елге тыныштық, от басына амандық, жасөспірімдерге

бақытты өмір тілеу мазмұнында болып келеді (ақ бата, теріс бата туралы түсінік беру). Қоштасу – мазмұны, сыр – сипаты әр алуан болып келетін жыр. Мәселен, өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырарда  қоштасу, т.б.

5. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

6. Өлеңді талдау. Аралас ұйқасты, толғау түрінде жазылған.

V. Қорытындылау.

«Ер –ел үшін туады» бейнекөрінісін  тыңдату (электронды оқулық).

 «Топтастыру» стратегиясы (Алғадайдың бойындағы қасиеттер)

Ұлы Отан соғысындағы Алғадай сияқты ерлердің ерлік істерін әңгімелей отырып,   ҚР Конституциясының 36-бабы және тәуелсіздіктің 20 жылдығымен байланыстыру.

VІ. Үйге тапсырма.

  1. Жамбыл Жабаев туралы оқып, «Аттандыру»  өленің  жаттау.
  2. « Біз соғысты көрген жоқпыз!» тақырыбына шағын шығарма жазу.

Бата беру.

Береке берсін басыңа,

Бақ келіп қонсын қасыңа.

Балын татып өмірдің,

Жамбылдың жет жасына.

Қуанышпен достарың,

Жинала берсін қасыңа.

Шалқып жатсын дәулетің,

Тасыған селдей теңізден.

Баянды Алла бақ  берсін,

Адалын берсін, ақ берсін.

Атағың кетіп Алашқа,

Астыңа алтын тақ берсін!

Әумин!

VІІ.Бағалау (Оқушылар бір-бірін бағалады).

Қосымша деректер

Жамбылдың өзі де, шәкірті Кенен де 20-дан астам күй шығарған. Ел арасында Жамбыл күйлері бүгінге дейін сақталған. Олар – «Ыңғайтөк», «Сұрмерген», «Басшылбай-Күйшілбай», «Ұран», «Ой, дүние-ай» т.б. күйлері.

Домбыраны қолыма,

Он жасымнан алғанмын.

Дәл жетпіске келгенше,

Күй тартудан танбадым.

Ұлы адамдардың киесі, пірі болады. Абылай ханда – ақ түйе, Райымбек бабада-қызыл түлкі, Кемпірбай ақында – көкала үйрек. Ал Жамбыл атамыздың киесі – қызыл шұбар жолбарыс.

Дәулескер күйші-сазгер Нұрғиса Тілендиевтің атын Жамбыл бабамыз қойған. Нұрғисаны Жамбыл «Тұқатай» деп еркелететін. Қайтыс болғанда өзін Жамбылдың қасына қоюды өсиет еткен.

Ж. Жабаев туралы «Жамбыл. Адамзаттың ұлы жыршысы» деректі фильмі  және «Жамбылдың жастық шағы» кинофильмі (ақын бейнесін кейіптеуші: айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков) түсірілген.

Жамбылдың әдеби-мемориалдық мұражайы Алматы обл., Жамбыл ауд., Жамбыл ауылында 1947 жылы ашылған. Ол ақынның 1938-45 жылдары өмір сүрген үйінен ашылған.

Ақын атақты Балуан Шолақпен кездескен. Дәулескер Дина замандасымен күн құрғатпай хабарласып, жақын араласып тұрған.

«Жамбыл» журналы 2004 жылдан бері жарық көріп келеді. Редакторы және жоба авторы – Несіпбек Дәуітай.

Жамбыл атындағы халықаралық диплом мен медаль бар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Шәкірт балаларға» Ж.Жабаев
Ж. Жабаев «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»
Жамбыл Жабаевтың өмір жолы
Ж Жабаев, Жаныс ақынға
Жамбыл – айтыс ақыны
Менің өмірім. Ж. Жабаев
Мұғалімнің жазбасы Тренердің жазбасы
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Ж. Жабаев. «Менің өмірім», «Аттандыру».
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 22479 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык