Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу


Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының  дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды кезең.Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу , оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру,жағдайларды бақылап, талдау жасауға үйрету,ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге,дәлелдеуге,сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Дамыта оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, шығармашылық бағыттажан – жақты дамыту.
          Шығармашылық дегеніміз – іздену, ойлап табу дегенге саяды. Яғни, оқушының қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаттарының бірі.
         Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.Бейімділік – оянып кележатқан  қабілеттің алғашқы белгісі.Оқушының шығар-машылық  қабілетін дамытуға біз өз сабақтарымызда ықпалете аламыз.
          Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін,шығармашылық  қабілеттерін сабақта  және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс  тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
     1.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
     2.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген
        тапсырмаларды шешу(анаграмма,ребус,т.б.)
     3.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс
         (кері есеп құрастыру,мәтін мазмұнын өңдеу,шығарма,
             шағын әңгіме мәтінін  құрастыру).
     4.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу,
            ат қойғызу. 
     5.Қиялдау арқылы сурет салғызу, рольге бөліп оқыту.
     6.Ұнатқан кейіпкерге мінездеме жазу.
     7.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең  
         шумақтарын құрастыру.  
     8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау, т.б.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы  қабілеткөзін ашып , тілін байытуға , қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.Бала бойындағы қабілеттіашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс,сөздерді байланыстырып  сөйлеуге, әңгіме айтуға,шығарма жазуға көмектеседі.Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе,екінші жағынан қызығушылығын оятып,шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.  
Мысалы:
  1.Сызба бойынша сөйлем жаз.
  2.Графикалық диктант.
  3.Берілген сөзге бір әріп қосып,мағынасы өзгерген сөз жаз.
        Ат + а            таба + н                қала + қ.
 
Әдебиеттік  оқу сабағындағы  жұмбақ, жаңылтпаштардыөту кезінде де оқушылар өз беттерінше құрастырды.
                  Іші – мақта ,
                  Сырты – мата.  (көрпе)  Сисенбай Ә.
                  Өзі ақ болады ,
                  Ұстасаң қолың тоңады.(қар)   Қоблан Қ.
                   Аспаннан жауады,
                   Жерге қонады.  (қар)        Отарбай А.
Осы секілді мысалдарды көптеп келтіруге болады.Сондай-ақ,оқушыларға дайын өлең жолдарын ұсынып,соныаяқтауды тапсыруға болады.Тапсырма дұрыс орындалуы үшін ең алдымен оқушылар құрастыруға тиісті өлеңнің сыз-
басы ұсынылады. немеседайын ұйқастар ұсынып,осы ұйқастарға сәйкес мазмұнды өлең мәтінін құрастырылу тапсырылады.
                        .     .     .          байлық,
                        .     .     .          алдық
                        .     .     .          құстарға
                        .     .     .           қалдық.   т.б.     
 
Математика пәні бойынша берілген есептерге кері есептер құрастыру оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады деп ойлаймын.Себебі,  оқулық дамыта оқуға негізделіпжасалған.
         Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын  оятады

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа тәсілдері
Шығармашылыққа баулу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сөз өнері
Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Оқушылардың шығармашылығын арттыру
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Зат есім
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4428 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык