Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ


БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Сапалы қоғам саналы адамымен, тәрбиелі жастарымен ғана мықты. Сондықтан болашақта белсенді қоғам мүшесі, елі, жері үшін жанын аямайтын азаматты, яғни бүгінгі жас жеткіншектерді заман талабына сай оқыту, тәрбиелеу мәселелері күрделі міндеттердің алдыңғы қатарынан орын алады. Осыған байланысты бүгінгі таңда  болашақ ұстаз мамандарды даярлау мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Бұл мақсатқа жетудің басты жолы – білім беру барысында студенттердің, әсіресе, ұстаздық мамандықты таңдап келген студенттердің өзінің болашақ кәсібіне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін қалыптастыру. 
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы өз бетімен білім алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін жаңа оқыту технологияларына көшу талабын алға қойып отыр. Білім сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты.
Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын  және  әр біреуін жақсы оқыту болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушының ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда мүғалімдердің кәсіптік шеберлігінің маңызы зор.
Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Болашақта мұғалім мамандығы аса қажет және жоғары ақы төленетін мамандық болады. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сай болуы керек», - деп атап көрсетті. Бұдан байқайтынымыз, жаңа заман ағымына сай мұғалім – үнемі іздену, үйрену үстінде болуы тиіс.
Болашақ ұстаздарды даярлауда оқу-тәрбие жұмысында пайдаланылатын әртүрлі әдістер мен әдістемелер, оқу-әдістемелік, көмекші оқу құралдары студенттердің кәсіби тұрғыдан бағыт-бағдарының, дидактиканың жүйелілік, бірізділік, тұтастылық принциптері негізінде қалыптасуына мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, оқу – тәрбие жұмысының сапасын, тиімділігін арттыру маңызды іс болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі – оқушы, оқушылар тобы, топ, білім  беру ордасы болса білім сапасы  баспалдақтардың  әр  бір буынына байланысты біз білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика. Оқушыларға математикалық  жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін  өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін – мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі рухани борышқа толы. Мұғалімдердің  мақсаты – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру. Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің  негізгі міндеті. 
Математика – ерекше құдіретті ғылым. Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану  қажет. Қазіргі ақпараттық  технологияның  озық  жетістіктерін  математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. 
Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күні интрактивті тақтаның орыны ерекше. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай білу дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білеміз.
Математиканы оқытудағы негізгі талап – оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім,  шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретеді. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек.
Жаңа технологияларды қолдануда, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктері артады және оның мынадай артықшылықтарын сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
3. Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі артады;
4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Болашақ математика мұғалімдеріне жоғарғы математиканың қай саласында болмасын қазіргі заман математикасы тілінде, ғылыми негізде үйретуіміз қажет.
Егер математик – зерттеушіге ауқымды білімдермен қатар оның аясы тарлау бөлімін терең меңгеру талабы жүктелсе, ал математик – педагог үшін мүлдем басқаша талаптар қойылады. Алдымен оның қазіргі заман математикасының құрылымы жөнінде тұтас түсінігі болуы тиіс. Одан соң ғана оның басқа ғылымдармен байланысын және өмірде қолдану мәселелерін жақсы білу қажет. Демек, математиканы таным құралы ретінде танып, қазіргі заман шеңберінен мектеп математикасын көре білуі, математика ғылымдарының жоғары қабатынан элементарлық математиканың қазіргі ғылымда алатын орны мен маңызын дәл бағалауы және қазіргі заман математикасының тармақтарын кең көлемді білуі қажет. Мұғалім қазіргі математика мәселелерінің жалпы философиялық негіздерімен де, ғылыми тарихымен де таныс болуы керек. Мұғалім үшін бұл өте қажет, себебі, математика тарихы оқушылардың пәнге деген қызығуын ояту мүмкіндігіне кең жол ашады.
Осындай ауқымды мәселелердің шешімін табуда «Мектеп математикасы» пәнінің маңызы зор. Бұл курсты оқу негізінде болашақ мұғалімдер өздерінің жалпы мәдениеттерін жетілдіре отырып, келешекте мектеп математикасына қатысты көп мәселелерді үйренеді. Сондай – ақ мектеп математикасындағы кейбір теориялық мәселелердің аяқталмай қалу немесе толық берілмеу себептерін түсінеді. Жоғары математика курстарын білмей сауатты мұғалім шықпайтынына көздері жетеді. Сонымен қатар бұл курсты болашақ мұғалімдерге оқыту жоғары курстардың негізгі идеяларын толық және терең түсінуге мүмкіндік береді. Шындығында, бұл байланыс, біріншіден, мектеп математика пәні мен жоғары курстардың арасындағы сабақтастықты жүзеге асырады, екіншіден, студенттердің мектептен бұрыннан таныс материалдар арқылы жоғары математика курстарын еркін түсінулеріне жол ашады. Студенттердің терең білімін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін білімін жалпылауға, нақтылауға, салыстыруға, меңгерген білімді өзінше пайымдауға бағыттау керек. Колледжде жоғары математика, математикалық талдау, аналитикалық геометрия, мектеп математикасы пәндерінен сабақ беремін.  Осы пәндерден сабақ үлгілерін, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің өздерін жұмыстандыру мақсатында берілген тапсырсаларды ұсынамын. Жоғары математика пәні бойынша «Векторлық алгебра элементтері» тақырыбындағы сабақ түсіндірмелі, практикалық оқыту әдісімен жүргізілді.
Сабақтың мақсаты:Студенттерге екі вектордың векторлық көбейтіндісі туралы түсінік беру, олардың геометриялық және алгебралық қасиеттерімен таныстыру. 
Студенттерге екі вектордың векторлық көбейтіндісі көмегімен кейбір геометриялық есептерді шығаруды үйрету.
Студенттерді өз білімдерін жүйелеуге және векторларға берілген есептерді шығаруға бейімдеу.
Бұл сабақта мынадай тапсырмалар берілді:
Есеп №1.Параллелограмның қабырғаларындағы векторлар берілген: 
  
Параллелограмм ауданын табыңыз.
Есеп №2.Төбелері А(-1;0;-1), В(0;2;-3), С(4;4;1) нүктелерінде жатқан үшбұрыш ауданын тап.
Есеп №3.Жақшаларды ашып өрнектерді ықшамда:
1 – тапсырма:   
2 – тапсырма:  
Есеп №4.Диагональдары  және   болып табылатын, мұнда  – бірлік векторлар және олардың арасындағы бұрыш  , параллелограмның ауданын табыңдар.
Есеп №5.  және   векторларына салынған параллелограмның диагональдары мен ауданын табыңдар.
Әрі қарай тест жұмысы жүргізіледі.
1. А(-1;-2;4), В(-4;-2;0), С(3;-2;1) үшбұрышының төбелері болса, А төбесіндегі үшбұрыштың бұрышын табыңыз.
А) B) C) D) E) 
2.  векторлары өзара перпендикуляр.  болса,  скаляр көбейтіндісін анықтаңыз. 
А)            B)                C)                 D)               E) 3 
3. Төбелері А(7;3;4), В(1;0;6), С(4;5;-2) нүктелерінде жатқан үшбұрыш ауданын тап.     
А) 24           B) 23               C) 24,5               D) 23,5               E) 21
4. Егер  ,  және  болса, онда   табыңыз.
А) 15           B) 13               C) 16               D) 14               E) 12
5. Егер  және   векторлар арасындағы бұрыш  әрі скаляр көбейтіндісі  болса, онда осы векторлар арқылы салынған параллелограмның ауданы қаншаға тең болады?
 А)             B) 2              C)                  D) 1               E)  
Мектеп математикасы пәні бойынша «Функция» тақырыбындағы сабақ «БИНГО» ойынының желісі бойынша, ынтымақтастық, білім берудіізгілендіру, дамыта оқыту әдісі бойынша өтті.
Сабақтың мақсаты:
1) Функцияны туынды арқылы зерттеудің схемасын алгоритмдеу, құрылымдау;  жаттығулар орындау арқылы күрделі функциялардың графигін салуды  меңгерту .
2) өткен тақырыпта үйренген білімдерін өз бетімен жұмыстануға, шығармашылық тапсырмалар орындауда пайдалана білу; есептеу барысында кездесетін қиыншылықтардан жол таба білуге бағыттау.
3) Студенттердің өз бетімен жұмыстануларына дағдыландыру. Математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу.
Студенттерге әр кезең сайын жеке тапсырмалар берілді.
1-кезең. Бинго билеттерін сату.
1) Функция түрлері 
2)f(x)=0,5x  функциясының анықталу облысы. 
3)f(х)= 3x2+1функциясының анықталу облысы. 
4)f(x)=   √х  функциясының анықталу облысы.  
5)f(x)= 5x4+3x2 функциясының жұп тақтылығын анықта
6)f(x)=8x3 функциясының жұп тақтылығын анықта
7)f(x)=2x3+x+7  функциясының жұп тақтылығын анықта
8)f(x)= 4x2-x функциясының туындысы
9)f(x)=x3-2 функциясының туындысы
10)f(x)= x2 функциясының экстримум нүктесі
2-кезең. Бинго билеттерінің сандарын жазу 
А001
f(x)= x4-8x2функциясын зерттеп, графигін салу.
1) Анықталу облысы.  (R)
2) Мәндерінің жиыны(R)
3) Жұп тақтылығын анықта.(жұп)
4) х=0, f(x)=?   (0)
5) f(x)=0,  х=?   (0;-2 ;   2 )
6) f '(x) = ?   (4х3-16х)
7) кему аралықтары (( -∞;-2)U(0;2))
8) өсу аралықтары  ((-2;0)U(2;+∞))
9) кесте толтыру
10) графигін салу
x ( -∞;-2) -2 (-2;0) 0 (0;2) 2 (2;+∞)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі

Бастауыш сыныптарда математика пәнінің оқытылуы
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Физика сабағында жаңа технологияларды қолдану-білім құзіреттілігіне жету.
Жаңа технология түрін қолдану
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
Білім сапасын арттыру жолдары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2919 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык