Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күйзелістен айығу жолы


Күйзелістен айығу жолы

Күйзелістен айығу жолы

Күйзелістен емделудің екі жолы бар: күйзеліске қарсы дәрі-дәрмектер пайдалану және психотерапия. Тек, бұл тәсілдерді адам өздігінен емес, арнайы орталықтарға барып, мамандардың кеңесімен жүргізеді. Белгілі бір уақыт бойы жүргізілген психотерапия айығуға тиімді.

Негізі немқұрайлылық пен бейқамдықты көтермейтін нарық заманында депрессия әкелетін себептер көп. Әлеуметтік мәселе, қаражаттың жетімсіздігі, адамдар қарым-қатынасындағы келеңсіздік… тағы тағылар. Бірақ адамдар өзінің психикалық ауруға шалдыққанын аңдамайды немесе мойындағысы келмегендіктен де мамандар мен арнайы орталықтардың көмегіне жүгінбейді.

 Кішігірім күйзелісті асқындырмай, депрессияның алдын алу үшін төмендегі қарапайым қағидаларды есте ұстаған абзал.

      Бірінші- кез келген адам өзінің қажыр-қайратын қалыпты ұстауы керек. Мәселен, дер кезінде тамақтану, дұрыс демалу, спортпен шұғылдану.

     Екінші-адам өмірде өзіне не керек екенін бағамдап алса, құба-құп. Жоқ дегенде, күнделікті уақытын тиімді, мақсатты пайдалануға дағдылану аса қажет. Сонда ғана өзінің ісі мен өміріне көңілі толып, қажетсіз ойдан арылады.

     Үшінші- әркім өзі бағалайтын құндылықтарды сақтауға күш салса, жақсылыққа бір табан жақындайтыны анық.

 Жалпы күйзелістің адам денсаулығына әсері -бұл жүйке жүйесінің, қан айналымының бұзылуына әкеп соғатын себептердің бірі болып табылады. Қазіргі заманда адамдар невроз яғни күйзеліске көптеп шалдығады .

    Күйзеліс – ұзаққа созылған енжар, жабырқаңқы көңіл-күйді сипаттайтын ішкі сезім жағдайы, ол күнделікті өмір сүру қабілетіне әсер етеді.

Адамның күйзеліс жағдайына түсуге әсер ететін 2 фактор бар.                                             Бейімделушілік факторлары – бұл күйзеліске бейімдейтін тұлғаның ерекшелігі немесе тұрмыс қалпы, мұның барлығы оған дейін басынан өткерген оқиғаларға немесе әлеуметтік сипаттағы жағдайларға байланысты.

Тездетуші факторлар – бұл арандатушылық және күйзеліс кезінде анықталатын жағдайлар, мысалы жұмысынан айырылу немесе жақын адаммен қатынасты бұзу.

Бұл факторлар «өмірлік оқиғалар» деп аталады, яғни адам өмірінде кенеттен болатын өзгерістер.

Күйзелістің денсаулыққа әсері

-енжар, жабырқаңқы көңіл-күй

- күнделікті істер мен қызығушылықтарға ықыластың болмауы

- алаңғасарлық зейін мен концентрация

- ағзаның зат алмасуының бұзылуына әкелетін тәбетсіздік немесе             шамадан тыс тәбет

- мазасыз ұйқы

- шаршау

- өзін қажетсіз және үмітсіз сезіну

   Мысалы:қытайдың «Цигун» деген кітабында «қандай аурудың болса да сыртқы және ішкі себептері болады»-дейді.Аурудың ішкі әсеріне жеті түрлі эмоциялық әрекеттер себеп болады екен.Бұған:қуаныш,кек,қайғы,қатты ойлау,уайымдау,қорқыныш,үрей жатады.Қандайда бір эмоциалық қобалжу,берекесі кетіп ,мазасыз күй кешу-ішкі ағзалардың жұмсын нашарлатады,аурудың белең алуына себеп болады.

    Ғылыми дәлелге жүгінсек: «Кенеттен қатты  кектену-бүйректің жұмыс ырғағын бұзса, шамадан тыс қуану-жүректің жұмсын нашарлатады.Қайғы мен қатты ойға берілу-көк бауырдың жұмсын қалыптан шығарса ,уайымдау –өкпе қызметін қиындатады.Қатты үрей бүйрек күшін әлсіретеді.

Күйзеліспен күресу үшін не істеу қажет?

- Өзіңіздің «науқас» екеніңізді мойындау

- Белгілері байқалған кезде көмек сұрау

- Психологиялық денсаулықтың жағымды жағдайларымен сүйемелденетін тұрмыс қалпы – достарыңмен уақыт өткізу, басқалармен мәселелер мен алаңдаушылықтарың жөнінде әңгімелесу, қызықты іспен айналысуға уақыт бөлу, спортпен жүйелі түрде айналысу, алкоголь ішімдіктерін шамадан тыс пайдаланудан, темекі, есірткі тартудан, сонымен қатар сізге кері әсерін тигізетін жағдайлардан аулақ болу.

Ең қорқыныштысы күйзеліс суицид жасауға және өзіне-өзі зиян келтіру туралы ойларды туындатады, және көп жағдайда «жедел жәрдем» шақыратын адамдар қасыңда болмайды. Тек қайғыдан мұң шеккен туыстарыңа, жетім қалған балаларға жаны ашу және мұндай жағдайда олардың тағдыры қалай болатынын болжау ғана қалады.Адам баласы тынымсыз қозғалыстан ,бітпейтін шаруадан ,ұжымдағы кикілжіңнен яғни әлуметтік ортадағы келеңсіздіктен  жүйкесі жұқарып  ашуланшақ  болып күйзеліске ұшырайды,тығырықтан шығатын жол іздейді.

     Қандай жағдай болмасын барлығының шешімі бар, тек өз-өзінді тәртіпке салып, өмірлік серігіңмен,жанашыр достарымен ,ағайын-туғанымен қарым-қатынасты үзбей жақсарту керек. Дұрысы өзіңнен сұраған жөн: «Әрі қарай қиналғым келе ме және оған құқығым бар ма? Себебі маған көп адамдар тәуелді және менің еңбекке қабілетім мен өмірдегі белсенділігімнің төмендеуі ең алдымен оларға кері әсер етеді. Айқын әлемде менің өз міндеттерім бар және оларды орындау үшін мен күш-жігерімді жоғалтпауым керек.

     Өзіңізге «осы жерде отырып өзімді бақытсыз сезінгенше, мен көп істер атқаруым керек!» деп айтыңыз, күнделікті шаруалар жеткілікті – өзіңізді соларды іске асыруға мәжбүрлеңіз.

Өзіңе қандай күшті екеніңді, өз ойларыңды өзгерте алатыныңды, күйзелістен шыға алатыныңды дәлелде.

Жақын адамдарыңның арасында тату және жайлы жағдай жасауға тырысып көр, мүмкін өмірің жақсаратын шығар.

Психологтар күйзелістен құтылудың дәріден басқа әдісі бар деп есептейді. «Үмітті  сезіну-күйзеліспен  күресуде таптырмас қару болып табылады» деген пікірді алға тартады.

       Психолог Jennifer Cheavens: «Адамда неғұрлым көбірек үміт болса, соғырлым адам күйзеліске сирек тап болады.Сондықтан үмітке мұқтаж адамдарды үміттенуге үйрету керек» ,-дейді.

 «Егер сіз қалаған нәрсеңізге қалай қол жеткізу керек екенін білсеңіз, сондай-ақ мақсатыңызға жетуге нық сенсеңіз, онда сіздің үмітіңіз бар деп есептеуге болады» Jennifer Cheavens

 Психологтардың айтуы бойынша, үміт пен оптимизм екі бөлек нәрсе.Оптимизм-болашақта бір жақсылық болды деген сенім, ал үміт-нақты бір мақсатқа жетуге деген құлшыныс.

 Үміт тек қана сеіммен ғана туындайды.Үміті бар дам ғана өзінің болашағына нық сеніммен қарайды, ал үмітсіздік келешекті тұмшалап тастайды.Үмітсіздік – үнсіз жұтатын ұйық іспетті. Адам қанша қарманбақ болса да, еш нәрсеге қол іліктіре алмай, батқан сайын бата түседі. Үміт арқылы қиын белестерден қиналмай асып, биік шыңдарға шығуға болады. Үмітсіз – тек шайтан ғана.Жалпы  психологиялық  дағдарысқа ұшыраған адам уайымшыл келеді. Ол өзін шарасыз әрі жалғыз сезінеді. Мұның бәрі агрессияға, күйзеліске, құлықсыздыққа, психосоматикалық дерттер мен өзге де ауыр науқастарға алып келеді» дейді мамандар.

     Осы ретте мамандар  қазіргі таңда дағдарыстың өзі емес, адамдардың күрделі жағдайдан өздігінше шыға алмауы қауіпті екендігін ескертеді. Ал, бүгінде психологиялық орталықтардың қызметі де қаржыны талап ететінін ескерсек, күйзелістегі кісінің писихологтардың көмегіне жүгіне бермейтінін ескерген жөн, дағдарыс әркімге әртүрлі әсер етеді, сондықтан одан шығу барысы да әрқалай.

   – Психологиялық дағдарыстан шығу әр адамның өз қолында. Егерде ішкі психологиялық энергиясы, санасы мен жігері жетіп жатса, онда ол адам қандай қиындықтан болсын өз бетімен шығып кетеді. Ал егерде ол қасиеттер әлсіз болса, әрине,бұл жағдайдан өздігімен шыға алмайды. Сондықтан, міндетті түрде маманның көмегіне жүгінуі керек.

      Мамандардың айтуынша, депрессияға ұшыраған адамдардың 70 пайызы тығырықтан өзі шығуы мүмкін. Қалған 30 пайызына психологтардың көмегі қажет.

     «Әр адам өзінің жеке тұлға екендігін ұмытпағаны жөн, сонда ғана ол өзін жоғалтпай, мәнді де маңызды өмір сүруді үйренеді» дейді мамандар. Психологтардың айтуынша, бұдан жиырма жыл бұрын, яғни Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аласапыранда көптеген отандастарымыз стресстің емін «ащы судан» тапқан. Ал қазір бас ауыртатын уайымның емін дәріханадағы дәрілерден іздейтіндер көбейіп отырған көрінеді. Психолог мамандардың да көмегін керек ететіндер некен-саяқ. Оның бір себебі, қазақтың өз жарасын өзі жалап жазу керектігі хақындағы ұстанымды ұстайтын ұяңдық қалпы болса, екінші жағынан, елімізде психологиялық орталықтардың жұмысының әлі де бір жүйеге түспей отырғаны. Мысалы, біздің өңірімізде отбасылық проблемаларда қол ұшын созатын бір-екі ғана орталық бар. Оған тізімге жазылсаң, міндетті түрде кезекті күтуің керек болады. Ондағы бір сеанстың құны 2000-3000 теңгенің көлемінде. Ал бір теңгесі болса да, қарызынан құтылуды ойлап отырған жұртшылық сол теңгесін қиып, психологқа барады дегенге сенер ме едіңіңіз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мамандықтың бәрі жақсы
Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
Бала психологиясы
Стресс және оны жеңу тәсілдері
Күйзелісті қалай жеңуге болады?
Бейнелеу терапиясы
Дерт жинаған деректер
Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері
Денсаулық тексерістері
Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері және оның алдын алу жолдары
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6452 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык