Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық ойындардың сөйлеу тілін дамытудағы маңызы


Ұлттық ойындардың сөйлеу тілін дамытудағы маңызы

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындардың сөйлеу тілін дамытудағы маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Ойын-сауық түрлерінің қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру;

• Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, ой-өрісін, сөйлеу тілін, танымдық әрекетін дамыту;

• Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа,  төзімділікке, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз елін, жерін сүюге, ұлттық өнерге тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, ұлттық ойындарға байланысты дайын суреттер, оқушылардың өздері салған суреттердің көрмесі, бейне материал, ұлттық ойындар жайлы кітаптар, асықтар, тоғызқұмалақ, сақина, тест парақшалары, ұлттық ойындарды бейнелейтін бүктемелер.

Сабақ жабдығы: сынып тақтасы, бор, компьютер, интерактивті тақта

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Сабақ типі: Бекіту

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, сурет, дене шынықтыру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жинақтау, ой туғызу

Сабақта қолданылатын технология: Миға шабуыл, топпен жұмыс технологиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

«Ойынсыз  ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес»

                                                                                                                 В. Сухомлинский

ІІ. Жаңа сабақ:

- Сәлеметсіздер ме, балалар.  Бүгінгі біздің сабағымыз ұлттық ойындар жайлы болмақ.  Сабақ сайыс түрінеде өтеді. Ең алдымен сыныпты екі топқа бөлейік. Ол үшін біздер түрлі- түсті жұлдызшаларды таңдап, екі топқа бөлінеміз және тобымыздың да атын таңдаймыз.

1-ші топ: «Ханталапай»

2-ші топ: «Көкпар»

Сабақ 6 кезеңнен тұрады:

І кезең «Шапшаңдық сайысы»

    Бұрынғы өткен фонетика, септік жалғаулары, зат есім, сын есім, есімдік, иелік форма тақырыптары бойынша өткенді еске түсіреміз. Қай топ тез жауап берсе, сол топ осы кезеңнің жеңімпазы атанады. Тапсырма екі топқа ортақ, түсінікті болса, кезеңді бастаймыз.

Сұрақтар:

1. Фонетика нені зерттейді?(тіл білімін)

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42 әріп)

3. Буын түрлерін атаңыздар.(ашық, тұйық, бітеу)

4. Ашық дауыстыларды атап беріңіздер.(а, ә, о, ө, е, э)

5. Қазақ тілінде еріндік дауыссыздар нешеу?(5-еу, о, ө, ұ, ү, у)

6. Әдемі сөзіне синонимдік қатар құрыңыздар(әдемі, сұлу, көркем, керемет)

7. Күн, жылы, үлкен сөздерінің антонимін табыңыздар. (күн - түн, , суық - жылы, кіші - үлкен)

8. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіріп кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.)

9. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қандай? Қай?)

10. Қазақ тілінде неше септік бар?(7)

11. Барыс септігінің жалғаулары? Мысал келтіріңіздер.(-ға, -ге, балаға, әкеге)

12. Адамды, кітапты, оқушыны сөздері қандай септікте тұр?(Табыс септік)

13. Жатыс септігінің жалғауы? Мысал келтіріңіздер. (-да, -де, -та, -те, кітапта,мектепте, қызда)

14. Есімдікке мысал келтіріңіздер.(ол, анау, қашан? мына, өзім)

15. Есімдіктің түрлерін атап беріңіздер.(жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, болжалдық, болымсыздық, жалпылау)

16. Иелік форманың жұрнақтары?(-нікі, -дікі, -тікі)

- Өте жақсы, балалар. Жеңімпаз атанған топты құттықтаймыз. Екінші топқа да сәттілік тілейміз.Ұпай санын теңестіруге  әбден болады.

ІІ кезең: «Білгенге маржан»

1-тапсырма. Бұл сайыста ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады. Қай топ ойынның атын дұрыс, шапшаң тапса, сол топ жеңімпаз болады.

1) ...-екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. Женгені женімпаз атанады. (қазақша күрес)

2) ...- ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған.(тоғызқұмалақ)

3) ...-ертеден келе жатқан ойындардың бірі.  Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға  ұзын жіп немесе арқан керек.(арқан тарту)

4) ...- қазақтың ертеден келе жатқан ойын түрлерінің бірі. Бұл –ауылдың сыртында әткеншек құрып, өлең айту.(алтыбақан)

5) ...- ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады.  (ханталапай)

6) ...-шауып келе жатқан атың үстінен белгіленген затты дәл көздеп, атып түсіру. (жамбы ату)

7) ...-белгіленген ара қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады. Шабандоздар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. (теңге алу)

8) ...- ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Ойынға белгіленген  уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ)

9) ...- қызықты ойындардың бірі. Қыз  бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірі қуысады. (қыз қуу)

10) ...-екі топқа бөлініп, ат үстінде ойналатын күштілер мен ептілердің ойыны (көкпар)

11) ...- асықпен ойналатын, мергендікті, ептілікті қажет ететін ұлттық ойын (асық ату)

12) ...-жастар арасында ойын-сауық үшін, бір-бірімен танысып-білісу үшін ойналатын ұлттық ойынның бірі (ақсүйек).

2-тапсырма: Оқушылар өздері алып келген асықтары арқылы «Ханталапай» және         

                     «Асық ату» ойындарын ойнап көрсетеді, ойналуын түсіндіріп береді.

ІІІ кезең: «Білімді жүйелеу»

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығу.

Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Солардың бірі: көкпар, бәйге, күрес, теңге алу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, жамбы ату тағы да басқалар.  Ұлттық ойындардың барлығы үлкен тәрбие береді.  Олар ерлікті, тапқырлықты қажет етеді. Ұлттық ойындар  тойларда, мерекелерде ойналатын болған. Ата-бабамыздан  жеткен бұл ойындар біздің байлығымыз. Сондықтан  біз оларды білуіміз  керек.

2-тапсырма.

       І топ:Мәтіннен  1-4 сөйлемдердегі зат есім мен есімдіктерді екі бағанға теріп жазады.

Зат есім                                                                                Есімдік

      ІІ топ: Мәтіннен 5-8 сөйлемдердегі зат есім мен есімдіктерді екі бағанға теріп жазады.

Зат есім                                                                                 Есімдік

          3-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіздер

І топ:   Ойын, күрес, теңге алу;

ІІ топ: Асық,бәйге, қыз қуу;

4- тапсырма. Берілген сөздерді жіктеңіздер

І топ: Қазақ, палуан;

ІІ топ: Оқушы, бапкер;

5-тапсырма. Негізгі сын және туынды сын есімдерді екі бағанға бөліп жазыңыздар.

Негізгі сын есімдер                                           Туынды сын есімдер

І топ: Жүйрік, биік, өнерлі, үлкен, білімді, қалалық,  ақылды, гүлді.

ІІ топ:Таулы, ұзын, ақылды, қалың, боранды, ұзақ, ынталы, ұлы.

6-тапсырма. Интерактивті тақтадан ұлттық ойындарды бейнелейтін «Бәйге», «Аударыспақ» ойындары бойынша дайыналған жобаны 2 топтан екі оқушы қорғауы керек.

ІV кезең: Сергіту сәті «Сақина салу» ойыны» (Өнер сайысы)

Ойынның ережесі бойынша мұғалім қолын созып отырған оқушыларға сақинаны сала бастайды. Сақинаны кімге тастайтыны  мұғалімнің өз еркінде, әйтеуір кімнің алақанына салып жібергенін білдіртпеуі керек. Сақинаны алған оқушы да білдірмеуі тиіс. Сақинаны тастап болған соң қайтадан ортаға келіп «ақ қояным, атып шық»,- деп дауыстайды. Осы сәтте сақинаны алған оқушы жанындағыларға байқатпай  тұруы қажет. Ал әрбір оқушының міндеті жанында отырған көршісін бақылап отыру. Егер сақинаны алған оқушы орнынан тұрып кетсе, көршісі өнер көрсетеді. Егер ол тұра алмай қалса, сөз жоқ, сақина алған оқушы өз өнерін тарту етеді.  Қандай өнер көрсететіні көпшіліктің ұйғаруымен болады: өлең айту, би билеу, домбыра тарту, қызықты әңгіме, басынан кешкен оқиға да болуы мүмкін. Осыдан соң ойынды қайта бастайды. Ойын осылайша қайталана береді.

Vкезең: «Арқан тартыс» (капитандар сайысы)

1-тапсырма.«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар». Мақалдың бірінші сөйлемі слайдтан көрсетіледі, екіншісін капитандар табуы керек және әр капитан өзі тапқан бөліктен зат есім мен сын есім, есімдікті тауып, атайды. Дұрыс тапқан капитанға ұпай (жұлдызшамен) беріледі.

1. Күшіне сенбе,

Адал ісіңе сен.

 

 

 

2. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

3. Ақыл жастан шығар,

Асыл тастан шығар.

4.  Жері байдың,

Елі бай.

5.  Еңбек ет те,

Міндет ет.

6.  Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңлі өсер.

7.  Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

8.  Батыр бір өледі,

Қорқақ мың өледі.

9.   Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

10. Арпа, бидай –ас екен,

Алтын, күміс –тас екен.

2-тапсырма.«Ұлттық ойындардың қажеттілігі бар ма?»-деген тақырыпта екі топтың капитаны өздері дайындаған «Қыз қуу», «Көкпар» ұлттық ойындары жобаларын слайд арқылы қорғайды.

ІV. Бекіту

VІ кезең: Білімді жинақтау:

1- тапсырма Тест

1. Ұлттық ойын атауы.

а) футбол;

ә) бәйге;

б) теннис;

2. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға  ұзын жіп немесе арқан керек.

а) бәйге;

ә)алтыбақан;

б) арқан тарту;

3. Бәйге ойынын қандай жануар үстінде ойнайды?

а) есек;

ә) жылқы;

б) сиыр;

4.Тоғызқұмалақ ойынын неше адам ойнайды?

а) 2;

ә) 3;

б) 1;

5. Қыз қуу ойынының шарты неде?

а)бетінен сүйеді;

ә)басынан сипайды;

б)қамшымен ұрады;

6. Қыз қуу ойынына қатысушылары кімдер?

а) жігіт;

ә) қыз бен жігіт;

б) қыз;

7. Ойынға белгіленген  уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.Ол қандай ойын?

а)жамбы ату;

ә)арқан тарту;

б)аударыспақ;

8. Теңгенің көмегімен ойналатын ойын:

а)жамбы ату;

ә)арқан тарту;

б)теңге алу.

9. Ұлттық ойынға жатпайтын ойынды көрсетіңіздер

а)тоғызқұмалақ;

ә) аударыспақ;

б) футбол;

10. Ұлттық ойындар адамның қандай қасиеттерін қажет етеді?

а) әдемілік пен жомарттылықты;

ә)адамгершілік пен сұлулықты;

б)ерлік пен тапқырлықты;

Бағалау критерийлері                                  Тест жауаптары:

0-2 – «2»                                                         1.Ә.                       6.Ә.

2-5 – «3»                                                         2.Б                         7.Ә.

5-8 – «4»                                                       3.Ә                         8.Б.

1-9 – «5»                                                         4.А.                        9.Б.

                                                                        5.А.                       10.Б.

2-тапсырма.«Ұлттық ойындар» -топпен жұмыс, постер құрастыру, оны қорғау.                                          

3-тапсырма. «Ұлттық ойындар», «Қыз қуу» тақырыбындағы бейне материал көрсету арқылы ойды жинақтау, айтылғандарды есте сақтау.

V. Үй жұмысы

Ұлттық ойындар туралы шығарма жазу.

VІ. Қорытынды

  1. «Рефлексия» әдісі, смайликтер арқылы сабақ туралы  өз ойларын топтастыру

VІІ. Бағалау

Бағалау әр оқушының сабақ үстінде жинаған ұпай сандарына байланысты болады.

Оқушылардың аты-жөні жазылған кесте интерактивті тақтада жазулы, сабақ біткен соң оқушылар өздерінің жинаған жұлдызшаларының санын  өздерінің тұстарына жазу арқылы бағаларын біледі.Мысалы:

Оқушының аты-жөні

«5» 10-12 ұпай

«4» 8-10 ұпай

«3» 5-8 ұпай

1

Бигалиев Рустембек

12

 

 

2

Кабделов Куанышкали

 

10

 

3

Орынбасаров Исмаил

 

9

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Баяндауыш.
Негізгі және туынды зат есім.
Ұлттық ойындар
Ұлттық cпорт түрлері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Фонетика
Ұлттық ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары
Ұлттық ойындар
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3742 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык