Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері


Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Махаббат  диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты : білімділік : оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге,өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету;
 дамытушылық : сөйлеу тілдерін жетілдіру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай білу,оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру; 
тәрбиелік – оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,өз ұлтын,елін жерін,отбасын сүюге, шығармашылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, кітап көрмесі,плакат-таблицалар.
Сабақтың барысы. 
                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:
     Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
                     1. Қ. Мұхаметжанов өмірі мен  шығармашылығына  шолу.
2. «Көктөбедегі  кездесу»  пьесасы
 
Жаңа  сабақ: бүгінгі  өтетініміз  М.Мақатаев  «Махаббат   диалогі» , «Қайран, Қарасазым -ай » өлеңдері.
Сабақ    мына  бөлімдерден  тұрады.
1.Мұқағали  өміріне  шолу,  слайд   көрсету.
М. Мақатаев  1931  жылы  9-шы  ақпанда  Алматы  облысы, Райымбек  ауданының,  Қарасаз  деген  жерінде  дүниеге   келген.Әкесінің  аты-  Сүлеймен,  шешесі – Нағиман,  атасының  аты-  Мақатай,  әжесі – Тиын, әйелі – Лашын.  
2.Поэзия, менімен  егіз бе едің?   
                            Мұқағали  өлеңдерін  топтастыру
 
      Туған  жер бақыт махаббат
  3.  «Махаббат  диалогі»  өлеңіне    сахналық  қойылым.
     Құс боп  ұшып  жоғалсам не етер  едің?
      Сені  іздеумен  мәңгілік  өтер  едім.
 4.    «Қайран,  Қарасазым -ай»  өлеңін   әнімен    тыңдату.     
      Бір-бір  шумағын    өлең   құрылысына   талдау.
Тамаша  еді  жазғы  орман,
Құстар  сайрап  мәз  болған
Көлшіктерде , суларда
Үйрек  ұшып, қаз  қонған.
 
Түсініктеме  күнделігі.  Өздеріне  ұнаған  жерін  жазып  алып,  түсіндіреді.
 
Поэзия  минуты.   Оқушылар  өздеріне   ұнаған  өлеңдерін жатқа  оқиды.
«Домино»  ойынына  арналған  сөйлемдердің   қиындыларын  таратып  беремін.
 І  қатарға: Өлеңмен  өрілген  өмірінің  заманмен,ұрпақтармен  бірге   ілгері  қарай  көше   беретінін  танытты.                                      
 ІІ  қатарға:Поэзияның  асқар  шыңы,  ғасыр   ақыны  өзін  әдебиет  
 ІІІ  қатарға:Мұқағалидың  мәңгілікке  тот   баспайтын  асыл  жырларын   келер  ұрпаққа   жеткізетін  өзіміз.
 
Деңгейлік  тапсырмалар   үлестіру
1-деңгей  :  Мұқағали  кім , шын  аты ше?                                                                          
2-деңгей:  Шығармалар  жинағын  ата.
3-деңгей: Прозасы  туралы  не  білесің?
 
Бекіту:   «Жазылар   естеліктер  мен  туралы»  өлеңін  оқытып,  ақын   туралы   ақын-жазушылардың  ой-  пікірлерін   ортаға  салу.
Үйге:   өлеңдерін  жаттау,  талдау. «Ғасыр  ақыны- Мұқағали»  шығарма  жазу.
Бағалау:   белсене  қатысқан     оқушылардың     білімін  бағалаймын

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Сен тірісің жан аға халқың барда
Жырлайды жүрек
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
М. Мақатаев Фантазия
Қазақ поэзиясының Хантәңірі
Жырлайды жүрек
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6291 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык