Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Марқұм Ғазиз Байтасовтың есімі орта мектепке берілмек


Марқұм Ғазиз Байтасовтың есімі орта мектепке берілмек

Марқұм Ғазиз Байтасовтың есімі орта мектепке берілмек

Құралай Пионер
Таразда лаңкестің жолын кескен тәртіп сақшылары марапатталды. Өз өмірін қиып  қаскөйді тоқтатқан Ғазиз Байтасовқа ең жоғарғы мемлекеттік награда - «Халық қаһарманы» атағы берілді. Және бүгін батыр оқыған Жамбыл обысындағы Түймекент орта мектебіне оның есімі берілетін болып шешілді. Сондай-ақ қанды оқиға кезінде оққа ұшқан, жараланған полицейлер де түрлі дәрежедегі медальдармен марапатталды. Естеріңізде болса, 12қараша күні лаңкес Мақсат Қариевтің   қолынан 7 адамды қаза болған еді.    
 
 Жұрт тынышын қашырып, 7 адамның өмірін қиған тараздық ланкестінің қарекетіне бүгін - бір ай, екі күн. Жарылғыш затты іске қоспаққа әрекеттенген қылмыскер Мақсат Қариевті құшақтай құлаған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі болмағанда, кім білсін, қару кезінген қарақшының қолынан қаза болғандар саны мұнан да көп болар ма еді....
 
  Елі үшін өз өмірін қиған  азаматқа бүгін ең жоғарғы мемлекеттік марапат -  «Халық қаһарманы» атағы берілді. Награда марқұмның жұбайына табыс етілді.
 
Гүлжамал Тәжиева, Ғ.Байтасовтың жұбайы:
 
- Елбасы бағалап, жоғарғы мемлекеттік награда - «Халық қаһарманын» беріп отыр. Бұл менің жұбайымның ғана емес, жалпы құқық қорғау органдарының бағасы, жоғары бағасы!
 
  Сондай-ақ  атыс кезінде оққа ұшқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі сарбазы мен тойтарыс барысында жараланған Данияр Құрманбаев, Мәлік Молдақасов, Самат Алашевтар «Айбын» орденімен марапатталса, Қанат Мырзалиевке «Ерлігі үшін» награда берілді.
 
Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі: 
 
- Жақында Тараздағы лаңкестік оқиға  болғанын  жақсы білесіздер. Соның жолын кескен полиция қызметкерлерінің  ерлігін е Елбасы жоғары бағалады. 
 
 Сондай-ақ   бүгін Ғазиз Байтасов оқыған білім орасында оны еске алу шарасы өтті. Үлгілі оқушының жетістігін айтып ұстаздары сыр шертсе, оқушылар лаңкестің арам ойының іске асуына тосқауыл болған ағасына жыр-шумақтарын арнады.
 
Арайлым Захарова, Түймекент орта мектебінің оқушысы:  
 
- Білмедің, Тараз жақта не болғанын, 
 
Естілді суық хабар қарғыс атқан.
 
Халқының амандығын сақтау үшін
 
Ерлікпен Ғазиз ағам қаза тапқан. 
 
 Түймекент мектебінің партасында Ғазиз нәбәрі  төрт жыл ғана отырыпты. Бастауышты бітірісімен отбасымен облыс орталығы Тараз қаласына қоныс аударып кеткен екен. Бірақ,  көзсіз ерлік жасаған шәкірттің  есімі  білім ордасында мәңгі қалмақ. Өйткені жаңа жылдан бастап Түймекент орта мектебі Ғазиз Байтасовтың есімімен аталатын болып шешілді

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Махмет Қайырбаевтың 90 жыл туғанына арналған . «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра .» атты тәрбие сағаты.
Сәлем саған, мектебім!
Ауданның даңқты тұлғалары
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
Ұясын бұлтқа салған қаламгер.Ә.Тарази
Мен таңдайтын мамандықтың маңызы
“Технология” білім беру саласын нормативтік- құқықтық қамтамасыз ету.
«Өнерлі өрге –жүзер»
“Ақжолтай Ағыбай батыр”
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2183 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык