Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас


Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас

Тақырыбы: Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынас

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға  ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу,сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы  қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін  бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.
Міндеті:Ұлы білімге ата-аналарды, оқушыларды, педагогикалық ұжымды тарту, оқушылардың жеке писихикалық дамуында болатын кейбір қолайсыздықтың алдын алу; ата-аналарға, оқушыларға кейбір мәселелерді шешуде көмек көрсету
Барысы:
Бүгінгі күн тәртібінде:
1.Клуб жұмысымен таныстыру
2 .  Тақырыбы:“Мектеп, ата-ана және  оқушы арасындағы қарым-қатынас” 
3. Баяндама. Тәжірибелі маман  1-сынып жетекшісі Жанар Қалиқызына  беріледі.(Балалық шаққа саяхат .Өзіммен-өзім әдістемесі қолданылады. Ата-аналар бір сәт өздерімен –өздері қалып, балалығын есіне алып,өз баласын түсінуіне м үмкіндік беріледі)
4.Өзара пікір алмасу
5. Педагогикалық және  психологиялық  кеңес беру
 1.Кіріспе  (Клуб жетекшісінің алғы сөзі)
-Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар және отырысымызға қатысушы ұстаздар?! Қош келіпсіздер, қадамдарыңызға гүл бітсін!
Сіздерді бүгінгі отырысымызға шақырған себебіміз, мектебімізде  «Ата-аналар» клубы ашылып отыр.  Өздеріңіз білетіндей біздің  өмір сүріп отырған қоғамымыз -нарықтық экономика. Еліміз үнемі даму үстінде. Өркениеті елдігімізді шығаратын білім мен ғылым, сондықтан мемлекет бізден елдігімізге сай білім беруді талап ететін болса , біз оқушылардан мемлекеттік бағдарламаға сай білім алуды талап етеміз. Қандай да бір жетістікке қол жетізу үшін біздер мұғалім- ата-ана-оқушы болып бірлесе жұмыс істеуіміз қажет.
Клубтың алға қойып отырған мақсаты да осы.
Клубқа жетекшілік ететін мен-Қойбасарова Нұр Берікқанқызы, сіздермен біздерге, оқушыларға психологиялық кеңес беретін мектебіміздің білікті психологы- Шакиртова Маржан Серікқазықызы, сондай-ақ бізбен үнемі байланыста болатын әр сыныптың жетекшілері.Қандай да бір сұрақтарыңыз болып жатса біз сіздермен бірлесіп жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз. Ал бірлесіп жұмыс істеу үшін танысып алайық, ол үшін сөз кезегін психолог маманға береміз.(Психологиялық сәт. Жауапты-психолог)
2.Бүгінгі біздің тақырыбымыз “Мектеп, ата-ана және  оқушы арасындағы қарым-қатынас” тақырыптың негізгі қамтитын ойы, қазіргі кезде өкінішке орай қоғамымызда орын алып отырған кейбір мәселердің алдын алу мақсатында сіздерді бірлесе жұмыс істеуге шақыру.Қажет деп тапсаңыздар педагогикалық және  психологиялық  кеңес беру
“Мектеп, ата-ана және  оқушы арасындағы қарым-қатынас” атты бүгінгі тақырыппен таныстыру
Негізгі бағыттары мен таныстыру: 
Мұғалім  -  мұғалім
Мұғалім -   оқушы
Мұғалім  -   ата-ана
Оқушы   -     оқушы
Ата-ана   -   оқушы
 Баяндама “Мектеп, ата-ана және  оқушы арасындағы қарым-қатынас”(Жанар Қалиевна)
3 Практикалық кезең. 
Практикалық кезеңге дайындық.(Балалық шаққа саяхат .Өзіммен-өзім әдістемесі қолданылады. Ата-аналар бір сәт өздерімен –өздері қалып, балалығын есіне алып,өз баласын түсінуіне м үмкіндік беріледі)
а) Ата-аналар арнайы дайындалған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларымен бөліседі.
б) Психологиялық сәт. Жауапты-психолог
4. Қорытынды кезең 
Ата-аналарға өз пікірлері мен ұсыныстарын жазу үшін парақтар таратылады.Әркім өз ойларын жазғаннан кейін «Өзіңіздің бойыңыздағы қандай қасиетіңіздің балаңыздың бойына дарығанын қалар едіңіз?» деген сұраққа жауап бере отырып, парақты арнайы ілінген плакатқа іледі.
а) Отырыстағы ойды қорытындылау (Клуб жетекшісінің қорытынды сөзі)
-Құрметті ата-аналар енді әрқашан бірігіп жұмыс істеуге шақырамыз.Сіздерге  педагогикалық және  психологиялық  кеңес беруге әрқашан әзірміз. Бүгін әрқайсыларыңыз үйге барғаннан кейін балаларыңызды бауырыңызға тартып, ол сіздің өміріңіздің жалғасы екенін, өзіңіздің оған сенетініңізді, болашақта рухы биік елін сүйетін азамат болатынына,  сіздерге әрқашан сүйеу болатынын айтыңыз. Және осы әдісті жиі қолдансаңыз сіздің балаңыз дарынды болатынына сізде сеніңіз.
  Рух пен тіл әнімен қорытындылаймы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Мемлекет аралық бақылауды ұйымдастырудағы мектеп ұжымының іс-әрекетінің желілі кестесі
Ата-аналармен жұмыс
Мектепті дамыту жоспар
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың дәстүрден тыс түрі
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.
Бала тәрбиесі
«Мен және менің балам» (тақырыбындағы дөңгелек үстел)
Арал қалалық №13 орта мектебіндегі психологиялық қызмет жайлы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9409 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык