Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеттері, Модель түрлері


Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеттері, Модель түрлері

Сабақтың тақырыбы Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеттері. Модель түрлері

Сабақтың мақсаты Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру 
Сабақтың міндеттері 
• модель түсінігін қалыптастыру
• модельді анықтау жолдарын үйрету
• модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру
• модель түрлерімен таныстыру
 
Дереккөздер мен жабдықтар Үлестірмелі парақшалар, жаңа тақырып ресурстары, компьютер, стикер, лента
Жүру барысы Ұйымдастыру 
Психологиялық дайындық
"EXPO-2017" қалалығының компьютерлік моделінің бейне ролигі
 
Білім, Түсіну -"Дана үкілер" техникасы бойынша түсіндіру.
 
1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері - мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларға анықтама беру
2. Маңызды өмірлік даналық (мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз)
3. Таныс және таныс емес ( мәтіннен сізге алдын ала таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз)
4.  Иллюстрациялық бейнелеу (мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба арқылы бейнелеп көрсету)
5. Үлгі боларлық қорытынды (оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды)
 
Қолдану - "Модельдер сыры"
Шарты: 1. Модельдерді пәндік салаға топтау
Химиялық, Физикалық, Географиялық, Биологиялық
Шарты: 2. Берілген модельдерді материалдық және
ақпараттық бағытқа топтаңыздар
1. Глобус
2. Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті 
3. Театр спектаклінің костюмдер эскизі
4. Адам қаңқасының макеті
5. Химия реакцияларының теңдеуі
6. Абай Құнанбаев жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі
7. Қуыршақ
8. Су молекуласы құрылымының моделі (макеті) 
9. Пойыздар қозғалысының кестесі
10. Паровоз ойыншығы
11. Метроның сызбасы
12. Шаршының ауданын табу формуласы
13. Чарльз Бэббидж суреті 
 
Материалдық модельдер Ақпараттық модельдер 
1, 2, 4, 7, 8, 10 3, 5, 6, 9, 11, 12, 13 
 
Талдау: "Логикалық есеп"
Кімнің қандай іспен айналысатынын анықтап, шешімін
 кесте  түрінде көрсету керек.
 3 жасөспірім: Қайрат, Мақсат және Архат бір көшеде тұрады. Біреуін барлығы мықты шахматшы ретінде біледі, екіншісі – футболшы, үшіншісі – достарымен жиналып, уақытын солармен өткізгенді жақсы көреді.
 Бірде футболшы досына шахмат ойынын үйренуге барады, бірақ анасы баласының сол көшеде тұратын, барлығына таныс досымен би кешіне кеткенін айтады.
 Архат Мақсат жайлы ешқашан естімегені белгілі 
 
Көмек: Есепті шешу жолын Архат шахматшы емес деген ойдан бастау керек. Өйткені шахматшы футболшыны да, би кешін жақсы көретін баланы да тануы керек. Мақсат - би кештеріне қызықпайды, өйткені би кешін жақсы көретін баланы барлығы таниды, ал Мақсатты Архат танымайды. 
Қайрат Мақсат Архат
Шахмат - + -
Футбол + - -
Би - - +
Сергіту 
"Сөзжұмбақ" Тақтаға мынандай сөздер жазылады: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"
Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?
Жауабы: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"
"Ұшқыр ой"   графикалық модель құру
Қорытындылау
"Электрондық тапсырма" - электрондық оқулықтан тапсырма орындау
"Кемпірқосақ"- жаңа сабақты түйіндеу
Үйге тапсырма
 1. Адамдардың қалыптан тыс жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының моделін құру
1 - топ "Жер сілкінісі"
2 - топ "Кеме апаты"
2. EXPO-2017 қалашығының графикалық моделін құру 
"Білім ағашы" бағала

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Модель, нақты объектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.
Модельдер түрлері
Қос сөздер
Циклдік алгоритмдер
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Модель және модельдеу
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 11550 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык