Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шығармашылыққа баулу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер


Шығармашылыққа баулу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сабақ тақырыбы: Шығармашылыққа баулу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер

Бүгінгі күні Қазақстандағы білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалуда.Жаңа оқыту бағдарына бет бұру- күн тәртібіндегі басты мәселе.
Жас ұрпақ жан-жақты жетілген,ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті  мәселесі.Бұл әр ұстаздың  шығармашылық ізденіспен жаңаша жұмыс істеуін қажет етеді.
Бастауыш білім –берудің алғашқы басқышы. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар,қолымен ұстап , көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан менің алға қойған мақсатым-оқушыға білім жүйесін терең әрі  тиянақты беру ,балалардың шығармашылық  қабілеттерін  жан-жақты дамыту.Яғни бұл-бүгінгі күннің талабында.
 Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс -тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Мен өзімнің іс тәжірибемде « Сын тұрғысынан ойлау технологиясын » қолданамын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынанойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
 
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
- Сабаққа қызығушылығы артады;
- Нақты өз деңгейінде бағаланады;
- Жеке қабілеті айқындалады;
- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Менің өз істәжірибемде әдебиеттік оқу сабағынан өткізген Арыстанның тілі қайда »деген тақырыптағы сабағыма тоқталып өтейін. 
 
Оқушыларды топқа бөлу.
Мен бұл сабақта мынандай стратегияларды қолдандым:
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
 
Ерекше әсер еткен тұсы Сол туралы өз пікірің
 
 
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
4-ші «Әдебиет үйірмесі»  стратегиясында -берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топқа бөлдім.
1- топ. Баяндаушылар.Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.
2-топ  Сілтеме табушылар.Мәтіннің шарықтау шыңы неде болды?
3-топ.Сұрақ қоюшылар.Егер осы мәтіндегі архитекторға жолыға қалсаң, қандай сауал қаяр едің?
• Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз.
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Оқушыға:
-өз ойын ерін айтуға мүмкіндік беру;
-ойын дамыта өзгертуіне мүмкіндік беру;
-Шығармашылық жұмыстағы еркіндікке мүмкіндік беру;
-кез келген мәселені өзінше шешуге мүмкіндік беру:
-баға беруге ,таңдау жасауға мүмкіндік беру;
-оқығанын өмірмен байланстыруына ,өмірде қолдана алуына мүмкіндік беру.
Мен өзімнің іс тәжірибемде негізге қойған міндетім-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Балаларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке,қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды. Осы мақсатта өзімнің  оқушыларымды шығармашылыққа баулу үшін түрлі әдіс- тәсілді қолдандым:
1.Мәтінді « Болжау»стратегиясы арқылы оқыту.
2.Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген  тапсырмаларды шешу.
3.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында жұмыстар.
4.Биопоэма стратегиясы.
5.Қиялдау арқылы рөлге бөлдіру, оқыту.
6.Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құру.
8. Өз ойларын еркін жазу.
9..Топтастыру стратегиясы.
10.Тақырыпты жан-жақты қарау,сұрақ –жауап әдісімен талдау.
1.Арнаулы бір тақырыбына Болжау стратегиясы бойынша талдау жасау.
Кітап оқуға құмарлықты қалай тудыру керек деген мәселе барлығымызды ойландырары сөзсіз.Қызығушылығын арттыру арқылы ғана бала кітапқа құмарланады. Болжау стратегиясы  кез келген сабақтың « Қызығушылықты ояту»  кезеңінде  қолданамын.Бұл мен үшін ең басты мәселе.Сонымен қатар оқушы барлық жұмыстарды өзінің шығармашылық қайнауынан өткізу арқылы ғана сабақты бағалап , мәселені шешуге ұмтылады. Олсол арқылы ешкімге ұқсамайтын жол іздейді,өзінше болжайды және сол болжамды  мен мән беріп тыңдауым керек.Бұл  бастауыш сынып оқушысы үшін соншалықты маңызды екенін білемін.Болжау стратегиясын қолдану арқылы менің ұтқаным оқушы өтілетін жаңа тақырыпты алдын ала оқып,сол тақырыпқа қосымша деректер іздеп тауып келіп жатады.Мысалы :«Әке тәлімі»  атты жаңа тақырыпта мына сұрақтарды  жүргіздім.
- Қалай ойлайсыңдар,әңгіме не туралы болуы мүмкін?Олай ойлауыңа не себеп болып тұр? Нені негізге алып отырсың?
(Өз ойларын ортаға салып ,дәлелдейді).
2.Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен тапсырмаларды шешу.
Өтілген тақырып бойынша сол тақырыпқа байланысты оқушыларым сөзжұмбақ құрастыруды тапсырамын.
3.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар.
1.Мәтін мазмұнын өңдеу.Бұл тапсырманы қазақ тілі сабағында қосымша тапсырма ретінде орындауға болады.
2.Шығарма, шағын мәтін құру
3. Арнайы кестеге қарап та әңгіме құрастыруға болады.Әр оқушы жеке әңгіме құрап жазады,әр топтан бір оқушы шығып оқиды.Осы тапсырма бойынша жазылған әңгімелердің ең үздігі былай жазылды.
 
Не болды деп ойлайсың? Неге?
Дәлелдеңіз. Шын мәнінде не болды?
 
Осы кесте арқылы балалардың ой-қиялы дамып,арман-тілегін жеткізуіне септігі тиеді деп білемін.
4. «Биопоэма»стратегиясы . Бұл стратегия ақылы сабақта қорытындылауға болады немесе көршісі туралы не жазғысы келетініне байланысты өзгертіп отыруға болады.Тапсырманы топта талдай отырып орындайды.
1.Аты.
2.Үш-төрт етістік.
3.Басқалармен қарым қатынасы
4.Үш-төрт ұнатқан заты
5.Екі-үш басынан өткізген сезімі
6.Екі-үш жеткен дәрежесі нәтижесі, шыңы.
7.Көргісі келетін немесе көргенде сезім ұялататын екі-үш заты
8.Ол қорықпайтын екі-үш зат
9.Мекенжайы
10.Тегі
 
5.Қиялдау арқылы рөлге бөлдіру,оқыту.
Мәтінді оқып болған соң, болған оқиғаға баға беру.Мысалы:Әдебиеттік оқу пәніндегі «Адамның нашар мінезі»тақырыбында өткізген сабағымда мынадай топтық жұмыс тапсырдым.
1-топ.Ызақор адамның бейнесін суретте.
2-топ.Еріншек оқушыны суретте.
3-топ.Мақтаншақ ұлды суретте.
4-топ.Өтірікші қызды қалай суреттер едің?
5-топ .Бекер мал шашқыш адам қандай болар екен? Әр оқушы өз ойын стикер қағаздар арқылы көрсетеді. 
-Осындай балаларға ұқсағымыз келе ме?
-Ендіше нашар мінезден қалай арыламыз?
 Сабаққа қорытынды сөзді Абай атамызға беру.Қалай ойлайсың ,Абай ата бізге не дер еді?
Қандай нақыл сөздер айтар еді?
 
«Алты ойшыл қалпақ»әдісі
Бағалау парағы
Өзін өзі тану  (4-сынып)
Тақырыбы. Қызғаныштың кесірі
Оқушының аты – жөні:
1-тапсырма: 
Маржан достарымен неліктен  дұрыс ойнай алмады?
 
2-тапсырма:
 Кестені толтыр.
Өзімшіл бала қандай болады? Көпшіл бала қандай болады?
 
3-тапсырма.
 Алты ойлау қалпағы  әдісімен жұмыс жасаймыз.
 Ақ қалпақ тобы. Мәтіннен түсінгендеріңді айтыңдар.
Мәтіннің ішінен қажеттісіне назар аудар.
Сары қалпақ тобы.Маржанның жағымды жақтарын,жақсылықтарын айтасыңдар.
Қара қалпақ тобы.Маржанның жағымсыз жақтарын айтасыңдар.
 Қызыл қалпақ тобы.Қыздар моншақты  Назгүл алсын деп шешті ,бірақ Маржан шешімді өзгертті осы шешімге қөзқарасың қандай?
Жасыл қалпақ тобы .Қызғаншақтық жақсы қасиет па?
Көк қалпақ тобы.Барлық қалпақтар тобының жұмысын бақылап, бағалап өз ойыңды ортаға сал.
Топтық жұмысты бағалау
Критерийлер Баға
1 Топтық ережені сақтауы
2 Топтық талқылауға қатысуы
3 Оз ойы мен ұсынысының болуы
4-тапсырма:
 Мәтіннен мен не түйдім, нені өзіме  қабылдауға болады,ал нені қабылдауға болмайды?
Қабылдаймын Қабылдамаймын
Мысалы:
1. Ойыңда не сақталып қалды?
2. Автор оқырманды қалай қызықтырды?
3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сен қалай бағалайсың?
 
Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушылар:
- Өз ойын ашық қысылмай жеткізе алады.
-Өз ойын дәлелдеуге тырысады.
-Өзіне деген сенімділігі артады.
-Оқуға деген қызығушылығы артады .
- Ой шапшаңдығы,сөз байлығы молаяды.
- Қиялы дамиды.
- Өз әрекетінің дұрыстығын түсініп,қорғай алады.
Қорыта келе, сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді.Ізденушілігін арттырып өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып,белсенділігі күшейеді.Егерде жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек,өз нәтижесін береді.
Жоспар
1. Кіріспе бөлім:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жан-жақты дамыту.
2.Негізгі бөлім:
1 « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»бағдарламасының  стратегияларын ұтымды пайдалану.
2.Оқушыны шығармашылыққа баулуда жаңа технология элементерінің тиімді жақтары.
3.Қорытынды

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сын тұрғысынан ойлау. Oқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын география сабақтарында қолдану
Зат есім
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 20067 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык