Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәртіпке бас иген құл болмайды, Тәртіпсіз ер болмайды


Тәртіпке бас иген құл болмайды, Тәртіпсіз ер болмайды

Тақырыбы: Тәртіпке бас иген құл болмайды, Тәртіпсіз ер болмайды.

Жүргізушінің сөзі:
Тәртіпсіз ел болмайды атты әскери-патриоттық ән кешіне қош келдіңіздер! Патриотизм-ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес. Біздің бабаларымыз Отанын сүйіп, қасық қаны қалғанша елін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақа тыныштық сыйлады.
Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандары: Гим, Ту, Елтаңба сондықтан ән кешімізде Ән ұраны орындалады «Менің Қазақстаным».
 
Жүргізушінің сөзі:
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында: «Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілі, биіктілік ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын. Яғни Қазақ елінің болашағын ойлайтын, жүрегімен қаны Қазақ деп соғатын, бір бойынан Елбасы айтып өткендей барлық  қасиеттер табылатын Қазақтың көк байрағын көкке көтеретін Қазақтың намысты жастарын тәрбиелеу.     
 
Ән: «Қазақ жастары»_________________________________ 
 
Жүргізушінің сөзі: 
 
Жер күңіреніп, су тасып қара бұлт көшкенде 
Ел күйзеліп, ел қажып қара түн басқа түскенде.
Ата тегі жер үшін, туысқан туған ел үшін,
Ел ерлері майданда белуардан қан кешкенде.
 
 
Ән: «Қазақ елі»_______________________________________
 
Жүргізушінің сөзі:  
 
Қазағым қақтықпа, қамалма!
            Ел болар қамыңды амалдар!
            Кетті түн таң атты шықты күн
            Сал малды, сал  жанды, аянба!
 
           Ән: «Туған өлкем Қазақстан»_____________________________
 
          Жүргізушінің сөзі:
Сен адамсың! Сен азаматсың! Сенде ұят, опасыздық сезімі бар, сенде жеке бастың асыл абыройы, өз отбасыңның абыройы, өз ұлтыңа деген мақтаныш-парыз сезімі бар. Басқа жұрт бұлар Отан деген сөзді жүрегімен емес, тілінің ұшымен айтады демес үшін өз басыңа, үй ішіңе, туған халқыңның атына кір келтіріп қорлық таңбасын түсіре көрме.
 
Ән: «Тәуелсіз ел»______________________________________________
 
Жүргізушінің сөзі: 
 
Оян!-дедің халқыңа,-
Бас көтеріп, тірлік қыл!
Ақыл айттың ұлтыңа:
«Таста талас, бірлік қыл!»
 
 
Ән: «Бірлігіміз жарасқан»_______________________________________
 
Жүргізушінің сөзі: 
 
 Жарық жолға бастаушыға ереміз бе,
 Ақ жүректі шын ерлерге сенеміз бе?
Таза қанда күйсіз жанды Қазақ жұрты
Өз алдына ел болғанын көреміз бе?-деп ақынымыз Ғұмар Қараштың өзі де  Қазақ елінің жарқын болашағын аңсаған. 
 
Ән: «Қазақ елі»_______________________________________________
 
Жүргізушінің сөзі:
 
Ұлттың мақтаныш сезімі әрбәр ұлт адамдары үшін бұзылмас заң.
Кімде кім өз ұлтын сыйламаса және оны мақөтан тұтпаса, ол сөзсіз барып тұрған аразма, отансыз қаңғыбас. Белгілі бір ұлттың ьолық азаматы болып әрі өз ұлтыңды мақтан ете отырып, сен басқа халықа да лайықты қарай аласың.
 
Ән: «Капитан»_____________________________________________________
 
Жүргізушінің сөзі:
 
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл далаға жылап келіп қуанған 
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
 
Ән: «Қазақстан»_____________________________________________________
 
Жүргізушінің сөзі:
 
Алаш туы астында, 
Біз-Алаштың баласы
Күніміз туып, көгерді
Сарыарқаның даласы
Ән:  «Көк тудың желбірегені»____________________________________________
Құрметті көрермендер, оқушылар бүгінгі «Әскери патриоттық ән кешімізді» жабық деп жариялаймыз:

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?
Мен елімді әнге қосып мақтан етем!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Тәуелсіздігім-мерейім!
азаматтық парыз, борыш
« Елі сүйген ер »
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 10010 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык